в актогае 33
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
Мобильная версия

Құрамы

Ортадересін ауылдық округінің әкімі/Е-R-1/

Кошербаев Болат Рыскельдинович     1968 жылы 11 ақпанда Алматы облысы Андрев ауданы М.Горький совхозы, Көктерек ауылында дүниеге келген.1995 ж. – Алматы жоғарғы әскери училищесін бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Талдықорған облысы Бөрлі-төбе ауданы Лепсі станциясындағы (АТП-да)  автотранспорттық бірлестікте  слесарь болып бастаған. 1986-1988Кеңес әскері қатарында. 1988-1991келісім-шарт бойынша  әскери  қызметте.1991-1995ж.ж. аралығында №61993 әскери бөлімінде взвод, рота  командирі,1995-2000ж.ж. №61993 әскери бөлімде материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі, 2000-2004 ж.ж. №89553 әскери бөлімнің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде бөлім командирінің көмекшісі, 2004-2005ж.ж. №40275 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде басқарма басшысының көмекшісі, 2005-2006ж.ж. №26441 әскери бөлімінің құбыр желісін сақтау қойманың бастығы, 2006-2008ж.ж. №26441 әскери бөлімінің қару-жарақ және техникалық бөлім жөніндегі бастығының орынбасары, 2008-2010ж.ж. №26441 әскери бөлімінің командирінің орынбасары, 2010-2011ж.ж.№12881 әскери бөлімінің бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, 2011-2013ж.ж. №36376 әскери бөлімінің бригада командирінің орынбасары-тылмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 2013-2015ж.ж. №36376 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде командирдің орынбасары,2017-2018ж.ж.Қарағанды облысы Балқаш қаласы №31765 әскери бөлімінде жанар-жағармай материалдары қызметінің бастығы. 2018 жылдың 04мамырынан бастап Ақтоғай ауданы Ортадересін ауылдық округінің әкімі болып қызмет жасап келеді.

 

Ортадересін ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/ Тілеухорұлы  Думан
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру.
Ауылдық округтегі тазалық, көркейту және сәулеттендіру жұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру.
Аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөніндегі аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, жүкті және жолаушыларды тасымалдау ережесін орындау мониторингісін жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу.
Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді дайындап беру. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

 

Ортадересін ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/

Амирханова Назым Болегеновна
Бас маманның міндеттері:
Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау.  Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс.
Ауылдық округ  әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу)
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамсыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру.
Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.        

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района