в актогае 9
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

Құрамы

Кежек ауылдық округінің әкімі Мәкенбаев Мейірбек Әзімханұлы

       Мәкенбаев Мейірбек Әзімханұлы 1970 жылы 21 маусымда Ақтоғай ауданы Айыртас совхозында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі жоғары.
       1987 жылы Шұбартау орта мектебінің 10 – сыныбын аяқтаған.       1987 жылы оқуды аяқтағаннан кейін Шұбартау совхозында еңбекке араласқан.
       1988-1990 жж Кеңес әскері қатарында Отан алдындағы борышын өтеген.Әскер қатарынан келген соң совхозда еңбек жасаған.
       1991-1994 жж Балқаш кен металлургия техникумының «Экономика және Халық шаруашылығын жоспарлау» бөлімінде оқып, экономист-техник мамандығын алып шыққан.
       1995 жылы Шұбартау совхозы тарап, орнында құрылған «Береке» шаруа қожалығында жұмыскер, одан кейін есепші болып 2003 жылдың наурыз айына дейін жұмыс жасаған.
       2003  жылдың наурыз айынан бастап – 2007 жылдың тамыз айына дейін      Қусақ селолық округінің жетекші-статистика маманы, 2007-2010 жылдың қараша айына дейін Шашубай кентінде жетекші-статистика маманы қызмет жасаған. 2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» бөліміне түсіп, 2006 жылы экономист мамандығы бойынша білім алған. 2011 жылдың 1-ақпанынан бастап – 2013 жылдың тамызына дейін Ақтоғай аудандық зейнетақы төлеу бөлімшесінің Шашубай учаскесінің маманы болып еңбек жасаған. 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап Шашубай кенті әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет жасаған. Кежек ауылдық округінің әкімі.

Кежек ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Турсынбекова Шолпан Оразбековна
Бас маманның міндеттері:
Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау. Өкім, шешімдерді рәсімдеу. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс.
Ауылдық округ  әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу)
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамсыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру.
Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.         

Кежек ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы /Е-G-4/
Есенгелді Таңгүл Есенгелдіқызы
Жетекші маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, рәсімдеу. Жоғарғы органдардан түскен номативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау.
Аудан әкімдігінен, аудандық мекемелер мен ұйымдардан келіп түскен өкім, шешім, хаттар,  нұсқаулардың мерзімінде орындалуын қадағалап, тиісті жауабын беруді бақылау, Ауылдық округ  әкімінің өкім, шешімдерін шығару, шығарған өкім, шешімдердің орындалысын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасау. Ауылдық округтің ауылшаруашылығы саласы бойынша дамуына талдау жасап, ұсыныстар беру.
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға байланысты бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауды ұйымдастыру.
Ауылдық окруігтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

Кежек ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы /Е-G-4/
Тусупов Куаныш Амангельдиулы
Жетекші маманның міндеттері:
Ауылдық округтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Іс номенклатуралары бойынша іс жүргізу жұмысын жүргізу, мұрағатқа тапсыруға әзірлеу, тапсыру.
Қолданыстағы заңдардағы өзгертулермен толықтыруларды ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін жеткізу.
Ауылдық округ әкімі аппаратының жедел кеңесін, жиналыстарын әзірлеу және хаттаманы жүргізу.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жұмысты жүргізу, мерзімді баспасөз беттеріне мақалалар жіберу.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын жүргізу және заң талаптарына сай болуын қадағалап отыру.
Мемлекеттік тілдің іс жүргізу барысында дұрыс қолданысын қадағалап отыру, мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп беру жұмыстарын жүргізу.
Өзіне қарасты салалар бойынша статистикалық есептілікті жүргізу, талдамалық қорытындылар жасау. Жоғарыда тұрған тиісті мекемелерге есептер беру.
Ауыл тұрғындарының  арасында ветеринария мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу
Тұрғындар арасында құқықтық оқуды ұйымдастыру.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района