в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

Бөлім басшысы

Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы /Е-R-1 Турғанбеков Қайржан Бауыржанұлы

Тұрғанбеков Қайыржан Бауыржанұлы 1987 жылы 3 қыркүйекте Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. 2005-2009ж.ж  Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университетін «заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 02.02.2010-19.10.2012ж.ж.  «Балқаш қаласының мәслихат аппараты» ММ-нің заңгер бас маманы болып бастаған. 04.11.2013-09.02.2015ж.ж. Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінің бас маманы болып қызмет жасаған. 2015 жылдың 9 ақпаны мен 12 маусым аралығында  Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып қызмет жасады. 2017 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет жасап келеді.

Атқаратын міндеттері

Бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басқарады және бөлімнің өз міндеттерін және функцияларын орындауға дербес жауап береді;
Бөлімнің жұмысын жоспарлайды;
Мекеменің қаржы, кадр мәселесін шешу, материалдық-техникалық базасын нығайтуды қаматамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын реттейтін тиісті заңдылықтарға сәйкес өзі басқарып отырған бөлімнің қызметкерлерін тағайындап, босатады;
Ауданның ішкі саясат процестерін мемлекеттік реттеуге қатысады, ішкі саясат  саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметін, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қызметін, діни ұйымдар жұмысын үйлестіреді;
Үгіт-насихат, ақпарат және түсіндірме жұмыстары шараларын жүргізу, бұқарамен байланысты нығайту, аудан халқының әлеуметтік, саяси көзқарастарына баға беріп, оларға зерттеулер жасайды;
Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет  туралы” Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелеріндегі) басқада міндеттер.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района