в актогае 23
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданы Абай ауылдық округінің әкімі

Тойғанбаев Нұрахметолла Майлыбайұлы    
        1957 жылдың 8 наурызында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған. 1983 жылы - Целиноград ауылшаруашылық институтын «Ауылшаруашылығының экономикасы және ұйымдастыру» мамандығы, «Ауылшаруашылығының өндірісінің ұйымдастырушысы, экономист» біліктілігі бойынша бітірген. 01.07.1974-22.10.1975жж. - КПСС ХХІІ съезді атындағы совхоздың шопаны, 27.10.1975-11.11.1977жж. - Кеңес әскерінің қатарында, 14.01.1978-15.07.1978жж. - КПСС ХХІІ съезді атындағы совхоздың автокөлік жүргізушісі, 24.08.1978-28.09.1983жж. - Целиноград ауылшаруашылық институтының студенті, 29.09.1983-19.05.1984жж. - Айыртас совхозында экономист, 20.05.1984-20.02.1995жж. - Абай совхозында бас экономист, 23.02.1995-30.05.1996жж. - Нұр шаруа қожалығының жетекшісі, 30.05.1996-12.12.1996жж. - Тоқырауын ауданы Абай селолық округінің әкімі міндетін атқарушы, 12.12.1996-21.07.1997жж. - Тоқырауын ауданы Абай селолық округінің әкімі, 21.07.1997-12.05.1998жж. - Ақтоғай ауданы Абай селолық округінің әкімі, 15.05.1998-22.08.2010жж. - Нұр шаруа қожалығының төрағасы, 23.08.2010 жылдан бастап осы уақытта - Ақтоғай ауданы Абай ауылдық округінің әкімі.

Абай ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы /Е-G-4/
Сатыбалдина Асем Акжолтаевна
Жетекші маманның міндеттері:

Ауылдық округ әкімі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, рәсімдеу. Жоғарғы органдардан түскен номативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау.
Аудан әкімдігінен, аудандық мекемелер мен ұйымдардан келіп түскен өкім, шешім, хаттар,  нұсқаулардың мерзімінде орындалуын қадағалап, тиісті жауабын беруді бақылау, Ауылдық округ  әкімінің өкім, шешімдерін шығару, шығарған өкім, шешімдердің орындалысын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасау. Ауылдық округтің ауылшаруашылығы саласы бойынша дамуына талдау жасап, ұсыныстар беру.
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға байланысты бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауды ұйымдастыру.
Ауылдық окруігтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района