в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің әкімі

Исбеков Даниал Ауезулы 1959 жылдың 3 наурызында Ақтоғай ауданы Ақжарық селосында туған. 1983 жылы Алматы ауылшаруашылығы институтын «Зооинженер» біліктілігі бойынша бітірген. 07.1976-06.1978 жж. «Достық» совхозының ХХІІ партсъезд атындағы жас шопаншылар бригадасының мүшесі, 10.1983-01.1984 жж. № 3 бөлімшенің ХХІІ партсъезд атындағы зоотехнигі, 01.1984-11.1985 жж. Гүлшат совхозының бас зоотехнигі, 11.1985-07.1987 жж. Приозерск аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 07.1987-09.1989 жж. Жезқазған СХОС-нің бас зоотехнигі, 09.1989-01.1995 жж. Абай совхозының бас зоотехнигі, 05.1995-05- 1998 жж. «Бидайық» шаруақожалығының жетекшісі, 05.1998-01.2004 жж. Абай селолық округінің әкімі, 01.2004-08.2013 жж. Ақтоғай селосының әкімі. 08.08.2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің әкімі.

 

Шашубай кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Боран Ардақ Серікұлы
Бас маманның міндеттері:
Шаруашылық кітаптарын,әлеуметтік карталар бойынша аппаратта есептілік және есеп жүргізу.
Аппаратта кеңсе ісін жүргізуді қамтамасыз ету,құжаттарды қабылдап жөңелту,азаматтардың  өтініштерінің,хаттарының қаралуын ұйымдастыру,аудан әкімінің және оның орынбасарларының шешімдерінің,өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру,азаматтардың хал актілерін тіркеу.
Кент әкімі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындап,рәсімдеу.Жоғарғы органдардан түскен нормативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау,оларға жіберілетін ақпар,мәліметтер дайындау.
Кенттің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасау.
Жер қатынастарын реттеуді жезеге асыру.
Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.           
Табысы аз адамдарды анықтап,әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек,18 жасқа дейәінгі балалары бар отбасыларына жәрдемақысын,тұрғын-үй жәрдемақысын,бір жолғы материалдық көмек алу үшін,құжаттарын қабылдап,үәкілетті органға ұсынып отыру.
Қоғамдық жұмыстарды,жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Кент орталығындағы  жеке кәсіпкерлермен жұмыс ұйымдастыру. Жаңа орындар ашуды ұйымдастыру.
Алтын алқа,күміс алқа алуға өтініштерін білдірген аналардың құжаттарын жинақтап үәкілетті органдарға ұсынып отыру.

 

Шашубай кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Бұланбеков Нұрахмет Қиынбекұлы
Бас маманның міндеттері:
Кент әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру.
Электр энергиясы,су,жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру,коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу,оларға экономикалық талдау жасау.
Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.Кенттегі мекеме,ауылшаруашылығы және басқадай да кәсіпорындармен коммуналдық салаға байланысты өзара байланысты қамтамасыз ету.
Кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын,автомобиль жолдарының салынуын,қайта жаңартылуын,жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз ету.
Коммуналдық меншікке қайтарылған пәтерлерді Әділет Басқармасына тіркеуді ұйымдастыру.
Басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды  тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға / жалдауға/ беру.
Берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының міндетті көлемдерін айқындау.
Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
Кент пен аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу,оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру.
Кенттің абаттандыру,жарықтандыру,көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

 

Шашубай кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Метайкызы Бакыт
Бас маманның міндеттері:
Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясының,заңдарының,Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің,орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.
Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу.
Кент бойынша жеке тұлғалардың салық төлемдерін /жерге,мүлікке,көлікке/уақытында төленуіне ықпал жасау,тізімін жасақтап салық басқармасына есеп беріп отыру.
Әскери міндеттілік және әскери қызмет,азаматтық қорғаныс,сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Кент әкімі аппаратының  құқықтық оқуының құжаттарын дайындау және уақытында ұйымдастырып,өткізілуін қадағалау.
Шашубай кенті әкімі аппараты сенім білдірген сот үрдістеріне қатысу. Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу.
Жергілікті мекеме, жастар ұйымы,қоғамдық ұжымдармен, білім ошақтары,жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және ақпараттық интерактивтік байланысты қамтамасыз ету.

 

Шашубай кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Айнеков Максат Айгалиулы
Бас маманның міндеттері:
Кент әкімі өткізетін кеңес,жиналыс,кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Ардагерлер,әйелдер істері кеңестерімен жұмыс істеу.
Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп,мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру.
Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру.
Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру
Кент бойынша көрнекілік құралдармен жұмыс ұйымдастыру
Басылымдарға  жазылуды ұйымдастыру.
Кенттегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баспасөз беттеріне жариялау.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі үәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп,мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру.
Тарихы және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Оқу бітірген оқушыларды жоғарғы оқу орындарына түсуіне  ықпал жасап отыру. Мектеп оқушыларымен тығыз жұмыс жасау.
Заңды белгіленген мерекелерге іс-шаралар ұйымдастырып  өткізу.

Шашубай кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Серіков Данияр Базарбекұлы
Бас маманның міндеттері:
Табысы аз адамдарды анықтап,әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек,18 жасқа дейәінгі балалары бар отбасыларына жәрдемақысын,тұрғын-үй жәрдемақысын,бір жолғы материалдық көмек алу үшін,құжаттарын қабылдап,үәкілетті органға ұсынып отыру.
Заңнамамен белгіленген бюджеттік қаржылар мен түсімдердің экономикалық есебін жүргізу.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі үәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп,мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру.
Санитарлық тазалыққа байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, санитарлық тазалыққа үлес қосу.   
Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Кент орталығындағы  жеке кәсіпкерлермен жұмыс ұйымдастыру. Жаңа жұмыс орындарын ашуды ұйымдастыру.
Алтын алқа,күміс алқа алуға өтініштерін білдірген аналардың құжаттарын жинақтап үәкілетті органдарға ұсынып отыру.
Тұрғындар арасында құқықтық оқуды ұйымдастыру.
Ауылдағы мектептің жұмысын  қадағалау, білім беру сапасын бақылау. Балалардың мектепке тартылуына басшылық жасап , жүзеге асыру.
Кент әкімінің құқықтық актілерінің заңдылығын қадағадайды.

 

Шашубай кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Байғутанов Сагынтай Маратұлы
Бас маманның міндеттері:
Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.          
Шаруашылық кітаптарын,әлеуметтік карталар бойынша аппаратта есептілік және есеп жүргізу.
Кент әкімі аппаратының  құқықтық оқуының құжаттарын дайындау және уақытында ұйымдастырып, өткізілуін қадағалау.
Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.
Иесіз тұрған үйлердің меншік құқығын тоқтату және коммуналдық меншікке қайтару туралы сотқа  талап арыз дайындап, өткізу.
Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу.
Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнідегі іс-шараларды өткізуді және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді қадағалау.
Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
Кент әкімінің құқықтық актілерінің заңдылығын қадағалау.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района