в актогае 29
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
Мобильная версия

Ереже

Ақтоғай аудандық экономика және қаржы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

1. «Актогай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады, экономика және қаржы бөлімі өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, жергілікті бюджетті атқару және аудандық коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асырады.

2. Экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазакстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазакстан Республикасыныц Президенті мен Үкіметінің, әкім мен әкімдіктің актілеріне, өзге де нормативтік және құкыктық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  1. Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру- кұқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылғап мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қазынашылык органдарында шоттары бар.
  2. Экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Егер Экономика және қаржы бөлімі Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде мемлекет атынан шығуға құқылы.

5. Экономика және қаржы бөлімінің штат санының лимитін, ішкі құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.

6. Экономика және қаржы бөлімінің заңды мекен-жайы: 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Ә.Бөкейхан көшесі, 5.

  1. Экономика және қаржы бөлімінің толық атауы:

мемлекеттік тілде «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел экономики и финансов Актогайского района».

  1. Экономика және қаржы бөлімінің кұрылтайшысы Актоғай ауданы әкімдігінің атынан мемлекеттік мекеме болып табылады.

Актоғай ауданы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімін кұру туралы актісі және осы Ереже Экономика және қаржы бөлімінің құрылтай кұжаттары болып табылады.

  1. Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Экономика және қаржы бөліміне қаржы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау нысанына кәсіпкерлік субъектілермен шарттык қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Экономика және қаржы бөліміне заң актілерімен кіріс әкелетіп қызметпен шұғылдану құкығы берілсе, ондай қызметтен түскен табыстар жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары.
  1. Жергілікті бюджетті атқару, бюджеттік есепті жүргізу және жергілікті бюджетті атқару мен аудандық коммуналдық меншікпен басқару бойынша бюджеттік есептілікті кұрастыру Экономика және қаржы бөлімінің негізгі міндеттері болып табылады.
  2. Экономика және қаржы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен оған жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:
  1. Мемлекеттік саясаттың қалыптасуын қамтамасыз ететін функциялары: тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын әзірлеуге, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ экономикалық және бюджеттік жоспарлау, сұрыпталған материалдар мен ақпараттарды тапсыру бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу арқылы тиісті қаржы жылына арналғап жергілікті бюджет туралы аудандық Маслихаттың шешімін іске асыру жөніндегі Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулы жобасын әзірлеуге қатысады;

өз құзыретінің шегінде аймақтық бағдарламаларды әзірлеу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету.

  1. Өз кұзыретіне сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:

бюджетті атқару саласындағы функциялары:

жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;

бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;

бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;

міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын құрастырады, бекітеді және жүргізеді;

бюджет қаражаты есебінен ұсынылған бюджеттік кредиттердің тіркелуін, олардың есепке алынуы мен мониторингін жүзеге асырады;

тұрақты және жүйелі жинақтау, бюджетті атқару көрсеткіштерін бақылап отыру және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, корсетілетін қызметтерді) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын түсімдер мен шығыстардың жиынтык жоспарын келіседі;

бюджеттік ақшамен басқарады;

жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;

Ақтоғай ауданы әкімдігінің борышын өтеуді және қызмет етуді аудандық мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне сәйкес қамтамасыз етеді;

жергілікті бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;

Қазакстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігі резервінен қаражатты бөлу туралы өтініштерін қарайды;

бюджеттік ақшамен басқару бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады;

жергілікті бюджет қаражаттарын игеру мониторингі бойынша жұмыс шеңберінде мемлекеттік органдардың, мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруының мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;

Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу;

Сәйкес мерзімге аудан экономикасының жағдайы туралы баяндамалар дайындау, экономика кұрылымында қатынассыздықты айқындау, оларды жою жолдарын анықтау.

Ақтоғай ауданының әлеуметтік – экономикалық саясатын негізгі бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына жоспарларын жасау;

экономикалық талдау, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам және бағалау;

  1. аудандық коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру саласындағы функциялары:

өз кұзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік кұкықтық актілерді әзірлейді;

аудандық коммуналдық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, иелік ету, пайдалану, сондай-ақ аудан әкімдігімен белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық меншікпен, оның ішінде аудандық коммуналдық меншіктегі акционерлік коғамдардағы акция пакеттерімен және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлесімен өкім ету бойынша өкілеттікті іске асырады;

аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген облыстың жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті аткарушы органның алдын ала келісімін алады;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуын ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіпте мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізеді;

аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы аудан әкімдігі қабылдаған шешімдер бойынша аудандық коммуналдық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асырады, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін сатын алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

аудандық коммуналдық мүлікті аудан әкімдігі белгіленген тәртіпте жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу кұқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

аудандық коммуналдық мүлікті коммуналдық заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануға береді;

сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

тиісті саланың уәкілетті органның ұсынысы бойынша аудандық коммуналдық заңды тұлғалар қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың түрін айқындайды және аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

тиісті салада әкімдіктің шешіміне сәйкес акциялармен немесе қатысу үлестерімен иелік ету және пайдалану кұқығы Экономика және қаржы бөліміне берілген мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;

аудандық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдалануын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органның келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;

аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

тиісті саланың уәкілетті органына аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және тартуды жүзеге асыруға келісім береді;

аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді;

аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;

аудан әкімдігіне тиесілі акцияларға дивиденттердің уакытылы және толык есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі аудан әкімдігіне тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;

аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, аудан әкімдігі қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

жалғыз акционері (қатысушы) аудан әкімдігі болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал аудан әкімдігі қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкешілігі шектеулі серіктестіктерде-директорлар кеңесінің немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады;

коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазакстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазакстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдык меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі.

  1. Экономика және қаржы бөлімінің:
  1. Экономика және қаржы бөліміне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпараттар сұратуға және алуға;
  2. заңнамамен көзделген жағдайларда секвестр болжанған бюджеттік бағдарламалар (кіші багдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтата тұруға;
  3. заңнамамен көзделген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікпен иелік етуге, пайдалануға және өкім етуге;
  4. тауарларды, жұмыстарды және кызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша мониторингті жүзеге асыруға;
  5. өз кұзіретіне сәйкес бақылау функциясын жүзеге асыруға құкығы бар.
  1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі.
  1. Экономика және каржы бөлімінің жедел басқару құқында оқшауландырылған мүлкі бар.

Экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ кұны Экономика және қаржы бөлімінің балансында көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.

  1. Экономика және қаржы бөліміне бекітілген      мүлік аудандық коммунал-дық меншігіне жатады.
  2. Экономика және қаржы бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражаттардың есебінен сатып алынған мүлікті, егер заң актілеріне басқаша белгіленбесе, өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен ұстап жұмсауға кұкығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды ұйымдастыру.
  1. Экономика және қаржы бөлімін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес Ақтоғай ауданының әкімі лауазымдық қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы тікелей аудан әкіміне, аудан әкімі- жетекшілік етуші орынбасарына есеп береді.

  1. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы жұмысты ұйымдастырады және басшылық етеді, Экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына, аудан әкімдігі шешімдерінің, аудан әкімінің, аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмалары мен нұскауларының орындалуына дербек жауап береді.
  2. Бұл мақсатта басшы:
  1. Экономика және қаржы бөлімінің құрылымдық бөлімшенің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
  2. заңнамаға сәйкес Экономика және қаржы бөлімінің қызметшілерін лауазымдық қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;
  3. заңнамада белгіленген тәртіппен Экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
  4. өз кұзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
  5. Экономика және қаржы бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
  6. қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Экономика және қаржы бөлімінің атынан шығады;
  7. өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;
  8. заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
  1. Экономика және қаржы бөлімінің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның кызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, кұрылымдық бөлімшенің құзыреті мен өкілеттіктері белгіленген тәртіпке бекітілген экономика және қаржы бөлімінің регламентімен, құрылымдық бөлімшенің ережелерімен, қызметкерлердіц функционалдық міндеттерімен анықталады.
E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района