в актогае 33
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
Мобильная версия

Бөлім басшысы

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы /Е-R-1 Тлеубергенов Бекет Зекенович

18.07.1955 жылы Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосында туған.
1975 жылы Қарағанды кооператив институтына түсіп 1979 жылы   «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша аяқтаған.
1972-1974 жылдары Жарық техникалық пайдалану байланыс бөлімшесінің Ақтоғайдағы монтері ;
1974-1975 жылдары  Ақтоғай тұтынушылар одағында жүкші;
1979-1981 жылдары  Ақтоғай аудандық тұтынушылар қоғамындағы орталық сауда бірлестігінің директоры;
1981- 1982 жылдары Ақтоғай аудандық тұтынушылар қоғамы бойынша аға экономисті;
1982-1985 жылдары Халық депутаттары Ақтоғай аудандық Кеңесі атқару комитетінде негізгі қызмет жөніндегі инспекторы, аудандық жоспарлау комиссясының экономисті.
1985-1986 жылдары  Ақтоғай аудандық тұтынушылар   қоғамының өндіріс тауарлары жөніндегі товароведі ;
1986-1987 жылдары аудандық атқару комитетінің жоспарлау комиссиясының аға экономисті;
1987-1993 жылдары Ақтоғай аудандық  тұрмыстық қажет өтеу комбинатның  директоры;
1993-1998 жылдары  Ақтоғай ауданы бойынша салық инспекциясында салық инспекторы, бас салық инспекторы;
1998-2002 жылдары аралығында Ақтоғай ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары-заңды тұлғалардың, кірісіне салық салу бөлімінің бастығы, төраға орынбасары-салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімінің бастығы, салық комитеті төрағасының орынбасары;
2002-2007 жылдары  аудандық салық комитетінің төрағасы;
2007-2011 жылдары  Ақтоғай  ауданы әкімінің орынбасары;
2013-2015 жылдары Аудандық жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
2015 жылдан Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің  басшысы.

Атқаратын міндеттері

Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, басқарады және бөлімнің өз міндеттерін және функцияларын орындауға дербес жауап береді.
Мекеменің қаржы, кадр мәселесін шешу, материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етеді.
Өзінің және  бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттемелері мен өкілеттіктерін белгілейді. Тиісті заңдылықтарға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін тағайындап, босатады.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық қортындыларын жасайды.
Ауданның индикативтік жоспарын жасауды, аудан бюджетін жасақтауды қамтамасыз етеді. Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлейді. Экономиканың нақты секторын дамыту,  кредиторлық қарыздарды азайту жұмыстарын үйлестіреді.
Аудан әкімдігінің дербес бөлімдеріндегі қаржы шаруашылығын, бухгалтерлік қызметін бақылайды. Олардағы бюджет қаржысының игерілуін қадағалайды. Мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті есепке алу, сақтау,  бағалау, сату жұмыстарын ұйымдастырады.    
Аудан көлемінде тиісті заңдар шегінде қаржыны басқаруды, бақылау және есеп жүргізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік салық алуды ұйымдастырады және бақылайды. Бюджет  қаржысын үнемдеуге байланысты ұсыныстар береді.
Азаматтардың өтініштерін қарауды және  жеке қабылдауды жүзеге асыру.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района