в актогае 27
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданы Қараменде би ауылдық округінің әкімі
Жанысбеков Кайырбек Елубайулы
     
1961 жылдың 27 желтоқсанында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сәуле селосында туған. 1992 жылы - Целиноград ауылшаруашылық институтын «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы, «Инженер-механик» біліктілігі бойынша бітірген. 18.02.1980-01.05.1980жж. - Ақтоғай аудандық ауылшаруашылығы техникасы кәсіпорнында жүргізуші, 17.05.1980-22.06.1982жж. - Кеңес әскерінің қатарында, 18.09.1982-21.12.1987жж. - Ақтоғай аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінде жүргізуші, 01.09.1986-22.01.1992жж. - Целиноград ауылшаруашылығы институтының студенті, 21.12.1987-27.06.1988жж. - Ақтоғай аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінде аға механик, 27.06.1988-07.01.1991жж. - Ақтоғай аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінде жетекші инженер, 07.01.1991-03.06.1991жж. - Ақтоғай аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінде жетекші инженер, 03.06.1991-15.03.1993жж. - Ақтоғай аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінде бас инженер-механик, 16.03.1993-18.03.1995жж. - «Еңбек» ұжымдық кәсіпорнында бас инженер-механик, 18.03.1995-03.01.2007жж. - Ақтоғай ауданы «Айдарлы» шаруа қожалығының жетекшісі, 03.01.2007 жылдан бастап осы уақытта - Ақтоғай ауданы Қараменде би селолық округінің әкімі.

 

Қараменде би ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы
/Е-G-3/Бейсенбеков Мирас Сабырович
Бас маманның міндеттері:
Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау, мұрағатқа тапсыруға әзірлеу, тапсыру. Өкім, шешімдерді рәсімдеу. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс.
Ауылдық округ әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу)
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамсыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру.
Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
Коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, автокөлік жолдарының салуынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуінжәне күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасау. Ауылдық округтің ауылшаруашылығы саласы бойынша дамуына талдау жасап, ұсыныстар беру.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жұмысты жүргізу, мерзімді баспасөз беттеріне мақалалар жіберу.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын жүргізу және заң талаптарына сай болуын қадағалап отыру.
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға байланысты бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiжинауды ұйымдастыру.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.

 

Қараменде би ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы
/Е-G-3/Жакыпбеков Канат Есентайулы
Бас маманның міндеттері:
Жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді уақытында төлеп отыруын қамтамасыз ету. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру.
Ауылдық округтегі санитарлық тазалық, көркейту және сәулеттендіру жұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру.
Қолданыстағы заңдардағы өзгертулермен толықтыруларды ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін жеткізу.
Ауылдық округ әкімі аппаратының жедел кеңесін, жиналыстарын әзірлеу және хаттаманы жүргізу.
Өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру
Өзіне қарасты салалар бойынша статистикалық есептілікті жүргізу, талдамалық қорытындылар жасау. Жоғарыда тұрған тиісті мекемелерге есептер беру.
Тұрғындар арасында құқықтық оқуды ұйымдастыру.
Ауыл әкімінің құқықтық актілерінің заңдылығын қадағалау.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района