в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданы Саршыған кентінің әкімі Е-R-1
Наурызбаев Расул Исаханович
1981 жылы 25қаңтарда Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған.  1998 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институтын «құқықтану, заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1998   жылы Приозерск  қаласы ҚР Ішкі істері бөлімінің тергеуші болып бастаған. 2007-2009 ж.ж. Алматы қаласы «DanAiReaty» ЖШС-де заңгер, 2009-2014 ж.ж. «Қазақ геофизикалық компаниясы» ЖШС-де заңгер болған. Степногорск қаласында 2015-2016 ж.ж. «ГМК Казахалтын» АҚ экономикалық кауіпсіздік жөніндегі маман болды.  Приозерск қ. 2016-2017 ж.ж. «Гранд құрылыс» ЖШС-де директордың орынбасары ретінде еңбек еткен. 2017 жылы Сарышаған кентінің әкімінің міндетін атқарушысы болды. 07.11.2017            Қазіргі ауқытқа дейін Сарышаған кентінің әкімі болып қызмет етуде.

 



Сарышаған кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Мұсаева Қымбат Тимурқызы 
Бас маманның міндеттері:
Кадрларға, жеке құрамға байланысты кент әкімінің өкімдерін рәсімдеу, орындалысын бақылау, лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу, келісуге ұсыну.
Қоғамдық ұйымдардың (ардагерлер кеңесі, аналар кеңесі) жұмыстарына басшылық, бақылау жасап ұйымдастыру. Үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру.
Азаматтардың хал актілеріне байланысты қызмет көрсету, нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізу, ай-сайын есеп беруді қамтамасыз ету.
Кент әкімінің құқықтық актілерінің заңдылығын қадағалау.
Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу. Әр шаруашылық кітабын жүргізу, статистикалық есептерді беру, азаматтарға анықтама беру. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізімін жүргізу, ұйымдастыру.
Әлеуметтік карталар бойынша аппаратта есептілік жүргізу. Қылмыстық-атқару инспекция пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға құқықтық көмек көрсету.
Кент әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

 



Сарышаған кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Тажеева Раушан Сериккуловна 
Бас маманның міндеттері:

Кент әкімі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, рәсімдеу. Жоғарғы органдардан түскен нормативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау.
Кенттің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасау. Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау. Өкім, шешімдерді рәсімдеу.
Атаулы әлеуметтік көмекке және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына байланысты жұмыстарды рәсімдеу. Жұмыспен қамту орталығына байланысты жұмыстарды атқару. Жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындардың жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау.
Кент әкімі аппаратында мемлекеттік тілдің одан әрі даму жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттіки емес тілде келген хаттарды мемлекеттік тілге тәжімелеуді ұйымдастыру. Кент әкімінің баяндамаларындағы аударма сөздердің дұрыстығын бақылау.
Кент әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

 


Сарышаған кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Кайранбекова Тлеухор Даулетовна 
Бас маманның міндеттері:
Кент әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Ішкі саясатқа байланысты жұмыстарды жүргізу. Жергілікті мекеме, кәсіпорындармен байланысты қамтамасыз ету. Баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастыру.
Көрнекілік құралдармен жұмыс ұйымдастыру. Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, мәдени құндылықтарға тарту және жастарды жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау. Жергілікті мекеме, жастар ұйымы (комиссия), қоғамдық ұжымдармен, жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және ақпараттық интерактивті байланысты қамтамасыз ету.
Кент бойынша жеке тұлғалардың салық төлемдерін уақытында төленуіне ықпал жасау. Ішкі саясатқа байланысты жұмыстарды жүргізу. Жергілікті мекеме, кәсіпорындармен байланысты қамтамасыз ету. Жастармен жұмыс жүргізу. Азаматтарға анықтама беру, шаруашылық кітабын жүргізу.
Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

 


Сарышаған кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Кулмағанбетова Гульмира Несипбековна 
Бас маманның міндеттері:

Кент әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру.
Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру. Кенттегі мекеме, ауылшаруашылығы және басқадай да кәсіпорындармен коммуналдық салаға байланысты өзара байланысты қамтамасыз ету.
Кенттегі тазалық, көркейту және сәулеттендіру жұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру. Құрылыстың дефектілік актісі мен сметалық құжаттарын дайындау. Жер қазу (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге ордерді беру жұмыстары. Жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру.
Иесіз ғимараттарды, пәтерлерді коммуналдық меншікке қайтаруы, Әділет басқармасына тіркеуді ұйымдастыру. Кенттегі көп қабатты үйлердің қысқа дайындығы және модернизациялауға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру.
Төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі қоғамдық қатынастар жұмыстарын ұйымдастыру.

 


Сарышаған кентінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Тоимбеков Ануар Сулейманович
Бас маманның міндеттері:

Салық мәселесіне қатысты  жер, мүлік, транспорт салықтары бойынша ауыл тұрғындарының тізімін жасақтап, заңды және жеке тұлғалардың салық төлемдерін, сақтандыру және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ауыл әкімдігінің бухгалтерлік кассасы арқылы жинайды және аудандық салық басқармасына төленген түбіртектері бойынша есеп беру.
Кент бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, құқықтық және экономикалық көмектер көрсету.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдастық жиынның ұйымдастырылуын, жергілікті қоғамдастық заңда айқындалған шекте және тәртіппен мәселелерді шешуге ықпал жасау, әр тоқсан сайын осы жұмыстардың орындалу барысы жөнінде халық алдында, аудандық мәслихат депутаттарына, аудан әкіміне есеп беруіне ат салысу.

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района