в актогае 27
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылдық округінің әкімі
Төлепбекова Шекер Мәдениятқызы
Негізгі орта білім - Қызыларай жалпы орта білім беретін мектебі. Жалпы орта білім - Қарағанды банк колледжі лицейі. 2000-2002 жж. Қарағанды қаржы институтының Банк колледжін «Құқық және халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша оқыған, біліктілігі - заңгер . 2002-2005 жж. Қарағанды қаржы институтын «Қаржы және қаржы құқығы» мамандығы бойынша оқыған, біліктілігі – қаржыгер.
Еңбек жолы:  2002-2005 жж. Қарағанды қаржы институтында лаборант. 2007-2009 жж. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай жалпы орта білім беретін мектебі есепшісі. 2009-2013 жж. «Қызыларай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман-бас есепші. 2013-2015 жж. «Қызыларай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман. 01.10.2015 жылдан бастан Қызыларай ауылдық округінің әкімі.

 

Қызыларай ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Спанов Серикбол Армияулы
Бас маманның міндеттері:

Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру.
Ауылдық округтегі тазалық, көркейту және сәулеттендіру жұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру.
Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді дайындап беру. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру.
Ауылдық округ  әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу)
Жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауды ұйымдастыру.
Нормативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района