в актогае 9
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

Ереже

«Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі  жергілікті деңгейде ішкі саясат саласында ортақ экономикалық саясатты жүзеге асыруда үйлестіруші және бақылаушы міндеттерін орындауға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

Құрылтайшы: «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

2. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар :

1) «Тоқырауын тынысы» Ақтоғай аудандық газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

2)  «Ақтоғай ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ;

3. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі                

азаматтық-құқықтық қатынастарға өз  атынан түседі.

6. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша  заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының  бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі       

құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейханов көшесі, 2 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілері мен «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Миссиясы:

«Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оған бағынысты ведомстволардың қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан ұйымдастыру мен қатар материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқаруды және бақылауды жүргізеді.

15. Міндеттері:

1) Қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік  саясатты  қалыптастыру  және жүзеге асыруға, сонымен қатар мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамдық процессерді  демократизациялауға қатысу;

2) Қазақстан  Республикасының   Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті  мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік  бағдарламаларды, сондай-ақ облыс, аудан әкімдері тапсырмаларын және Мекеменің құзіретіне кіретін мәселелерді жүзеге асыру;

3) Қазақстан  Республикасы  Президентінің ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиясының негізгі бағыттарының басымдықтарын насихаттауға қатысу;

4) Мемлекеттік ішкі саясат саласындағы бағдарламаларымен қатар қоғамдық-саяси мәселелер бойынша ақпаратты-насихат жұмыстарын үйлестіру;

5) Аудандағы қоғамдық-саяси көзқарастар мен жастардың әлеуметтік жайын жан-жақты зерттеп, сараптама жасау;

6) Жастар саясатын жүзеге асыру сондай-ақ  мемлекеттік  тапсырысты орындауда  аудандық  бұқаралық аппарат құралдары қызметін үйлестіру;

7) Аудан көлеміндегі  зерттеулерді  қоғамдық-саяси  негізде  жүргізу;

8) Саяси партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыста болу.

9) Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық  филиалдары  мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл  саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның  қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді  ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты  анық емес немесе  көрінеу  жалған мәліметтерді   ұсынуы және  Қазақстан Республикасының «Діни қызмет  және діни бірлестіктер  туралы» заңнамасын  бұзу фактілері  орын алған жағдайда  қолданыстағы заң талаптарына  сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауды жүзеге асырады.

16. Функциялары:

1) «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) Ауданның ішкі саяси процесстерін мемлекеттік реттеуге қатысу, ішкі саясат саласында  жергілікті  атқарушы  органдар  қызметін  үйлестіру, аудандық қоғамдық - саяси  өміріне зерттеулер және болжаулар жасау, саяси партиялар және басқада қоғамдық бірлестіктер  қызметін ұйымдастыру, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу;

2) Мекеменің құзырына жататын мәселер бойынша аудан әкімінің өкім, шешімдерінің жобаларын талдау және дайындау;

3) Қоғамдық-саяси және жергілікті атқарушы органдардың қызметін ақпараттандыру жүйесін жетілдіруде аудан әкімдігінің жұмысына қатысу.

4) Мекеменің өкілеттілігіне жататын мәселелер бойынша кент, ауыл әкімдіктері жұмыстарына бағыт беру;

5) Аудан көлемінде өткізілетін жергілікті, қоғамдық-саяси, мәдени шараларды саяси қамтамасыз ету;

6) Ішкі саясат салдасында аудандық бұқаралық ақпарат құралдары мен кент, ауыл әкімдерінің ақпаратты – насихат қызметін бақылау және  үйлестіру.

7) Ішкі саясат мәселесіне қатысты ақпараттық мәліметтер базасын жинақтау және қалыптастыру жұмыстарын іске асыру;

8) Ауданда ішкі саяси процесстерді демократизациялау және дамытуға арналған шаралар дайындау және өткізуге қатысу;

9) Аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен бірлесіп, Мекеме құзырына жататын ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

10) Еліміздің дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен қаралған басқа да функцияларды іске асыру.

2) ведомстволардың функциялары:

 «Тоқырауын тынысы» Ақтоғай аудандық газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің» функциялары:

1) Республика мен облыстың экономикалық, әлеуметтік  және қоғамдық саяси өміріндегі оқиғалар туралы өзекті, объективті әрі толық ақпарат және газет оқырмандарын қызықтыратын басқа да  ақпараттар басылатын аудандық «Тоқырауын тынысы» газетін шығару;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, сөздерін, Үкімет пен Парламенттің Қаулыларын,  Ақтоғай ауданынан сайланған облыстық маслихат депутаттарының қызметі туралы материалдар, биліктің орталық және басқа  да органдарының қызметі;

3) Қазақстан Республикасы  Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын талқылау және оның іске асырылу барысы;

4) Аудан әкімі мен аудандық маслихат хатшысының құттықтауларын жариялау, аудан  әкімі және оның орынбасарлары өткізген немесе олардың қатысуымен, сонымен қатар аудандық маслихат хатшысының қатысуымен  өткен кеңестер мен басқа да іс-шаралар туралы материалдар жариялау, сессиялар туралы және аудандық әкімдік пен аудандық маслихат жұмысы туралы басқа да ресми материалдарды екі аптадан кем емес мерзімде;

5) Аудандық маслихат бекіткен аймақтық бағдарламалардың іске асырылуы жөнінде материалдарды шығару;

6) Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірін баяндайтын материалдарды;

7) Жастар саясаты, балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелері жөнінде;

8) Қылмыспен, нашақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы материалдар, азаматтарды құқықтық жағынан сауаттандыру, құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқық тәртібін сақтау, адам құқығын қорғау кепілдігі жөнінде;

9)  Саяси-тарихи сипаттағы материалдарды шығару;

10) Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» туралы заңына қайшы келмесе саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктердің  өткізген іс-шаралар туралы, егер олар дайындаған материалдарды шығару;

11) Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының іске асырылуы, ұлттардың тілдері мен дәстүрлерін дамыту, олардың тарихи зердесін қалпына келтіру жөнінде;

12) Өңірдегі интернационалдық және патриоттық тәрбиенің, көші-қон жағдайының мәселелері жөнінде;

13) Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және басқа да мерекелерін тойлауға байланысты іс-шаралар;

14) Аудандық статистикалық басқармасы  ұсынатын ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, қаржы бөлімі ұсынатын аудандық бюджеттің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы есептері туралы;

15) Аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және аудандық маслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін, қаржы бөлімі бастығының аудандық бюджет туралы баяндамасы туралы ақпараттарды жариялайды.

«Ақтоғай ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары:

1) Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мен «Ақтоғай ауданының жастары» аймақтық бағдарламаның орындалуы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық жастар бірлестіктерімен жастардың мәселелерін шешуде іс-қимылын әрекеттесу мен үйлестіру;

2) Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің жұмысын қамтамасыз ету, кенттер мен ауылдық округтерінің жастар ісі жөніндегі Кеңестердің қызметін ұйымдастыруға әрекеттесу мен көмек көрсету;

3) ақпаратты насихаттау, аналитикалық қамтамасыз ету  жұмысы бойынша ауданда немесе қалада мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

4) жастарға қоғамдық маңызды жастар бастамашылығына, ақпаратты-ағартушылық, қоғамдық-мәдени, қоғамдық-саяси және басқа да шараларды өткізуге көмек көрсету;

5) балалар-жасөспірімдер клубы мен қоғамдық жастар бірлестіктерінің қызметін практикалық жұмысы мен үйлестіруін ұйымдастыру;

6) жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

17. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

1) Ведомствалық бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан белгіленген  тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;

2)      Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін бөлім құзырына жататын мәселелерді дайындауға қатыстыруға және тиісті ұсыныстарды жасауға жұмысшы топтарын құруға;

3)      Ішкі саясатқа қатысты мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруда аудан әкіміне ұсыныс жасауға, ақпараттық-аналитикалық және басқа да құжаттар дайындауға;

4)      Мекеме қызметін ұйымдастыру мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға өз құзіреті шегінде тапсырма беруге, оны бақылауға және де  жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға;

5)      Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында аудандық бағдарламаны қаржыландыру және ақпараттық саясатты жергілікті деңгейде өткізуде мемлекеттік тапсырысты іске асыруға;

6)Мемлекеттік органдардағы ішкі саясат мәселелерімен айналысатын лауазымды тұлғаларға әдістемелік-ұйымдастыру, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетуге құқылы.

Міндеттері:

1)Қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік  саясатты  қалыптастыру  және жүзеге асыруға, сонымен қатар мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамдық процессерді  демократизациялауға қатысу;

2)Қазақстан  Республикасының   Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті  мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік  бағдарламаларды, сондай-ақ облыс, аудан әкімдері тапсырмаларын және Мекеменің құзіретіне кіретін мәселелерді жүзеге асыру;

3)Қазақстан  Республикасы  Президентінің ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиясының негізгі бағыттарының басымдықтарын насихаттауға қатысу;

4) Мемлекеттік ішкі саясат саласындағы бағдарламаларымен қатар қоғамдық-саяси мәселелер бойынша ақпаратты-насихат жұмыстарын үйлестіру;

5) Аудандағы қоғамдық-саяси көзқарастар мен жастардың әлеуметтік жайын жан-жақты зерттеп, сараптама жасау;

6)Жастар саясатын жүзеге асыру сондай-ақ  мемлекеттік  тапсырысты орындауда  аудандық  бұқаралық аппарат құралдары қызметін үйлестіру;

7) Аудан көлеміндегі  зерттеулерді  қоғамдық-саяси  негізде  жүргізу;

8)Саяси партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыста болу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. « Ақтоғай ауданы әкімдігі » мемлекеттік мекемесі басшылықты «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-не жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді.

2) өз құзыреті шегінде Мекеменің қызметкерлері мен жұмысшыларына орындау үшін бұйрықтар шығарып, нұсқаулар береді.

3) бекітілген құрылым, штат бірлігі, шығындар сметасы шегінде Мекеменің штаттық кестесін бекітеді.

4) заңдылықтарға сәйкес Мекеме қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

5) заңмен белгіленген тәртіпте мекеме қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданылады.

6) мекеме құзыретіне енетін мәселелер бойынша шешімдер мен өкімдер жобаларын белгіленген тәртіпте аудан әкімінің қарауына ұсынады.

7) құжаттардың орындалуына бақылау ұйымдастырады және оны жүзеге асырады,олардың сақталуына жауап береді.

8) банк мекемелерінде есеп және басқа да шоттар ашады.

9) заңмен белгіленген тәртіпте қызметкерлеріне көтермелеу сыйлығын береді.

10) өз құзыреттері шегінде қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа мемлекеттік органдар және ұйымдармен Мекеме атынан байланыс жасайды.

11) өз құзыретіне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау жұмыстарын ұйымдастырады және оның әрі қарай жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады.  

13) мекеме қабылдайтын бұйрықтарға мекеме басшысы қол қояды.

«Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

Бөлім басшысы қолданыстағы  заңнамаға сәйкес тағайындалады және босатылады.

4. Жұмыс тәртібі

  1. Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағатқа бекітіледі.
  2. Жұмысшылар үшін аптасына 2 күн демалысымен 5 күндік жұмыс тәртібі бекітіледі. 5 күндік жұмыс аптасының ұзақтылығы жұмыс берушінің актісімен бекітіліп жұмыс спецификасымен қоса және бекітілген жұмыс ұзақтылығын сақтай ортырып анықталады.
  3. Бес күндік жұмыс аптасының ұзақтылығы кезінде күнделікті жұмыс ұзақтылығы 8 сағаттан және аптасына 40 сағаттық нормасынан аспауы тиіс.
  4. Күнделікті жұмыс уақыты оның басталуымен аяқталуы, жұмыс уақыты кезіндегі үзілістер, ұйымның еңбек тәртібіне еңбек ұжымдық келісім шарттарда бекітілген Ережелерді сақтай отырып анықталады.   

5. Мемлекеттік органның мүлкi

22. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

«Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекiтiлген мүлiк жергілікті коммуналдық меншiкке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымның тізбесі:

1)  «Тоқырауын тынысы»  Ақтоғай аудандық газетінің редакциясы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;

 «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi:

  1. «Ақтоғай ауданының жастармен жұмыс жасау орталығы» мемлекеттік мекемесі.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района