в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

Заңсыз жер пайдаланушылардың тізімі

Елбасымыздың жер реформасына қатысты негізгі тапсырмаларын пайдаланылмайтын және тиімді пайдаланылмайтын жерлерді алып қоюды жүргізудің облыс әкімдігі мен облыс прокуратурасы бекіткен Жол картасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігімен пайдаланылмай жатқан жарамды ауылшаруашылық жерлері мен ұтымсыз пайдаланудағы .суармалы жерлерді анықтау және ауылшаруашылық айналымына енгізу жөнінде нақты шаралар қабылданған. Бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіру үшін аудандарда аудан әкімінің орынбасары басқаратын  жұмыс топтары құрылған.

Алайда, бірлесіп жүргізілген шараларға қарамастан 2017 ж. 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, Ақтоғай ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан жерлердің ауданы 2828 га болып отыр, олар 9 ауылшаруашылық өндірушілеріне бекітілген. Жердің пайдалануы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу саласында жерді пайдаланушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес нақты жауапкершілік түрлері қарастырылған.

I. ҚР Жер кодексінің 92 бабы 4 т. бойынша «Егер ауылшаруашылығы өндірісін, оның ішінде, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екі жыл мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесі осы Кодекстің 94 бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.»

Осы баптың 4 т. бойынша,ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:

1) Егістікте – жер учаскесін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін өндеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілмеуі;

2) Шабындықтарда – екі жылдан астам жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп биіктігі жұтаңдауының өзге де белгілерінің болуы;

3) Жайылымдарда – жаю үшін ауылшаруашылығы малының болмауы не оның уәкілетті орган белгілеген жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұхсат етілмейтін нормасының жиырмадан аз пайызын құрайтын мөлшерде болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;

4) Көп жылдық екпелерде – егісті күтіп өсіру, жинау жұмыстарының жүргізілмеуі және есептен шығарылған көпжылдық екпелердің тамырларының алынбауы.

ІІ. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»Кодексінің 338-бабы бойынша ауылшаруашылық жерлерін пайдаланбаған немесе ұтымсыз пайдаланған жеке тұлғаларға ескерту немесе 10 есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне  - 40 есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне  - 70 есептік көрсеткіш, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Тиісті әкімшілік шаралары қолданылған соң салық мөлшерін ұлғайту бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне және жеке меншік құқығын тоқтату үшін Әділет Департаментіне жіберіледі.

ІІІ.ҚР Салық Кодексінің 386 бабында жергілікті өкілетті органдардың жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде Жер заңдылығына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлеріне салынатын салық мөлшерін он есеге дейін көтеруіне құқық берілген.

Бұл бағытта жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы облыстық мемлекеттік кірістер Департаментімен бірлесіп пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлеріне салынатын салық мөлшерін 10 есеге көтеру бойынша жүргізілетін шаралар жоспарын іске асыруда және ол бүгінгі таңда жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін арттыруға айтарлықтай үлес қосып отыр. .

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша төмендегі телефон арқылы хабарласуларыңызға болады 8(7212) 47-82-25, 47-81-19, 47-56-96

                                                                                   Қосымшада: ықтиятсыз жерпайдаланушылардың тізімі

 

 

Ақтоғай ауданы бойынша 01.01.2017 ж.мәліметтерге сәйкес анықталған ықтиятсыз жерпайдаланушылардың тізімі

       

№/№ п/п

Жерпайдаланушылардың АЖӘ

Селолық округ

Жер көлемі, га

1

"Қазыбек-Нұржанов" Нұржанов

Жидебай с/о

50

2

"Егінші" Мусаканова К

Жидебай с/о

209

3

Аика Төлепбекова Б

Жидебай с/о

323

4

"Ақжол" Алтынбеков

Жидебай с/о

125

5

"Думан" Қойшанова К.

Қызыларай с/о

174

6

"Елдар" Садуов Е.

Кежек с/о

101

7

"Сабен" СагындықСерикжан

Нүркен с/о

329

8

Шот баба Мақашев

Шұбар-Түбек с/о

111

9

ТОО  "ADLET-AGRO"

Қарамендеби с/о

682

10

ТОО  "ADLET-AGRO"

Қызыларай с/о

724

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района