в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

Ереже

«Ақтоғай ауданының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  ЕРЕЖЕСІ

 І. Жалпы ережелер

“Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі (одан әрі- Мекеме) мәдениет және тілдерді дамыту бойынша үйлестіру және бақылау функцияларын орындаушы уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

Құрылтайшысы: “Ақтоғай ауданы Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі.

Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясынын  Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, осы Ережені, сондай-ақ ведомстволық нормативтік актілерін басшылыққа алады және өз жұмысын жергілікті жерлердегі мемлекеттік билік және басқару органдарымен, мәдениет ошақтарымен өзара тығыз байланыста жүргізеді.

Мекеме өз қызметін аудан әкімінің басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және аудан әкімінің тек өзінің айрықша жетекшілік етуіне жататын шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ.

Мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкіде жеке есеп-шоты бар.

Мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады.

Мекеме өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте бұйрық түріндегі актілер шығарады, олардың төменгі органдар мен ведомстволық бағынышты ұйымдар үшін міндетті күші бар.

Мекеме құрылымы мен шекті штат бірлігін аудан әкімі бекітеді.

Мекеме жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

Мекеменің заңды мекен-жайы: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Ә.Бөкейхан көшесі, 2 үй.

ІІ. Мекеменің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары.

Мекеменің негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен  Үкіметінің актілерін, мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ облыс, аудан әкімдері тапсырмаларын және Мекеменің құзыретіне кіретін  мәселелерді жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы Президентінің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі бағыттарының басымдықтарын насихаттауға қатысу;

Мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы мемлекеттік бағдарламалармен қатар Қазақстан Республикасының “Мәдениет туралы”, “Тіл туралы” Заңдары, “Мәдени мұра” бағдарламасы және басқа да мәселелер бойынша ақпараттандыру, насихаттау және тарату  жұмыстарын үйлестіру;

Аудандағы мәдени саласымен тілдер саясатының негізгі бағыттарын, даму жағдайын жан-жақты зерттеп, сараптама жасау;

Аудан көлеміндегі мәдениет саласы және тілдер саясатына қатыстылығы бар бірлестіктерімен, ұйымдармен және топтарымен өзара байланыста  болу, бірлесіп  жұмыстар атқару;

Қазақ халқының және  Қазақстан Республикасында тұратын басқа да халықтардың мәдени ерекшеліктері, мәдениет саласындағы жетістіктері, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын насихаттау, сонымен бірге өскелең ұрпақты рухани  эстетикалық тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды үйлестіру;

Аудандағы ономастикалық қызметті ғылыми-заңдық негізде реттеу, ономастика жүйесін одан әрі дамыту және ономастикалық жұмыстың құқықтық негіздерін, қолдану тетігін және іске асыру нысандарын әзірлеу;

Кино, видео көрсету қызметтері арқылы кенттер, селолық округтер мен аудан тұрғындарының мазмұнды демалуын ұйымдастыру;

Өнер мен шығармашылықтығы жас таланттарды іздестіру және қолдау;

Шалғайда жатқан елді мекендерге мәдени көңіл көтеру бойынша жұмыстар жүргізу;

11.Мекеменің негізгі функциялары:

1) Ауданда мәдени - көпшілік шараларды жоғары  деңгейде  ұйымдастыру,  жергілікті   жердегі  мемлекеттік  органдардың мәдениет   және   тілдер   саясаты   саласындағы жұмыстарын үйлестіру, мониторингтер, анализдер мен болжамдар жүргізу, қазақстандық патриотизмді насихаттау және  тәрбиелеу;

2) ауданда тіл саясаты мен мәдениет саласында Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілгінің   тапсырмалары, облыс және аудан әкімдерінің  бұйрықтары, шешімдері    және тапсырмалары бойынша бақылау жасауды қамтамасыз ету;

3)  Мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің өкім, шешімдерінің жобаларын талдау және дайындау, қоғамдық-саяси өмірдегі және мәдениет саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін ақпараттандыру жүйесін жетілдіруде аудан әкімдігінің жұмысына қатысу.

Мәдениет және тілдерді дамыту салаларына қатысты ақпараттық базаны қалыптастыру және жинақтау бойынша жұмыстарды іске асыру;

Аудандағы мәдени және тілдік бағыттарды демократияландыруды нығайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, ғылыми-практикалық шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

Әкім аппаратының басқа бөлімдерімен бірлесіп мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды жүргізу;

Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен қаралған басқа да функцияларды іске асыру;

12. Мекеменің құқықтары:

1)  ведмостволық  бағыныштылығына  және  меншік  түріне қарамастан  белгіленген    тәртіпте       мемлекеттік      органдардан,  ұйымдардан,                   лауазымды      адамдардан   мекемеге          жүктелген      міндеттерді орындауға қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;

Мемлекетік органдар   мен  басқа  да   ұйымдардың   қызметкерлерін бөлім    құзырына   жататын  мәселелерді  дайындауға   қатыстыруға және тиісті ұсыныстарды жасауға жұмысшы топтарын құруға;

Мәдениет  және  тілдер саясатына қатысты мемлекеттік  органдардың қызметін ұйымдастыруда аудан әкіміне ұсыныс жасауға,  ақпараттық-аналитикалық және басқа да құжаттар дайындауға;

Мекеме қызметін ұйымдастыру мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға өз құзіреті шегінде тапсырма беруге, оны бақылауға және де жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға;

Мемлекетік органдардағы мәдениет және тілдер саясатының мәселелерімен айналысатын лауазымды тұлғаларға әдістемелік-ұйымдастыру, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетуге құқылы.

ІІІ. Мекеменің мүлікі

13.Мекеменің мүлкі мемелекеттік меншік болып табылады және оған жедел басқару құқығымен тиесілі.

Мекеменіің мүлкі негізгі қорлардан және айналымдағы қаржылардан,сонымен бірге құны Мекеме баланыснда көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.

14.Мекемеге бекітілген мүліктер коммуналдық меншік болып табылады.

15.Мекеменің оған бекітілген мүліктерге өз бетімен иелік жасауға құқы жоқ.Бөлім таратылып немесе қайта құрылған жағдайда мүліктері мемлекетке қайта қайтарылады.

16. Мемлекеттік бақылаудағы АҚ мен ЖШС-нің иелік ету құқығы аудан әкімінің шешімімен берілген және ведмостволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалысына бақылау мен талдау жасайды.

Тиісті саланың мемлекеттік меншігін басқаруда өзінің тиісті құзіреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асырады, тиісті саланың мемлекеттік мүлкін басқаруда құқықтық нормативтік актілерді дайындайды және бекітеді.

Бағынышты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бюджеттен қаржыланатын басым бағыттағы жұмыс көлемін, қызметін және сонымен бірге ҚР заңдарында көзделген басқада қызмет басымдық бағыттарын айқындайды.

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мақсатын және іс-әрекетін анықтайды.

Комуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызмет мақсатын және іс-әрекетін анықтайды.

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қызметін мақсатын және іс-әрекетін, сонымен бірге коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын түрін (шаруашылық басқару құқығына, қазынашылық) анықтауда уәкілетті органға ұсыныс енгізеді;

Қ.Р. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында қарастырылған қарастырылған жағдайда коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорынның даму жоспарын, есептің орындалысын қарайды және бекітеді.

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының орындалысын және коммуналдық заңды тұлғаның мүлкінің сақталуы мен орындалысына бақылау жүргізеді.

Коммуналдық заңды тұлғаға немесе жеке шаруашылық қызметінде алған коммуналдық мүлікті басқаруға, жоюға немесе мүлікті бөлуге уәкілетті органға келісім береді.

Заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесін бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

Коммуналды заңды тұлғаның жылдық қаржылық есебін бекітеді.

Коммуналдық қазынашылық кәсіпорынның шығаратын, тарататын тауарларының бағасын белгілейді (жұмысы, қызметі);

Аудандық бюджеттен коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің өкілдіктері мен бөлімшелерін құруға келісім береді.

Коммуналды мүлікті басқаратын уәкілетті органның келісімімен коммуналды заңды тұлғаны қайта құру мен таратуды жүзеге асырады.

Қ.Р. «Мемлекттік мүлік туралы» Заңымен және басқада Қ.Р. Президентінің және Қ.Р. Үкіметінің актілерінде көрсетілген басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.

ІY. Мекеменің қызметін ұйымдастыру.

17.Мекеменің аудан әкімі тағайындайтын және қызметтен босататын мекеме бастығы басқарады, мекеме бастығының заңмен белгілеген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мамандары болады.

18.Мекеме бастығы мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, жүктелген тапсырмалар мен міндеттердің орындалуына жеке жауап береді. Мекеме жұмысының жеке бағыттары бойынша басшылық жасау және жауапкершілік жасау және жауапкершілік дәрежесін белгілейді.

19. Осы мақсатта мекеме бастығы:  

1)   мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттерін белгілейді.

2) өз құзыреті шегінде мекеменің қызметкерлерімен жұмысшыларына  орындау үшін бұйрықтар шығарып, нұсқаулар береді.

3) бекітілген құрылым, штат бірлігі, шығындар сметасы шегінде         мекеменің штаттық кестесін бекітеді.

Заңдылықтарға сәйкес мекеме қызметшілерін қызметке   тағайындайды және қызметтен босатады.

Заңмен белгіленген тәртіпте мекеме қызметкерлеріне тәртіптік  шаралар қолданады.

Мекеме құзіретіне енетін мәселелер бойынша шешімдер мен өкімдер жобаларын белгіленген тәртіпте аудан әкімінің қарауына   ұсынады.

Құжаттардың орындалуына бақылау ұйымдастырыды және оны жүзеге асырады, олардың сақталуына жауап береді.

Банк мекемелерінде есеп және басқа да шоттар ашады.

Заңмен белгіленген тәртіпте қызметкерлеріне көтермелеу сыйлығын береді.

Өз құзыреттері шегінде, қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа мемлекеттік органдар және ұйымдармен мекеме атынан байланыс жасайды.

Өз құзіретіне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау жұмыстарын ұйымдастырады  және оны әрі қарай жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады. (қосымша тіркеулі).                                                                                                               

20.Мекеме қабылдайтын бұйрықтарға мекеме бастығы қол қояды.

Y. Мекемені қайта құру және тарату.

21. Мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес жүргізіледі.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района