в актогае -7
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
Мобильная версия

Құрамы

Сарытерек ауылдық округінің әкімі/Е-R-1/

Рысбеков Койшыбек Жакыпбекулы1956 жылы 19сәуірінде Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылында дүниеге келген.  1993 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын ғалым агрономмамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 26.06.1973-06.11.1973ж.ж.Ақтоғай совхозында жұмыскер болып бастаған.06.11.1973-01.07.1974ж.ж.Ақтоғай совхозы, Комсомол жастар шопандар бригадасында «Жалын» шопан,05.07.1974-08.05.1976ж.ж.Кеңестер Армиясы қатарында,08.05.1976-06.07.1976ж.ж.Ақтоғай совхозында жұмыскер,23.08.1976-30.08.1978ж.ж.Талғар ауылшаруашылығы техникумының студенті,28.10.1978-01.07.1979ж.ж. Ақтоғай совхозы, спорт методисі,

02.07.1979-10.11.1979ж.ж. Сарытерек селолық кеңесі клуб ұйымының директоры, 10.11.1979-27.10.1980ж.ж.Каратал совхозы, спорт методисті,28.10.1980-22.02.1984ж.ж.
Ақтоғай совхозы комсомол комитетінің хатшысы,11.03.1984-01.07.1987ж.ж.Қызыларай совхозының бас агрономы,01.07.1987-14.06.1991ж.ж.Ақтоғай совхозы кәсіподақ комитетінің төрағасы,14.06.1991-30.05.1993ж.ж.Ақши селолық кеңесінің төрағасы,
04.06.1993-01.04.1995ж.ж.Тоқырауан совхозы бас агрономы,01.04.1995-31.03.1998ж.ж.«Сарытерек» шаруа қожалығының мүшесі, 31.03.1998-01.02.2007ж.ж.Ақтоғай орман шаруашылығы орманшысы,02.02.2007-15.02.2008ж.ж.Сарытерек селолық округі әкімі аппаратының маманы міндетін атқарушысы, 15.02.2008-09.08.2013ж.ж.Сарытерек селолық округі әкімі аппаратының бас маманы,09.08.2013-25.11.2013ж.ж.Шабанбай би ауылдық округі әкімі міндетін атқарушысы, 25.11.2013-04.05.2018ж.ж.Шабанбай би ауылдық округі әкімі. 2018 жылдың 04 мамырынан бастап Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округінің әкімі болып қызмет жасап келеді.

 

 

Сарытерекауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Казыбекова Меруерт Маратовна
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, рәсімдеу. Жоғары органдардан түскен нормативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтерді дайындау. Аудан әкімдігінен, аудандық мекемелер мен ұйымдардан келіп түскен өкім, шешім, хаттар, нұсқаулардың мерзімінде орындалуын қадағалап, тиісті жауабын беруді бақылау. Ауылдық округ әкімінің өкім, шешімдерін шығару, шығарған өкім, шешімдерінің орындалысын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру. Ауылдық округтегі тазалық, көркейту және сәулеттендіружұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру. Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді джайындап беру. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру. Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

Сарытерекауылдық округінің әкімі аппаратының Бас маманы /Е-G-3/

Насифова Алмара Арыстанбековна
Бас маманның міндеттері:
Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс.
Ауылдық округ әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшарушылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу).
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру.
Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасау. Ауылдық округтің ауылшаруашылығы саласы бойынша дамуына талдау жасап, ұсыныстар беру.
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға байланысты бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру.

 

 

Сарытерек ауылдық округінің әкімі аппаратының Бас маманы /Е-G-3/

Жаксыбеков Кайрат Сагатович
Бас маманның міндеттері:
Жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру.
Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру.
Ауылдық округтегі тазалық, көркейту және сәулеттендіружұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру.
Коммуналық тұрғын үй қорының сақталуын, автокөлік жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Өзіне қарасты салалар бойынша статистикалық есептілікті жүргізу, талдамалық қорытындылар жасау. Жоғарыда тұрған тиісті мекемелерге есептер беру.
Заңнамамен белгіленген бюджеттік қаржылар мен түсімдердің экономикалық есебін жүргізу, жұмысшылармен еңбек шарттарын дайындау.

 

Сарытерек ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/

Игибеков Нуртилек Ерменбетович
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.
Іс номенклатуралары бойынша іс жүргізу жұмысын жүргізу, мұрағатқа тапсыруға әзірлеу, тапсыру.
Қолданыстағы заңдардағы өзгертулермен толықтыруларды ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін жеткізу.
Ауылдық округ әкімі аппаратының жедел кеңесін, жиналыстарын әзірлеу және хаттаманы жүргізу.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жұмысты жүргізу, мерзімді баспасөз беттеріне мақалалар жіберу.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын жүргізу және заң талаптарына сай болуын қадағалап отыру.
Мемлекеттік тілдің іс жүргізу барысында дұрыс қолданысын қадағалап отыру, мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу.
Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді дайындап беру. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп беру жұмыстарын жүргізу.
Ауыл тұрғындарының арасында ветеринария мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу
Жоғарыда тұрған тиісті мекемелерге есептер беру; жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың қарауына жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района