в актогае 23
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Құрамы

Жидебай ауылдық округінің әкімі Толепбеков Марат

Толепбеков Марат 1959 жылы 5 желтоқсанда Ақтоғай ауданы Калинин атындағы колхозда дүниеге келді. 1977-1979 жылдары Қонырат совхозында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1979-1983 жылдары Целиноградтағы ауыл шаруашылық институтының экономика факультетінде оқып, бітірді. 1983-1985 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1985-1986 жылдары Қоңырат совхозында бухгалтер . 1986-1993 жылдары Алматы қаласындағы «Алматыагропромстрой» тресінде экономист-бухгалтер, ревизор болып әр түрлі жұмыстар атқарған. 1994-2011 жылдары кәсіпкерлікпен айналысты. 2011 жылдан бүгінге дейін Жидебай ауылдық округінің  әкімі қызметін атқарады.

 

 

Жидебай ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы
/Е-G-3/Сагандыкова Салтанат Саметовна
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру.
Ауылдық округтегі тазалық, көркейту және сәулеттендіру жұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру.
Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді дайындап беру. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

 

Жидебай ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Уйсынбаева Гульназ Кайырбеккызы
Бас маманның міндеттері:
Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау. Өкім, шешімдерді рәсімдеу. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс.
Ауылдық округ  әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу)
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамсыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру.
Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.  

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района