в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

Сот шешімімен коммуналдық

меншікке түскен болып танылған

иесіз қалдықтарды басқару

қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы, аудандық

мәслихаттыңхатшысы                                                                             Р.Әбеуов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтоғай ауданының тұрғын

үй коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі, автомобиль

жолдары, құрылыс және тұрғын

үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                          Ә.Нұрахмет

16 ақпан 2018 жыл

 

                                                                                                                      Ақтоғай аудандық

                                                                                                                      мәслихаттың 2018 жылғы

                                                                                                                      16 ақпандағы № 185

                                                                                                                      шешімімен бекітілген

 

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Ақтоғай ауданының жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

«Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіқалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі –уәкілетті орган).

5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

 

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi»қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Қалдықтар іске сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін олардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

10.Қалдықтар мен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района