в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округінің әкімі

Мукатай Даркан Серикулы 1973 жылы 04 қарашада Ақтоғай ауданы Қусақ селосында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Дене тәрбиесі» біліктілігі бойынша бітірген. 08.1994- 04.1997 жж. Шұбартау орта мектебінің мұғалімі, 05.1997-10.1999 жж. Қусақ селолық округі әкімі аппаратының хатшысы, 10.1999-06.2010 жж. Қусақ селолық округі әкімі аппаратының бас маманы, 06.2010-12.2010 жж. Қусақ селолық округінің әкімі, 12.2010-03.2013 жж. Қусақ селолық округі әкімі аппаратының бас маманы, 03.2013-08.2013 жж. Қусақ селолық округінің әкімі. 08.08.2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ақтоғай ауданы, Қусақ ауылдық округінің әкімі.

 

Қусақ ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Кажыкарымов Кажымкан Серикулы
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, рәсімдеу. Жоғарғы органдардан түскен номативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау. Ауылдық әкім аппаратының жұмысына жалпы басшылық жасау, еңбек тәртібін қадағалау.
Өз уәкілеттігі  шегінде АХАТ, Нотариалдық іс-әрекеттер, әскери –есеп столы жұмыстары  жүргізу.  Ауылдық округ  әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу)
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамсыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру. Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасау. Ауылдық округтің ауылшаруашылығы саласы бойынша дамуына талдау жасап, ұсыныстар беру.Ауылдық аумақтық даму мониторингсін жасау. Жалпы жиындарды, Ауылдық әкім аппаратының отырыстарын өткізуді ұйымдастыру, хаттама жүргізу.Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру. Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.   

 

Қусақ ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Рахимжанова Назгул Жаксылыккызы
Бас маманның міндеттері:
Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау. Өкім, шешімдерді рәсімдеу. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс.
Аудан әкімдігінен, аудандық мекемелер мен ұйымдардан келіп түскен өкім, шешім, хаттар,  нұсқаулардың мерзімінде орындалуын қадағалап, тиісті жауабын беруді бақылау, Ауылдық округ  әкімінің өкім, шешімдерін шығару, шығарған өкім, шешімдердің орындалысын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Ауылдық окруігтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.
Әкім аппаратындағы тіл мәселесіне жауапты болу. Ішкі саясат саласын үйлестіру. Мәдени және тарихи мұраларды қорғауды ұйымдастыру. Құқықтық оқып-үйрену, саяси ақпарат күнін өткізу. Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

 

Қусақ ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Мырзамбеков Сәрсенхан
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Іс номенклатуралары бойынша іс жүргізу жұмысын жүргізу, мұрағатқа тапсыруға әзірлеу, тапсыру.
Қолданыстағы заңдардағы өзгертулермен толықтыруларды ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін жеткізу.
Ауылдық округ әкімі аппаратының жедел кеңесін, жиналыстарын әзірлеу және хаттаманы жүргізу.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жұмысты жүргізу, мерзімді баспасөз беттеріне мақалалар жіберу.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын жүргізу және заң талаптарына сай болуын қадағалап отыру.
Мемлекеттік тілдің іс жүргізу барысында дұрыс қолданысын қадағалап отыру, мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп беру жұмыстарын жүргізу.
Өзіне қарасты салалар бойынша статистикалық есептілікті жүргізу, талдамалық қорытындылар жасау. Жоғарыда тұрған тиісті мекемелерге есептер беру.
Ауыл тұрғындарының  арасында ветеринария мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района