в актогае 24
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
Мобильная версия

Ереже

"Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты"

мемлекеттік мекемесі туралы   

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімі және ауыл әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

5."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының шешімдерімен, өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі 10Б үй.

9. мемлекеттік органның толық атауы - мемлекеттік тілде: "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Орыс тілінде: Государственное учреждение "Аппарат акима села Актогай".
10.Осы Ереже "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

12. "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер, "Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

          2.1."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы (қызметі) бұл - ауыл әкімінің, әкімшілікті сараптама ақпаратпен қолдау, заңнамаға сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

           Тиісті аумақта Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің нормативтік актілерін, облыс және аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын, мемлекеттік басқару қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

 

          2.2.Міндеттері:

          Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақсатан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Заңында белгіленген негізгі міндеттерінен туындайтын нақты міндеттерді, біліктілік талаптар негізінде айқындалады және қызметтік нұсқаулықтарда көрсетіледі.

          Қызметтік нұсқаулықтарды мемлекеттік органның басшысы бекітеді, ал осы өкілеттіліктерді жауапты хатшыға, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына беруге құқылы.

          2.3. Функциялары:

          Аппараттың қызмет іс-әрекеті "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабында көрсетілген барлық өкілеттіктерді пайдалану және оны жүзеге асыру болып табылады. Дәлірек:

1. Ауыл әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2.Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;

3. Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

4. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседі;

5. Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, Ақтоғай аудандық  мәслихаттың бекітуі үшін, Ақтоғай ауданының әкімдігінің қарауына енгізеді;

6. Стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып  табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар  мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

7. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінің, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерiнің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

8. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

9. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

10. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

11. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

12. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
13. Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

14. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
15. Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

16. Ауылдың, мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылда автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етедi;

17. Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

18. Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

19. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
20. Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

21. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

22. Жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

23. Қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

24. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

25. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

26. Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

27.Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

28. Республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

29. Өз құзыретi шегiнде ауылды сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

30. Ауылды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

31. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

32. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

33. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының негізінде Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті келесі іс-шараларды үйлестіреді. Нақтырақ:

33.1. Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындайды;

33.2.Елді мекендер аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;

33.3. Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
33.4.Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

33.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

 ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;

33.6. Ауылшаруашылығы санағын жүргізу;

34. Микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшін табысы төмен адамдарды анықтау;

35. Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы № 442 Жер кодексінің 13 және 16 баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру;

36. Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы № 442 Жер кодексінің 69 бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;

37. Жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелері жөнінде аудандық (қалалық) әкімдікке ұсыныстар енгізу кіреді;

38. Ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;

39. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

40. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

41. Тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін  қамтамасыз етеді;

42. Мекемелер және ұйымдармен, сондай-ақ жекелеген адамдармен шарттар жасау, заңмен қарастырылған құжаттарға және банк құжаттарына қол қою;

43. Ауылдың тұрғындарына қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар, кооперативтер ұйымдастыруға ықпал етіп, қолдау көрсетуге байланысты құжаттарды жоғары органдарға ұсынылуын жүзеге асыру;

44. Ауыл тұрғындарынан салықтың барлық түрлері, сақтандыру және өзге  төлемдердің уақытылы түсіп отыруына ықпал етіп, бақылау жасау;

45. Ауылдағы мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, көп балалы отбасыларының, жалғызілікті аналар мен қариялардың, жұмыс істемейтін, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың материалдық және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың  мектепке тартылмай, қараусыз қалуын болдырмау жөнінде тиісті органдарға ұсыныс жасау жүктеледі, ұйымдастырады;

46. Басқаруға берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

47. Бюджеттен қаржыландырылатын берілген коммуналдық кәсіпорындардың қызметінің бағыттарын және міндетті жұмыстардың (қызметтердің)  көлемін белгілеу;

48. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

49. Берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

50. Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
51. Басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

52. Берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

53. Кіріс көздерін қалыптастырады;

54. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

55. Бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

56. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

57. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

 

2.4 Құқықтары мен міндеттері:

      Мемлекеттік қызметші:

1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді  қарауға және олар бойынша  шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындалуын талап етуге;

3) Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

4) Лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

5) Басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

6) Жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;

7) Өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және заңында белгіленген  өзге де негіздерге қарай ынталандыруына және еңбегіне ақы төленуіне;

8) Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;

9) Өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;

10) Біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға;

11) Қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеріс жүргізілуін талап етуге;

12) Еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

13) Әлеуметтік және құқықтық қорғалуына;

14) Мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

15) Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

16) Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар;

2.5.  Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттері:

        Мемлекеттік қызметшілер:

·        Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да заңдарын сақтауға;

·        Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдауға;

·        Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіппен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

·        Өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;

·        Мемлекеттік тәртіп пен еңбек  тәртібін сақтауға;

·        Өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;

·        Заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;

·        Басшының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

·        Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де, заңмен  белгіленген  белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;

·        Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды  қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

·        Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

·        Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;

·        Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

3.1."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі- Ақтоғай ауылының әкімі тағайындаған оның бас мамандарынан және жетекші мамандарынан тұрады, ол:

·        Ауыл әкімінің аудан әкімімен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен, баспасөзбен, халықпен үнемі байланысып отыруын қамтамасыз етеді;

·        Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын бақылап отыру жұмысын үйлестіреді;

·        Лауазымдық міндетін өз деңгейінде  орындамаған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңы және өзге де  нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жауапкершілікке тарту жөніндегі шараны қолданады;

·        Ауылдың әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларын сақтау жұмыстарын ұйымдастырады және оның әрі қарай жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады.
 

3.2. Аппараттың бас мамандары өз жұмысын осы Ережеге сәйкес атқарады. Олардың құқығы мен міндеттеріне мыналар:

·        Ауыл әкімінің өткізетін шараларына қатысу;

·        Ауыл орталығы аумағында орналасқан мекемелердің басшыларынан Қазақстан Республикасының заңдары мен Президент Жарлықтарының, Үкіметтің қаулылары және шешімдерінің орындалысы, сонымен қатар, азаматтардың хаттарымен өтініштерін қарау жөніндегі керекті ақпараттар мен ұсыныстарды сұрау;

·        Аппарат қызметінде туындаған мәселелерді шешуге мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

·        Құжаттардың  толық және өз мәнінде орындалуын орындаушылардан талап ету;

·        Облыс және аудан әкімдерінің, олардың орынбасарлары берген тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру жатады.

·        Аппараттың мамандары өз жұмыстарын тоқсандық жоспарлар бойынша жүргізеді. Олар, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қызметтік міндеттерін тиісінше атқаруға және тәртіпті сақтауға міндетті.

·        Ауыл әкімі мекемедегі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік техникасының  сақтауына жауапты болады және мекеменің ішкі тәртібі туралы ережені бекітеді, сондай-ақ:

- жеке және заңды  тұлғалармен келісім шартқа отырады;

- мекеме мүлкін өзінің құзіреті шегінде басқарады;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес аппаратқа қызмет көрсетуші жұмыскерлер мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және одан босатады.

         Сонымен қатар:

         Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкіметтің нормативтік-құқықтық актілері талаптарының сақталуына және орындалуына жауапты болады.

         Ауыл әкімі ауыл тұрғындары өкілдерінің жиыны алдында есеп береді, мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік, атқарушы, бақылаушы органдары, аумақтық және ведомстволық бағыныстағы, соттарда, шаруашылық субъектілері, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары алдында мекеме мүддесін білдіреді.

3.3."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен бекітіледі.

 

 

 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

4.1."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

4.2."Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік /республикалық/ коммуналдық меншікке жатады.
4.3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

5.1. "Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района