в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

Бөлім басшысы

Ақтоғай ауданынының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы /Е-R-1/ Тусупбеков Роллан Абылайұлы

1987 жылдың 14 мамырында Қарағанды облысы,  Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген.
2005 жылы Қарағанды экономикалық университетіне «Заңтану» мамандығы бойынша түсіп, аталған университетті 2009 жылы аяқтаған.
2009 жылы Ақтоғай ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық жұмыстар бөлмшесінің бас маман міндетін атқарушы болып жұмысқа орналасқан.
2010 жылы Қарағанды экономикалық университетіне сырттай оқуға түсіп, 2012 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
2010 жылы Ақтоғай ауданының әкімі аппаратының құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасайды.
2014 жылы Ақтоғай аудан әкімі аппаратының құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып ауыстырылады.
2014 жылдың 18 тамызында Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Үйленген, 3 баласы бар.

Атқаратын міндеттері

Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, басқарады және бөлімнің өз міндеттерін және функцияларын орындауға дербес жауап береді.
Мекеменің қаржы, кадр мәселесін шешу, материалдық-техникалық базасын нығайтуды қаматамасыз етеді.  Тиісті заңдылықтарға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін тағайындап, босатады.
Аудан көлемінде “Мәдени мұра” бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Кітапхана, мұражайлар, клубтардың жұмыстарына жетекшілік жасау, оған әдістемелік көмектер көрсету.  Тіл саясаты жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың орындалысын қамтамасыз етеді. Тіл жөніндегі заңдылықтарға бақылау жасайды. Кент, ауылдық округтердегі клуб, мәдени-демалу орталықтарының жұмысын үйлестіреді. Елді-мекендердің, білім беру ұйымдарының, көшелердің, алаңдардың атауын сақтауға бағытталған шараларды жұзеге асыру.
Тарихи және мәдени ескерткіштердің сақталуына мекеме, кәсіпорындарының қамқорлық жасауын ұйымдастыру, оған қоғамды жұмылдыру. Халық шығармашылығы, халықтың ортасындағы мәдени демалудың сан салалығын дамыту, аудан деңгейіңдегі мәдени-бұқаралық шаралардың өтуіне жұмыстарды үйлестіру.
Азаматтардың өтініштерін қарауды және  жеке қабылдауды жүзеге асырады.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района