в актогае 24
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары /Е-R-2/ Темирбек Перизат Мейрамбекқызы


1979   жылы 8 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай  ауданында  дүниеге келген.
2005 ж. – Қарағанды  қаржы институтын «Қаржы және қаржы  құқығы» мамандығы  бойынша  аяқтаған.

Еңбек  жолы:

06.11.2000 – 01.09.2001жылдары Қарағанды қаржы институтында компьютерлік орталықтың лаборанты.
01.04.2002  –  30.09.2002 жылдары Қарағанды қаласындағы «Дана» ЖШС Қарағанды филиалында оператор.
01.10.2002 – 20.12.2005 жылдары Ақтоғай ауданы  қаржы бөлімінде жетекші маман.
20.12.2005 – 19.01.2006 жылдары Экономика және қаржы бөлімінің бюджетті қаржыландыру және орындалысын бақылау бөлімінің бас маманы.
19.01.2006  – 01.08.2007 жылдары Қаржы бөлімінің бас маманы.
01.08.2007 – 04.08.2013 жылдары Экономика және  бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі.
04.08.2013 жылдан экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары.

Атқаратын міндеттері:

Ауданның бюджетін қалыптастыру;
Жергілікті бюджеттің кірістерін болжамдауды жүзеге асыру;
Жергілікті бюджеттің қаржысын пайдалануына талдау жүргізу;
Жергілікті атқарушы органдардың резерві қаражатын пайдалануын жоспарлауды, талдауды және есептеуді жүзеге асыру;
Бөлімдердің штаттық кестелері мен тарификацияларының дұрыс жасалуына бақылау жасау;
Ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламаларды жасақтау, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау;
Бюджеттік комиссияның жұмысын үйлестіріп, бюджеттік комиссия отырысының хаттамаларын әзірлеу;
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының жобасын алдағы 5 жылға әзірлеу;
Бөлімдегі экономикалық және қаржы секторларының жұмысын бақылау, басшылық жасау;

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің экономика секторының меңгерушісі /Е-R-3/ Аятбекова  Бақтыгүл Ескелдіқызы

1963  жылы  10 сәуірде  Ақтоғай ауданында  дүниеге  келген. 
1980 жылы Е.Бөкетов  атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінде  «Экономист» , «Қаржы және  несие» мамандығы бойынша оқуға түсіп, білім алған.

Еңбек  жолы :

1985-1986 ж.ж  Ақтоғай аудандық  қаржы бөлімінің бас есепшісінің орынбасары;
1986-1987 ж.ж Қызыларай совхозының комсомол комитетінің  хатшысы;
1987-1988 ж.ж  Жолдасының  қызмет бабында болды;
1988-1989 ж.ж  Ақтоғай аудандық  қаржы  бөлімінде  аға экономист;
1989-1990 ж.ж Ақтоғай аудандық қаржы бөлімінің  агроөнеркәсіп  кешенінің қаржыландыру  бөлімінде  аға экономист;
1990-1994 ж.ж  Штат жөніндегі  ревизор- инспектор;
1994-2000ж.ж Ақтоғай аудандық қаржы  бөлімінде халықты   әлеуметтік қорғау  бөлімінде  бас маман;
2000-2005ж.ж Ақтоғай аудандық қаржы  бөлімінде халықты   әлеуметтік қорғау  бөлімінің  бас маманы;
01.2005-07.2005 ж.ж  Ақтоғай аудандық қаржы  бөлімінің  бюджетті қаржыландыру  және  орындалысын  бақылау  бөлімінде бас маман;
2005-2006 ж.ж аудандық  экономика  және  қаржы  бөлімінің  бюджетті  қаржыландыру  және орындалысын  бақылау бөлімінде  бас маман;
2006-2013  жылдары  қаржы бөлімінде бас маман;
2013- 2017 жылдары экономика  және қаржы бөлімінде бас маман.
2017 жылдан бері экономика және қаржы бөлімінің экономика секторының меңгерушісі.

Атқаратын міндеттері:

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы  барлық стратегиялық индикативтік және кешендік жоспарларын дайындау, елді мекендерді дамытуға байланысты жұмыстарды жүргізу;
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына тиісті әкімгерлермен тығыз байланыста жұмыс ұйымдастырып,  даярлау және бекіттіру, бөлімдегі құқықтық оқуды жүргізу;
Ауылдық аумақтардың даму мониторингісін жүргізу;
Барлық жоспарлардың іске асуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын алдағы 5 жылға әзірлеу;
Инвестициялық саясат бойынша жұмыстарды атқару;
Қабылданған бағдарламалардың іске асуын қадағалау;
Бөлімдегі  құқықтық оқуды жүргізу;

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің қаржы секторының меңгерушісі /Е-R-3/ Медеубек Нұрсана Өмірғалыұлы

1992 жылы 29 желтоқсанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Сарытерек ауылында дүниеге келген.
2008 – 2011жж. Қарағанды политехникалық колледжінде  «Экономист – бухгалтер» мамандығы , 2011 – 2015 жж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек  жолы:

2015 – 2016жж «Ақтоғай ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бас маман – бас есепшісі болып қызмет атқарды.
2016 – 2017 жылдары  Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің экономика секторының бас маманы.
2017 жылдан бері Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің қаржы секторының меңгерушісі болып қызмет етеді.

Атқаратын міндеттері:

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті тиімді атқаруын қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіру;
Түсімдер мен шығыстар бойынша  бюджеттік мониторингті жүргізу;
Бюджетті атқару мониторингі процесінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және бюджетке салықтық және өзгеде түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органмен тиімді өзара әрекет ету;
Түсімдер болжамының орындалмау немесе асыра орындалу, міңдеттемелердің уақытылы қабылданбау, бағдарламалар бойынша төлемдердің уақытылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстардың атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, сондай-ақ  бюджеттік  көрсеткіштер бойынша деректердегі тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау жасау арқылы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігінің негізін арттыру жергілікті  бюджетті атқару арқылы, республикалық бюджеттен бөлінген  нысаналы трансферттерді және кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы талдамалық есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға уақытылы тапсыру;
Жоғарғы органға бюджет бойынша айлық, тоқсандық, жылдық нысандарды мезгілінде тапсыруды қамтамасыз ету;

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік активтер және сатып алулар секторының меңгерушісі /Е-R-3/ Ашимбекова  Мадина  Өмірбекқызы

1981 жылы  8 наурызда  Ақтоғай  ауданында  дүниеге  келген.
2006 жылы Қарағанды  қаржы  институтына түсіп, « Есеп  және аудит» мамандығы бойынша  бітірген.

Еңбек  жолы: 

01.07.1998-03.01.2002 ж.ж.  КМҚК Ақтоғай мәдени-бос уақыт өткізу орталығында  дыбыс операторы ;
03.01.2002 - 05.11.2008ж.ж   КМҚК Ақтоғай мәдени-бос уақыт өткізу орталығында   әдіскер.,
06.11.2008 - 30.12.2012 ж.ж   Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде  бас маман .
2012-2013  жылдары Ақтоғай ауданының  қаржы  бөлімінде бас маман;
2013 жылдан қаржы және экономика бөлімінде  бас маман ;
2017 жылдан бастап  мемлекеттік активтер мен мемлекеттік сатып алулар секторының  меңгерушісі.
Коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік сатып алуды үйлестіру мәселелері бойынша сектор жұмысын ұйымдастыру;
Ауданның коммуналдық меншігі мен мүліктік құқығын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіру;
Ауданның коммуналдық меншігіне жатқызылған, заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті есепке алады, оған түгендеу жүргізеді, тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді, ауданның коммуналдық меншігінің тізілімін жасау;

Атқаратын міндеттері:

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
Жоғарғы органдардан түскен тапсырмалардың  уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;
Шаруашылық жүргізу және шұғыл басқару құқығына арналған ауданның коммуналдық меншігіне жатқызылатын мемлекеттік мүлікті заңды тұлғаларға бекіту;
Заңды тұлғалар арасында ауданның коммуналдық меншігіне жататын мемлекеттік мүліктерді қайтадан бөлу;
Ауданның мемлекеттік заңды тұлғаларына бекітілген негізгі құралдарды қабылдап тапсыру, есептен шығару мәселелерімен келісу және сатуды ұйымдастыру;
Ауданның мемлекеттік заңды тұлғаларына шаруашылық жүргізу және шұғыл басқару құқығымен бекітілген мүліктің тиімді пайдалануын ұйымдастыру;
Бөлімдегі Тіл саясатын жүзеге асырудың құжаттарын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Занының 18 бабын басшылыққа алып жұмыс жасау;

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің экономика секторының бас маманы /Е-R-4/ Абжанова Камел Абжанқызы

1963 жылғы 9 қаңтарда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Киров селосында дүниеге  келген. 1983 ж. – Қарағанды есеп кредит техникумында  «Ауыл шаруашылығын қаржыландыру   және кредиттеу» мамандығы  бойынша  білім  алған.

Еңбек  жолы:

01.07.1980 - 02.07.1981 ж.ж - Шопан көмекшісі. Жәмші совхозы.
09.08.1983 - 13.12.1988 ж.ж - Қаржы бөлімінде экономист. Ақтоғай с.
16.12.1988 - 27.10.1992 ж.ж - №2149 Жинақбанк бөлімінің оперативтік бөлімшесінің бақылаушысы.
07.09.1992 - 01.10.1992 ж.ж  - Тұрғындарды қорғау басқармасының канцелерия меңгерушісі.
01.10.1992 - 27.09.1993 ж.ж – Әлеуметтік қамсыздандыру бөлім есепші.
27.09.1993 - 04.10.1993 ж.ж - Зейнет ақы бөлімінің бас маманы.
05.10.1993 - 15.08.1994 ж.ж – Аудандық қаржы бөлімінің  экономисті
15.08.1994 - 17.02.2000 ж.ж - Мемлекеттік кірістерді экономикалық сараптау және болжамдау бөлімінде экономист.
17.02.2000 - 17.01.2005 ж.ж - Экономикалық сараптау және болжамдау бөлімінің бас маманы.
17.01.2005 - 01.07.2005 ж.ж - Экономика және қаржы бөлімінің бюджетті қаржыландыру және орындалысын бақылау бөлімінің бастығы міндетін атқарушы.
01.07.2005 - 19.01.2006 ж.ж - Бюджетті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы.
19.01.2006 - 04.08.2013ж.ж  - Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.
04.08.2013 жылдан  - Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.

Атқаратын міндеттері:

Аудан аумағында мемлекеттік және бюджет саясатын жетілдіріп іске асыру жұмыстарына қатысу;
Жергілікті бюджеттің кірістерін болжамдауды жүзеге асыру;
Жергілікті бюджеттің қаржысын пайдалануына талдау жүргізу;
Салық салу базасын ұлғайту, көлеңкелі экономикаға байланысты жұмыстарды жасау;
Күрделі кәсіпорындардан жергілікті бюджетке түскен кірістер мен түсімдерге талдау жасау;
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын алдағы 5 жылға әзірлеу;
Бөлімдердің штаттық кестелері мен тарификацияларының дұрыс жасалуына бақылау жасау;

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің экономика секторының бас маманы /Е-R-4/ Кызылова Жанерке Болатбековна

1991 жылы 05 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген.
2010 жылы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің колледжін  «Қаржы (сала бойынша)»мамандығы бойынша аяқтап, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін 2013 жылы аяқтаған. 2011 жылдың шілде айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Теміртау қаласындағы «Казкоммерцбанк» АҚ Бэк-офистің қайта есептеу кассасының кассирі, 2012 жылдың қаңтарынан бастап 2013 жылдың тамыз айына дейін осы банктің Операциялық бөлім 4/2-Сардар Майдан-кеңсенің Кіріс-шығыс кассасының есепші-кассирі. 2013 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қарағанды қаласының  №4 филиал «Еуразиялық Банк» АҚ-да Кассалық операциялар бөлімінің Операциялық басқарманың менеджер-кассирі, қыркүйек-қазан айларында осы банктің  №412 бөлімшесінде менеджер-кассирі. 2013 жылдың желтоқсанынан- 2014 жылдың ақпанына Шет ауданы, Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маманының міндетін атқаруш .2014 жылдың ақпанынан-2015 жылдың сәуіріне дейін осы мекеменің бас маманы болып қызмет жасаған. 2015 жылдың сәуір –қыркүйек айларында  Қарағанды қаласында «Global Energy-A» ЖШС-де есепшісі. 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың ақпан айына дейін Қарағанды қаласы«Каспий банк» АҚ -ның Басқару бөлімшелері желісі филиалының кассалық қызмет көрсету бөлімінің кассирі, 2016 жылдың ақпан айынан-маусым айына дейін  осы банктің Кассалық қызмет көрсету бөлімінің кассирі болып жұмыс істеген. 2017 жылдың қыркүйегінен-желтоқсанына дейін Шет ауданы  Дәрия кенті әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы, 2017жылдың желтоқсан айынан 2018 жылдың сәуір айына дейін осы мекеменің бас маманы болып қызмет жасаған. 2018 жылдың  2 сәуірінде   «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де бас маманы болып тағайындалды.

Атқаратын міндеттері:

"Өнірлерді дамыту" және "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламалары шенберінде қаржылық қолдауға бөлінген қаражаттың уақытылы және толық игеру мақсатында жұмыстар жүргізу және бағдарламаларды орындау туралы есепті ай сайын жоғарғы орынға ұсыну;
Тірек елді мекендер мен ауылдық елді мекендер даму бағдарламаларының орындалу есебін жүргізу;
"Дипломмен ауылға" жобасының аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешен мамандарына берілетін әлеуметтік қолдау шаралырын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асыру, ұсынылған құжаттардың зандылығын тексеру, ақша қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізу және бағдарламаның іске асуын қадағалау;
"Жеке және заңды тұлғалардың" өтініштерін уақытылы тексеру, жауабын беру;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы құжаттарына жауапты болу;

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің қаржы секторының бас маманы /Е-R-4/ Омарбаев Елдос Маратулы

30.12.1990 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Қараменде би селолық округі,  Ақтас ауылында  дүниеге келген. 2006 жылы Қарағанды банк  колледжіне  түсіп  2009  жылы бітірген. 2009 жылы  Қарағанды  қаласындағы мемлекеттік техникалық университетіне түсіп 2012 жылы аталған университетті бітірген.Еңбек жолы 2011-2016 жж. аралығында Қарағанды облысының табиғат ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ММ есепші,2016-2017 жж аралығында  Қарағанды облысының  Абай қаласындағы Абай қаласы әкімдігінде бухгалтер, 2017 жылдың наурыз –қараша айлар аралығында  Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімінде есепші, 06.11.2017-21.12.2017жж. аралығында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінде келісім шарт негізінде экономист, 21.12.2017 жылдың желтоқсанынан Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінде қаржы секторының бас маманы болып тағайындалды.

Атқаратын міндеттері:

Жергілікті бюджеттің қаражаттарын тиімді және мақсатты пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету;
Қаржыландырылған қаржының мақсатты және мерзімінде игерілуін  қадағалауға сараптама жасау;
Түсімдер және шығындардың анықтама бойынша өзгертілген, бекітілген бюджеттің жоспарын "Қаржы үйі" бағдарламасы бойынша "Экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне тапсыру;
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын  барлық мекемелердің бюджет қаржысының игерілуіне талдау жасау;
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мекемелердің ай ішінде өткен төлем шоттарына  талдау жасау;
Мақсатсыз пайдаланған бюджет қаражатын қайтару немесе тоқтату;
Жергілікті бюджеттің орындалуына алдын-ала бакылауды жүзеге асыру;
Бюджет қаржысын үнемдеуге байланысты ұсыныстар беру;

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік активтер және сатып алулар секторының жетекші маманы /Е-R-5/ Шакижанова  Бағлан Бегликқызы

1987 жылы 27 қарашада Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қуаныш  ауылында  дүниеге  келген. 2007 жылы Қарағанда қаласындағы «Экономика, бизнес және құқық» колледжін “Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит” мамандығы бойынша үздік бітіріп, 2010 жылы  Қарағанды  экономикалық  университетінде “Бухгалтер, аудитор”мамандығы бойынша аяқтаған. 05.11. 2007 – 15.05. 2012  ж.ж.- Ақтоғай ауданы, Қуаныш ауылы, С.Ибраев атындағы негізгі мектебінде іс-қағаз жүргізуші.16.05.2012 -04.11.2013 – Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің іс-қағаз жүргізушісі.2013 жылдың  04 қарашасынан Ақтоғай ауданының экономика және қаржы  бөлімінің бағдарламашысы.  2017 жылдың 9 қарашасында  Ақтоғай ауданының экономика және қаржы  бөлімінің  мемлекеттік активтер мен мемлекеттік сатып алулар секторының  жетекші маманы.

Атқаратын міндеттері:

Аудан бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу мониторингісін жасап, тиісті органдарға мәлімет беріп отыру;
Мемлекеттік сатып алу саласы бойынша келіп түскен тапсырмаларға, бақылау жұмыстарына уақытылы жауап беру, талдау жасау;
Жоғарғы органдардан түскен тапсырмаларды орындау барысында тиісті ақпараттарды жинақтап, мәлімет дайындау;
Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы  тауарларды,  қызметтерді,  жұмыстарды  мемлекеттік  сатып  алудың   жиынтық  жоспарының  жасалуын  қадағалау;
Мекемелер  өткізген  конкурстардың  нәтижелері   бойынша  жасалған   келісім  шарттардың  орындалуына  талдау   жасау;
Шағын  кәсіпкерлік  субьектілеріндегі  мемлекеттік  сатып  алулар  көлемінде, жергілікті тауар өндірушілердің  конкурстық  рәсімдемелерге  қатысуына  коммуналдық  меншік  обьектілерінің  құрылысы   жөніндегі   конкурстарға  талдау  жасау.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района