в актогае 25
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
Мобильная версия

Бөлім басшысы

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы /Е-R-1

Темирбек Перизат Мейрамбекқызы

 

1979   жылы 8 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай  ауданында  дүниеге келген.
2005 ж. – Қарағанды  қаржы институтын «Қаржы және қаржы  құқығы» мамандығы  бойынша  аяқтаған.

Еңбек  жолы:

06.11.2000 – 01.09.2001жылдары Қарағанды қаржы институтында компьютерлік орталықтың лаборанты.

01.04.2002  –  30.09.2002 жылдары Қарағанды қаласындағы «Дана» ЖШС Қарағанды филиалында оператор.

01.10.2002 – 20.12.2005 жылдары Ақтоғай ауданы  қаржы бөлімінде жетекші маман.

20.12.2005 – 19.01.2006 жылдары Экономика және қаржы бөлімінің бюджетті қаржыландыру және орындалысын бақылау бөлімінің бас маманы.

19.01.2006  – 01.08.2007 жылдары Қаржы бөлімінің бас маманы.

01.08.2007 – 04.08.2013 жылдары Экономика және  бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі.

04.08.2013 – 19.08.2019 жылдары экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары.

19.08.2019 жылдан бастап Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалған.   

 

Атқаратын міндеттері


Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, басқарады және бөлімнің өз міндеттерін және функцияларын орындауға дербес жауап береді.

Мекеменің қаржы, кадр мәселесін шешу, материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етеді.

Өзінің және  бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттемелері мен өкілеттіктерін белгілейді.

Тиісті заңдылықтарға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін тағайындап, босатады.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық қортындыларын жасайды.

Ауданның индикативтік жоспарын жасауды, аудан бюджетін жасақтауды қамтамасыз етеді.

Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлейді.

Экономиканың нақты секторын дамыту,  кредиторлық қарыздарды азайту жұмыстарын үйлестіреді.
Аудан әкімдігінің дербес бөлімдеріндегі қаржы шаруашылығын, бухгалтерлік қызметін бақылайды. Олардағы бюджет қаржысының игерілуін қадағалайды.

Мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті есепке алу, сақтау,  бағалау, сату жұмыстарын ұйымдастырады.    

Аудан көлемінде тиісті заңдар шегінде қаржыны басқаруды, бақылау және есеп жүргізуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік салық алуды ұйымдастырады және бақылайды.

Бюджет  қаржысын үнемдеуге байланысты ұсыныстар береді.

Азаматтардың өтініштерін қарауды және  жеке қабылдауды жүзеге асыру.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района