в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі     /Е-R-3/ Алибаев Алтай Баймаганбетович

 Сектор меңгерушнің міндеттері:
Ішкі саясат саласындағы жұмыстарды қадағалайды. Қоғамдық-саяси қозғалыстарды зерттеп, анықтап зерделейді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған жыл сайынғы Жолдауын, ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы», «Жарнама туралы» Заңын, Үкімет бағдарламаларын, облыстық, ауданның даму бағдарламаларын түсіндіру және насихаттау, қоғамдық саяси ахуалға сараптама жасау.
Жоғары орындардан келген хаттармен жұмыс жасайды, олардың орындалысын ұйымдастырады, әрі қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған ұйымдардың сұранысына сәйкес ақпарат дайындайды.
Қоғамдық ұйымдармен бөлім жұмысының аясында қарым-қатынаста болады.
Қоғамдық бірлестіктер жұмысына басшылық жасайды. Аудан көлемінде діни мәселелер бойынша құқықтық сараптама жүргізеді.
Аудан көлемінде орналасқан сыртқы көрнекіліктердің заңға сәйкес орналасуын қадағалайды.
Бөлімнің жылдық, тоқсандық, айлық жоспарын жасап, ақпарын уақытылы облыстық және жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.
Жыл бойы өткізілетін мемлекеттік және кәсіптік мерекелердің іс-шаралар жоспарын жасап, ақпарын ұсынады.
Бөлімнің экономикалық даму жоспарын дайындап, ақпарат ұсынады.
Облыстық басқармалардан, аудан әкімдігінен және басқа да атқарушы органдардан түскен хаттарды «Электронды құжат айналымы» бағдарламасы негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы орындауды жүзеге асырады.
Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізеді, заң нормаларының сақталуына жауапты болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы /Е-R-4/ Суйндикова Индира Шабанкуловна

 Бас маманның міндеттері:
Аудан бойынша Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңдарының сақталуына  жауапты.
Бұқаралық ақпарат құралына мониторингтік зерттеулер жасайды. Республикадағы жалпы ұлттық мемлекеттік стратегиясының БАҚ-тағы түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді. БАҚ-тағы шыққан материалдардың заңға қайшы еместігін анықтайды.
Жоғары органдардан келген хаттармен жұмыс жасайды, олардың орындалысын ұйымдастырады, әрі қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған ұйымдардың сұранысына сәйкес ақпарат дайындайды.
Жастар саясатының аудандағы орындалысын қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар жұмыстарын жүргізеді.
Аудандық Аналар кеңесінің жұмыстарын ұйымдастырады.Баспасөзге жазылуды жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын аудан көлемінде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
Халықты «Otau TV» ұлттық жерсеріктік теле-радиотаралым қызметімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.
Облыстық басқармалардан, аудан әкімдігінен және басқа да атқарушы органдардан түскен хаттарды «Электронды құжат айналымы» бағдарламасы негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы орындауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы /Е-R-4/ Райымбеков Жанболат

Бас маманның міндеттері:
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптарына сәйкес жұмыс жүргізу, ұлтаралық татулық, бірлік жөніндегі қоғамдық ұйымдар жұмысын үйлестіру, халықтың әлеуметтік тұрмысы мен саяси, діни көзқарастарына зерттеулер жасауды қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі аудандық кеңестің жұмысын ұйымдастырады. Дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді.
Аудан көлемінде діни мәселелер бойынша құқықтық сараптама жүргізеді. Бөлімде дайындалатын нормативтік құқықтық актілердің заң талаптарына сәйкестігіне қадағалау жасайды.
Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
Аудан әкімі жанындағы терроризмге қарсы комиссияға тиісті ақпарат дайындап ұсынады.
Аудан көлемінде орналасқан ҚМДБ-на қарасты мешіттермен жұмыс жүргізеді.
Өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді және діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
Деструктивті діни ағымдарда жүрген азаматтармен, олардың  отбасы мүшелерімен сауықтыру мақсатында жеке жұмыстар жүргізу.
Бөлімге келген құпия іс қағаздармен жұмыс жүргізу.
Облыстық басқармадан, аудан әкімдігінен және басқа да атқарушы органдардан түскен хаттарды «Электронды құжат айналымы» бағдарламасы  негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы орындауды жүзеге асырады.
Белгіленген тәртіпте бөлімнің мүддесін сотта қорғайды, сондай-ақ басқа да ұйымдарда бөлім қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде өкілдік етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района