в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Ереже

«Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

           1. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі «бұдан әрі – «Аппарат») ауыл әкімі және ауыл әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

            2. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

          3. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

            5. «Қарабұлақ  ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

            6. «Қарабұлақ  ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен «Қусақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

            8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 100210, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Нарманбет  ауылы,Абай көшесі, № 1 А,ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - мемлекеттік тілде: «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

Орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима   Карабулакского сельского округа»

10. Осы Ереже «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесінің  қызметін каржыландыру  республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

12. «Қарабұлақ  ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер, «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «ауылдық округі әкімінің») миссиясы (қызметі) бұл – ауылдық округі әкімінің, әкімшілікті сараптама ақпаратпен қолдау, заңнама ұйымдастыру қамтамасыз ету, мемлекеттік электронды қызметпен және дамуына оңтайлы жағдай жасау.

Тиісті аумақта Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің нормативтік  актілерін, облыс және аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын, мемлекеттік басқару қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

 

14. Міндеттері:

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Заңында белгіленген негізгі міндеттерінен туындайтын нақты міндеттерді, біліктілік талаптар негізінде айқындалады және қызметтік нұсқаулықтарда көрсетіледі. Қызметтік нұсқаулықтарды мемлекеттік органның басшысы бекітеді, ал осы өкілеттіліктерді жауапты хатшыға, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына беруге құқылы.

 

15. Функциялары:

Орталық аппараттың функциялары: Аппараттың қызмет іс-әрекеті «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабында көрсетілген барлық өкілеттіктерді пайдалану және оны жүзеге асыру болып табылады. Дәлірек:

·        тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

·        облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;

·        азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

·        салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

·        әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, Ақтоғай аудандық мәслихаттың бекiтуi үшiн Ақтоғай ауданының әкімдігінің қарауына енгiзедi;

·        стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан  бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

·        азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

·        Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

·        Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

·        Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

·        Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

·        Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

·        Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

·        Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

·        өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

·        ауылдың, мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ  ауылда, автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

·        шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

·        өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

·        әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады.

·        тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдасты-рады;

·        табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

·        қылмыстық –атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

·        жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

·        қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

·        шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

·        жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

·        шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

·        жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

·        республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекеме-лерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

·        өз құзыретi шегiнде селоны сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

·        ауылды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

·        туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыс-тарды ұйымдастырады;

·        кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

 

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының негізінде келесі іс-шараларды үйлестіреді. Нақтырақ:

·        Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

·        Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

·        Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың  бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының  ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

·        Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімін шығару;

·        Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;

·        Аудандық (облыс маңызындағы қалалар) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) ұсыныстарды енгізу: агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын қалыптастыру бойынша; ауыл шаруашылық малды ұстау және мал жайылу ережелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

·        Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроөнім саясатының және ауылдық аумақтарды дамытуының негізгі бағыттары мен механизмдерін түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу;

·        ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы малына бірдейлендіру жүргізуге қатысады;

·        Малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы өнімі мен шикізатын  дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдардың, ал көмінділерінің, пестицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс істеуіне жәрдемдесу;

·        Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдеріне) беру;

·        Ауылшаруашылығы санағын жүргізуге қатысу;

·        Микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшін табысы төмен адамдарды анықтау;

·        Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;

·        Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы № 442 Жер кодексінің  13 және 16 баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру;

·        Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы № 442 Жер кодексінің  69 бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;

·        Жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелері жөнінде аудандық (қалалық) әкімдікке ұсыныстар енгізу кіреді;

·        Ауылдық округі әкімінің құзіреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;

·        Ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;

·        Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

·        Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

·        Тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

·        Мекемелер және ұйымдармен, сондай-ақ жекелеген адамдармен шарттар жасау, заңмен қарастырылған құжаттарға және банк құжаттарына қол қою;

·        Селоның тұрғындарына қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар, кооперативтер ұйымдастыруға ықпал етіп, қолдау көрсетуге байланысты құжаттарды жоғары орындарға ұсынылуын жүзеге асыру;

·        Село тұрғындарынан салықтың барлық түрлері, сақтандыру және өзге төлемдердің уақытылы түсіп отыруына ықпал етіп, бақылау жасау;

·        Селодағы мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, көп балалы отбасыларының, жалғызілікті аналар мен қариялардың, жұмыс істемейтін, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың материалдық және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың мектепке тартылмай, қараусыз қалуын болдырмау жөнінде тиісті органдарға ұсыныс жасау жүктеледі, ұйымдастырады;

·        Басқаруға берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;

·        Бюджеттен қаржыландырылатын берілген коммуналдық кәсіпорындардың қызметінің бағыттарын және міндетті жұмыстардың  (қызметтердің) көлемін белгілеу;

·        Берілген коммуналдық мүлікті сақтауын қамтамасыз ету;

·        Берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың басқару;

·        Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға басқаруға берілген жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін жылдық қаржыландыру есебін келісімдеу;

·        Берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларын басқару;

·        Коммуналдық қазынашылық кәсіпорындарына басқаруға берілген тұлғалардың өндірілген және сатылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны белгілеу;

·        Жергілікті бюджеттен аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне берілген тұлғалардың дербес қаржыландыру жоспарларын бекіту;

·        Кіріс көздерін қалыптастыру;

·        Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыруға әкімдермен жолданған ақшаны қабылдау үшін арналған жергілікті өзін-өзі басқарудың қол ақшаның бақылау шотын бюджетті орындау жөніндегі орталық өкілетті органдарда ашуын қамтамасыз ету;

·        Заңнамамен белгіленген бюджеттің қаржыларды және (немесе) түсімдерді  үнемдеу (экономдау) есебінен жұмысшыларды еңбек шарты бойынша қабылдау;

·        Жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті қоғам жиналысымен келісілген түсімдер жоспарын және ақшаны шығындауды бекіту;

     ·  Мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)   

          сатылымнан, олардың қарауында қалдығынан бюджеттік заңнамаға  

          сәйкес жиынтық түсімдер жоспарын және ақшаны шығындауын құру

          және бекіту;

 

 16. Құқықтары мен міндеттері:

 

1) Республиканың азаматтарына  Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2)  Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындалуын талап етуге;

3)  белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

4)    лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

5)    басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

6)   жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;

7)  өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және заңында белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандыруына және еңбегіне ақы төленуіне;

8) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;

9)  өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;

10)  біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға;

11)   қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

12)   еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

13)   әлеуметтік және құқықтық қорғалуына;

14)   мемлекеттік қызметтен өз өалауы бойынша босауға;

15)   зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

16)  жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттері:

1. Мемлекеттік қызметшілер:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да заңдарын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдауға;

3)   азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіппен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

4)  өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;

5)  мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға;

6)  өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;

7)  заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;

8)  басшының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

9)  мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де, заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;

10)  қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың  жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

11) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

12) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;

13)  қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

            17. «Қарабұлақ  ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі - Қарабұлақ ауылдық әкімі тағайындаған оның бас мамандарынан тұрады, ол:

·        Ауыл  әкімінің аудан әкімімен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен, баспасөзбен, халықпен үнемі байланысып отыруын қамтамасыз етеді;

·        Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын бақылап отыру жұмысын үйлестіреді;

·        Лауазымдық міндетін өз деңгейінде орындамаған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жауапкершілікке тарту жөніндегі шараны қолданады.

·        Ауылдың  әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларын сақтау жұмыстарын ұйымдастырады және оның әрі қарай жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады.

         18.  Аппараттың бас мамандары өз жұмысын осы Ережеге сәйкес

                атқарады. Олардың құқығы мен міндеттеріне мыналар:

·        Ауыл  әкімінің өткізетін шараларына қатысу;

·        Ауыл  орталығы аумағында орналасқан мекемелердің басшыларынан Қазақстан Республикасының заңдары мен Президент Жарлықтарының, Үкіметтің қаулылары және шешімдерінің орындалысы, сонымен қатар, азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау жөніндегі керекті ақпараттар мен ұсыныстарды сұрау;

·        Аппарат қызметінде туындаған мәселелерді шешуге мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

·        Құжаттардың толық және өз мәнінде орындалуын орындаушылардан талап ету;

·        Басқа мемлекеттік органдардың, басқарушылардың, қоғамдық ұйымдардың қарауына жататын материалдарды қайтарып беру;

·        Облыс және аудан әкімдерінің, олардың орынбасарлары берген тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру жатады.

·        Аппараттың мамандары өз жұмыстарын тоқсандық жоспарлар бойынша жүргізеді. Олар, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше атқаруға және тәртіпті сақтауға міндетті.

·        Ауыл  әкімі мекемедегі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік техникасының сақталуына жауапты болады және мекеменің ішкі тәртібі туралы ережені бекітеді, сондай-ақ:

- жеке және заңды тұлғалармен келісім шартқа отырады;

- мекеме мүлкін өзінің құзыреті шегінде басқарады;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес аппаратқа қызмет көрсетуші жұмыскерлер мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және одан босатады.

   Сонымен қатар:

        Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкіметтің нормативтік-құқықтық актілері талаптарының сақталуына және орындалуына жауапты болады.

     Ауыл әкімі ауыл  тұрғындары өкілдерінің жиыны алдында есеп береді, мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік атқарушы, бақылаушы органдары, шаруашылық субъектілері, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары сияқты заң органдары алдында мекеме мүддесі мен құқығын қорғауға, талап қоюға құқылы.

19. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға – аудан әкімінің немесе ауыл әкімінің өкімі негізінде орындайды.

20.« Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен бекітіледі.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

          21. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.  Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

         22. «Қарабұлақ  ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік /республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

         23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарабұлақ  ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

           5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

        24. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района