в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

Ереже

 

«Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кент әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты»мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен Шашубай кенті әкімімен ресімделетін шешімдер мен өкімдерді қабылдайды.
      7. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 100316, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай  кенті, Ж.Ақбергенұлы көшесі, 1/б.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

      13. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты»мемлекеттік мекеменің миссиясы: тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен байланысып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.
      14. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты»мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері: кент әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.
      15. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атқаратын міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, Конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, аудан, округ және кент әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады;
      3) кент әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырады;

     4) кенттің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар дайындайды;

      5) мемлекеттік органның жұмысына объективті талдау жасайды, ауыл әкімнің қатысумен шешімді қажет ететін маңызды мәселелерді анықтайды;
      6) заң және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті бекітуге көмектеседі;
      7) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды, оларды қабылдауды ұйымдастарады;
      8) мемлекеттік және орыс тілдерін дұрыс қолдануға бағытталған шараларды, іс жүргізу ережелерінің сақталуын, мемлекеттік орган жұмысының тәсілдері мен әдістерін жақсартуды жүзеге асырады.
      16. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқығы мен міндеттері:        
      1) Өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      2) мемлекеттік көліктерді, байланыс жүйелері мен коммуникацияларды пайдалану;
      3) мамандарды жұмысқа тарту, оның ішінде құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін шарт негізінде;
      4) мемлекеттік билік органдары қызметінің құрылымын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек шартының, олармен шығарылған актілердің талаптарын сақтау;
      6) қызметшілерді кәсіби дайындау және қайта дайындау және біліктіліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылық ету кент әкімімен жүзеге асырылады, ол кент әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапкершілікті атқарады.
      18. Ауыл әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы Ережесіне сәйкес лауазымға тағайындалады, өкілеттілігі тоқтатылады және лауазымынан босатылады.
      19. Кент әкімінің өкілеттігі:
      1) мемлекеттік орган мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      2) заңнамаға сәйкес кент аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;
      3) мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарда кент әкімі аппаратының мүддесіне өкілдік етеді;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған, шаралар қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 165300311 және 387-баптарында көзделген, ауыл аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы;
      6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
      21. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района