в актогае 20
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауылының әкімі
Болганбаев  Кайыр Ныгыметоллаулы
Болганбаев  Кайыр Ныгыметоллаулы -1968 жылы 6 қарашада Қарағанды облысы  Ақтоғай ауданы Аманкелді селосында дүниеге келген. 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне «Қаржы және несие» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1992 жылы «Экономист» квалификациясы  бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
 28.06.1985-29.07.1985 жылдары Еңбек совхозында құрылысшы; 01.09.1992-31.07.1995 жылдары Ақтоғай ауданының салық инспекциясының жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің аға салық инспекторы; 01.08.1995-05.11.1997 жылдары Ақтоғай ауданы бойынша салық полициясы басқармасының қызметкері; 05.11.1997-02.12.1998 жылдары Ақтоғай ауданының салық инспекторының жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің бас салық инспекторы; 03.12.1997-19.07.1998 жылдары салық комитетінің мәжбүрлеп салық төлету секторының меңгерушісі; 08.10.1998-14.05.1999 жылдары салық комитетінің мәжбүрлеп салық төлету бөлімінің бастығы; 15.05.1999-29.03.2000 жылдары салық комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және өндіру бөлімінің бастығы; 30.03.2000-14.11.2002 жылдары салық комитетінің  өндіру бөлімінің бастығы; 15.11.2002-02.03.2007 жылдары салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бастығы; 02.03.2007-20.07.2008 жылдары Ақтоғай ауданы салық комитетінің төрағасы; 21.07.2008-07.06.2011 жылдары Ақтоғай ауданы бойынша салық басқармасының бастығы;  26.07.2011-05.08.2013 жылдардан Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік  жоспарлау бөлімінің бастығы. 12.06.2014-07.11.2014 жылдары Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде бас маманы; 07.11.2014-30.09.2015 жылдары  Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы; 01.10.2015 жылдан бастап  Ақтоғай ауылының әкімі болып қызмет атқарады.

 

 

Ақтоғай ауылы әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Нурмаганбетов Хасен Манатұлы
Бас маманның міндеттері:
     Ауыл әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты және коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары. Аудан орталығындағы мекемелер және басқадай да кәсіпорындармен коммуналдық салаға байланысты өзара байланысты  қамтамасыз ету. Жылу маусымына дайындықты ұйымдастыру. Су мәселесіне қатысты инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым нысандарына құрылыс және қайта жаңғырту жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету. Көше жарықтарын орнату, бағандардың үнемі толық жанып тұруын қадағалау. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде жұмыстарды үйлестіру, ауылдағы төтенше жағдайды бақылауда ұстау, мекемеде қауіпсіздік техникасының сақталуына жауапты. Ауылдағы санитарлық тазалық, көркейту және сәулеттендіру, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру. Ағаш көшеттерін егу, өсіру жұмыстарын үйлестіру. Сенбіліктер ұйымдастыру, арнайы белгіленген ТҚҚ (тұрмыстық қатты қалдықтар) төгетін орынның маңайының жинақы болуын және күл-қоқыстық белгіленген жерге ғана төгілуін қамтамасыз ету. Полигонға, эмиссияға қатысты жұмыстарды үйлестіру. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Ауыл әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітаптарына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу). Ауылдың ауылшаруашылық саласы бойынша дамуына талдау жасап, ұсыныстар беру.  Жергілікті мекеме, жастар ұйымы, қоғамдық ұжымдармен, білім ошақтары, жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету. Тұрғындарға тиісті анықтамалар рәсімдеп беру. Ауылшаруашылығын дамыту мәселесімен (инвестициялық жобалар) түбегейлі шұғылдану. Жұмыссыздар санын, ардагер, зейнеткерлердің және оқушылар мен студенттер тізімін құрып, толық мәлімет жинақтау. Мектеп бітіруші түлектер арасында ауылға керек қажет мамандықтарға жоғары оқу орындарына баруына ықпал жасау. Ауылдың барлық жер көлемі, әсіресе ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге толық түгендеу (инвентаризация) жұмыстарының аяқталуына жәрдемдесу, жер телімдерін анықтағанда, сонымен қатар, шаруа қожалықтарыңда-әділсіздікке жол бермеу, үнемі аудандық жер қатынастары бөлімімен бірлесе жұмыс жасау. Ауылдың аграрлық картасын жасау. Ауыл аймағында мал бағымын ұйымдастыру. Қылмыстық әрекеттерге, әсіресе, мал ұрлығы, ішкілікке салыну және тұрмыстық жағдайдағы  қылмыстардың алдын алу шараларын жасау. Атқарылған жұмыстары жөнінде Ауылдық учаскелік полиция инспекторы, мал дәрігерімен бірлесіп, әр тоқсан қорытындысымен тұрғындар алдында есеп беру.  Көрнекі ақпараттық көркейту, безендіру жұмыстарын ұйымдастыру (билборд,  баннер, пилон, панно, т.б.) уақытылы ауыстырылуын, орнатылуын, жаңартылуын қадағалау. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарын әзірлеуге қатысу. Ауыл әкімінің, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 15.08.2013 жылғы Жарлығына сәйкес, әр тоқсан сайын осы жұмыстардың орындалу барысы жөнінде халық алдында, аудандық мәслихат депутаттарына, аудан әкіміне есеп беруіне ат салысу.

Ақтоғай ауылы әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Cтамкулова Айнур Кажыкаримовна
Бас маманның міндеттері:
ҚР Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің және аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін, облыс, аудан әкімінің тапсырмаларын уақытында орындауды қамтамасыз ету. Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес, мекеменің ішкі жұмысын ұйымдастыру. Ауыл әкімі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, рәсімдеу. Жоғарғы органдардан түскен нормативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау, іс-қағаздарын жүргізу. Аудан әкімдігінен, аудандық мекемелер мен ұйымдардан келіп түскен өкім, шешім хаттар, нұсқаулардың мерзімінде орындалуын қадағалап, тиісті жауабын беруді бақылау, Ауыл әкімінің өкім, шешімдерін шығару, шығарған өкім, шешімдердің орындалысын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру. Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.  Жергілікті мекеме, жастар ұйымы, қоғамдық ұжымдармен, білім ошақтары, жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету. Кәсіпқой емес медиаторлардың бастапқы тізімін жасақтау. Алқабиге үміткерлердің, сондай-ақ әскери соттағы алқабилерге үміткерлердің тізілімін жүргізу. Құқықтық оқуды ұйымдастыру. Кезекшілік және еңбек демалысы кестелерін құру. Құжаттардың толық және өз мәнінде орындалуын орындаушылардан талап ету. Ауыл әкімі жанындағы үгіт-насихат топтарының (АНТ) жұмыстарының үйлестіруге атсалысу. Ауыл әкімінің, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 15.08.2013 жылғы Жарлығына сәйкес, әр тоқсан сайын осы жұмыстардың орындалу барысы жөнінде халық алдында, аудандық мәслихат депутаттарына, аудан әкіміне есеп беруіне  ат салысу.

 

Ақтоғай ауылы әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Омарбай Арай Аңсабайқызы
Бас маманның міндеттері:
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына  атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдем ақысын, тұрғын үй жәрдем ақысын, бір жолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын және  жылдық мониторигісін жасау. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс жасау, мерзімін асырмай орындалысын қадағалап, тиісті органдарға есеп беру. Ауылдағы қоғамдық-саяси ұйымдар мен діни  бірлестіктердің, ардагерлер мен мүгедектердің, аз қамтылған адамдарға қайырымдылық қорының, әйелдер және отбасылық – демографиялық саясат істері, ана мен бала өлімінің алдын алу  жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен қатар, Ауылдағы батыр аналар, көпбалалы аналар: алтын алқа, күміс алқа, тыл ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, сонымен қатар, мүгедек жандардың, оқушы, студенттердің  тізімін жасақтап, солармен тығыз байланыста жұмыс жасау. Аз қамтылған, мүгедек жандар, зейнеткерлерге  арзандатылған бағамен азық-түлікпен және мал азығымен қамтамасыз етуге шаралар көру. Жастар ісін үйлестіру. Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша ҚР заңнамасының орындалуын ұйымдастыру, қамтамасыз ету. Жалпыға бірдей әскери қызметтілердің есебін жүргізу, алу, шығару және әскери есепке алынатын жастардың тізімдерін жасақтап, тиісті органдарға ұсыну. Ауыл әкімінің  өткізетін жиналыс, кездесулер, семинарлар, брифингтер және басқа да мәдени-спорттық, мерекелік және т.б. шараларды ұйымдастыру жұмыстары. Шаруашылық жұмыстарын үйлестіру. Ауыл әкімінің, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 15.08.2013 жылғы Жарлығына сәйкес, әр тоқсан сайын осы жұмыстардың орындалу барысы жөнінде халық алдында, аудандық мәслихат депутаттарына, аудан әкіміне есеп беруіне  ат салысу.

 

 

Ақтоғай ауылы әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Бишаев Абылай Сагадатулы
Бас маманның міндеттері:
Ауыл әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық, т.б. шараларды ұйымдастыру. Жергілікті мекеме, жастар ұйымы, қоғамдық ұжымдармен, білім ошақтары, жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және  байланысты қамтамасыз ету. Тіл саясаты, тілдердің қолданылуы мен дамуы жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға жауапты. Ономастика, мемлекеттік тілде іс-құжаттардың жүргізілуін, дұрыс жазылуын, қадағалау, кіріс-шығыс құжаттары, Ауыл әкімінің қабылдаған өкім, шешімдері, толтырылған хаттамалардың (жалпы жиналыс хаттамалары, т.б.) жөнінде тиісті орындарға есеп беру.  Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Халықтың рухани дамуын, мәдени демалуын ұйымдастыру шараларын жасау, ол үшін Ұлттық, Мемлекеттік, кәсіптік мерекелердің өз мәнінде мазмұнды өтуін ұйымдастыру. Білім, денсаулықты сақтау, мәдениет, ішкі саясат, спорт, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік саладағы  бағдарламаларды іске асыруға жауапты. Ауылдағы бос тұрған (меншік түріне қарамастан) ғимараттар мен үйлерді жалпы жағдайларын ескере отыра есепке алып, бұздырмай сақтау, коммуналдық меншікке алуға жұмыс жасау. Ауылдың мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуы, автомобиль жолдарының салынуы, жөнделуі, қалпына келтіру, күтіп ұстау, табиғи монополияны реттеу жұмыстарын үйлестіру. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша ҚР заңнамасының орындалуын ұйымдастыру, қамтамасыз ету. Жалпыға бірдей әскери қызметтілердің есебін жүргізу, алу, шығару және әскери есепке алынатын жастардың тізімдерін жасақтап, тиісті органдарға ұсыну. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен  бірлесе отырып, Ауыл орталығындағы жеке кәсіп иелерімен тығыз байланыста жұмыс жасау. Шаштараз, монша, шағын тігін, т.б., жылыжай, наубайханалардың ашылуына шара қолдану. Ауылдың ауылшаруашылық саласы бойынша дамуына талдау жасап, ұсыныстар беру. Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына көмектеседі. Ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар, кооперативтер ұйымдастыруға ықпал етіп, қолдау көрсету жөніндегі құжаттарды жоғарғы органдарға ұсынылуын жүзеге асыру. Шаруашылық жұмыстарын үйлестіру. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын және  жылдық мониторигісін жасау. Ауыл әкімінің, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 15.08.2013 жылғы Жарлығына сәйкес, әр тоқсан сайын осы жұмыстардың орындалу барысы жөнінде халық алдында, аудандық мәслихат депутаттарына, аудан әкіміне есеп беруіне ат салысу.

Ақтоғай ауылы әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/
Әкбар Ақпейіл Есенгелдіқызы
Бас маманның міндеттері:
Құжаттарды уақытымен және заңды рәсімдеуін алдын ала бақылауын жүзеге асыру. Штаттық кестені және толық жоспарларды құрастыру. Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша стратегиялық даму жоспарын әзірлеп тіркеу, талдау және бөлінген қаражаттарды ұтымды, үнемді жұмсалуына бақылау жасау. Бюджеттік өтінімдерді өңдеу, мемлекеттік сатып алуларды өткізу және ұйымдастыру тәртібін орындау, хаттамаларын рәсімдеп, жүргізу. Ауыл бойынша салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің жиналу жұмыстарын ұйымдастыру. Коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына басқаруға берілген тұлғалардың өндірілген және сатылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны белгілеу, сонымен қатар, жергілікті бюджеттен аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне берілген тұлғалардың дербес қаржыландыру жоспарын әзірлеп, бекіткізу. Кіріс көздерін  қалыптастыруды белсендіру және осы мәселеге қатысты ақпаратты жүйелі түрде ай сайын ауданның экономика және қаржы бөліміне ұсынып отыру. 
Заңнамамен белгіленген бюджеттік қаржыларды және (немесе) түсімдерді экономдау есебінен жұмысшыларды еңбек шарты бойынша қабылдауға жұмыстар жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдарынан, мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін табыстарынан, сыртқы жарнаманы орналастырудан, әкімшілік айыппұлдардан түсетін төлемдерден тұратын қазынашылық бөлімшеде ашылған жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына спонсор тарту, қаражат түсіру жұмыстары.  Үлгі регламенттері негізінде мәслихат регламенттерін әзірлеу және бекіту, сонымен қатар, жергілікті  қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу Ережесін әзірлеп, бекіту және қоғамдастық жиналысымен келісілген түсімдер жоспарын және ақшаны шығындауды бекіткізу. Мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатылымнан, олардың қарауында қалдығынан бюджеттік заңнамаға сәйкес, жиынтық түсімдер жоспарын және ақшаны шығындауын құру және бекіту жұмыстары. Мекеме басшысынан алған басқа да тапсырмаларды орындау.  Ауыл әкімінің, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жылдық жұмысының орындалу барысы жөнінде халық алдында, аудандық мәслихат депутаттарына, аудан әкіміне есеп беруіне атсалысу. Тұрғындар арасында құқықтық оқуды ұйымдастыру.
Ауылдағы мектептің жұмысын  қадағалау, білім беру сапасын бақылау. Балалардың мектепке тартылуына басшылық жасап , жүзеге асыру.

Ақтоғай ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы /Е-G-4/
Макаева Сауле Маратовна
Жетекші маманның міндеттері:
Тіл саясаты, тілдердің қолданылуымен дамуы жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға жауапты. Ономастика, мемлекеттік тілде іс-құжаттардың жүргізілуін, дұрыс жазылуын қадағалау, кіріс – шығыс корреспонденциясы, ауыл әкімінің қабылдаған өкім-шешімдері, толтырылған хаттамалардың (жалпы жиналыс хаттамалары, т.б.) жөнінде тиісті органдарға есеп беру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және  мерзімін асырмай орындалысын қадағалап, тиісті органдарға есеп беру.  Халықтың рухани дамуын, мәдени демалуы шараларын жасап, Ұлттық, Мемлекеттік, кәсіптік мерекелердің және айтулы күндер мен оқиғалардың өз мәнінде өтуін ұйымдастыру. Білім, денсаулықты сақтау, мәдениет, ішкі саясат, спорт, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік саладағы бағдарламаларды іске асыруға жауапты. Сайлауға және референдумға дайындық өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу. Аудандық АХАЖ қызметімен тығыз байланыста жұмыс жасау, қайтыс болған, жаңа туылған адамдардың тізімін алу, сайлаушылар базасына шығару, енгізу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
Құқықтық оқуды ұйымдастыру. Ауыл әкімі аппаратының құқықтық оқуының құжаттарын дайындау және уақытында ұйымдастырып, өткізілуін қадағалау жұмыстары.
Ауыл тұрғындарының  арасында ветеринария мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу
Жастар ісін үйлестіру. Жергілікті мекеме, жастар ұйымы, қоғамдық ұжымдармен, білім ошақтары, жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және  байланысты қамтамасыз ету. Ауыл  әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді ұйымдастыру.
Оқушы, студенттердің тізімін жасақтап, солармен тығыз байланыста жұмыс жасақтау, толық мәлімет жинақтау. Ауылдағы мерзімді жазбаларға жазылуды ұйымдастыру.
Ауыл  әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру  жұмыстары. Ауыл әкімінің, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жылдық жұмысының орындалу барысы жөнінде халық алдында, аудандық мәслихат депутаттарына, аудан әкіміне есеп беруіне атсалысу. Мекеме басшысынан алған басқа да тапсырмаларды уақытылы орындау.        
Ауылдағы мектептің жұмысын  қадағалау, білім беру сапасын бақылау. Балалардың мектепке тартылуына басшылық жасап , жүзеге асыру.
Ауыл әкімінің нормативтік құқықтық акілерінің заңдылығын қадағалау.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района