в актогае 8
USD 379.86
EUR 422.97
RUB 5.85
Мобильная версия

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Қарағанды облысыәкімдігінің

2015 жылғы «17» ____09____

№ __54/02__

қаулысыменбекітілген

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер

немесе анықтамалар беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктернемесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қарағанды облысы қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету формалары: электронды (ішінара автоматтандырылған)және (немесе) қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1) Халыққа қызмет көрсету орталықта – қағаз жеткізгіштегі қайталама куәлік немесе электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар;

2) порталда:

қайталама куәлік алғанда – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама;

электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);

2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну формасы: қағаз жүзінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекет) бастауға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 маусымда №11374 тіркелген, «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен (бұдан әрі - Стандарт) бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі стандартының 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттар мен өтініш негіз болады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету барысының құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар түскеннен кейінқызмет көрсетушінің кеңсе маманыоларды тіркеуден өткізіп, қызмет көрсетушінің басшысына қарастыруға береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

нәтиже – тіркеу және өтініш пен құжаттар пакетінің қызмет көрсетушінің басшысына қарастыруға берілуі;

2) қызмет көрсетушінің басшысы жауапты орындаушыны анықтап, орындаушыға сәйкес виза жасайды – 30 (отыз) минут ішінде;

нәтиже –қызмет көрсетушінің виза жасауы және қызмет көрсетушінің орындаушысына тапсыруы;

3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестілігіне қарай қарастырады да, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдағаннан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын әзірлейді – Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан бері азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің қызметке ену кезінен бастап) электронды форматтағы анықтамаларды беру–1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;

«АХАТ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электронды нұсқалары және тіркеуші орган архивінде азаматтық хал актісі болған жағдайда – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

құжаттарды қосымша тексеру немесе басқа мемлекеттік органдарға сұраныс жіберу қажет болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен астам создырылмайды, қызмет қабылдаушыны хабарлау арқылы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде;

азаматтық хал актісін басқа тіркеуші органда тіркеу кезінде–30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

нәтиже – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы басшыға қол қоюға беріледі;

4) қызмет көрсетушінің басшысы шешім қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды – 30 (отыз)минут ішінде;

нәтиже–мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесі;

5) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, тізілімге сәйкес, Орталық қызметкеріне тапсырады-20 (жиырма) минут;

нәтиже –мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің Орталық қызметкеріне тапсырылуы.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету барысына қатысушы құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізімі:

1) қызмет көрсетушінің басшысы;

2) қызмет көрсетушінің кеңсемаманы;

3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы.

7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсім (әрекет) тәртібінің сипаттамасы, әрбір рәсім ұзақтығының көрсетілуімен қоса:

1) өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар түскеннен кейін қызмет көрсетушінің кеңсе маманы оларды тіркеуден өткізіп, қызмет көрсетушінің басшысына қарастыруға береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

2) қызмет көрсетушінің басшысы жауапты орындаушыны анықтап, орындаушыға сәйкес виза жасайды – 30 (отыз) минут ішінде;

3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестілігіне қарай қарастырады да, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдағаннан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын әзірлейді – Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан бері азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің қызметке ену кезінен бастап) электронды форматтағы анықтамаларды беру – 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;

«АХАТ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электронды нұсқалары және тіркеуші орган архивінде азаматтық хал актісі болған жағдайда – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

құжаттарды қосымша тексеру немесе басқа мемлекеттік органдарға сұраныс жіберу қажет болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен астам создырылмайды, қызмет қабылдаушыны хабарлау арқылы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде;

азаматтық хал актісін басқа тіркеуші органда тіркеу кезінде– 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

4) қызмет көрсетушінің басшысы шешім қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды – 30 (отыз) минут ішінде;

5) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, тізілімге сәйкес, Орталық қызметкеріне тапсырады - 20 (жиырма) минут.

 

 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

8. Орталыққа жүгіну тәртібінің сипаттамасы, қызмет қабылдаушы сұранысының қаралу ұзақтығы:

Орталыққа жүгіну кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге, Орталық қызметкерінің қызмет алушыдан Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау негіз болып табылады.

1) Орталық қызметкері:

өтініштің дұрыс толтырылуын және құжаттар пакетінің толықтығын тексереді, қызмет қабылдаушы ұсынған құжаттар көшірмелерін салыстырады;

құжаттар толық ұсынылған жағдайда, Орталық қызметкері оларды «Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интегралданған ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесіне тіркейді (бұдан әрі – ХҚКО-ға арналған ИАЖ);

қызмет қабылдаушының тұлғасын идентификациялап, ол туралы мәлімет пен ұсынылған құжаттар тізімін ХҚКО-на арналған ИАЖ-ға енгізеді;

өзгесі Қазақстан Республикасы заңында қарастырылмаған жағдайда, заңның қорғалушы құпиясын құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға қызмет қабылдаушының жазбаша келісімін алады;

тиісті құжаттарды қабылдағаны жөнінде қызмет қабылдаушыға қолхат береді;

қызмет қабылдаушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, Орталық қызметкері Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес, формаға сай құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (он бес минуттан артық емес);

2) Орталық қызметкері құжаттар пакетін дайындап, оны қызмет көрсетушіге курьерлік немесе бұл байланысқа өкілетті басқа орган арқылы жолдайды (бір жұмыс күнінен артық емес);

құжаттардың берілуі Орталықта, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде жүзеге асады;

3) Орталық қызметкері, қолхатқа сәйкес, қызмет қабылдаушы (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) жеке куәлігін ұсынған  жағдайда, «электронды кезек» талонын береді (он бес минут артық емес);

4) қызмет қабылдаушы (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) жеке куәлігін ұсынған жағдайда, Орталық қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді (он бес минут мин артық емес).

9. Өтініш пен портал арқылы қызмет қабылдаушының мемлекеттік қызмет алу реттілігінің сипаттамасы:

1 үдеріс– қызмет қабылдаушының мемлекеттік қызмет қабылдау үшін порталға БИН және құпия сөзін енгізу үдерісі (автоматизация үдерісі);

1шарт – БИН және құпия сөз арқылы тіркелген қызмет қабылдаушы жөніндегі мәліметтердің растығын тексеру;

2үдеріс – қызмет қабылдаушы мәліметтеріндегі бұзушылықтарға байланысты, порталда автоматизация жасаудан бас тарту жөнінде хабарлама жасау;

3үдеріс – қызмет қабылдаушының мемлекеттік қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге сұраныс формасын экранға шығару және құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қызмет қабылдаушының форманы (мәліметтер енгізу) толтыруы;

4үдеріс – қызмет қабылдаушының толтырылған формаға (тіркелген сканерленген құжаттың енгізілген мәліметтерінің), мемлекеттік қызмет қабылдау сұранысына ЭСҚ арқылы қол қоюы;

2шарт – идентификацияланған мәліметтердің сәйкестілігін тексеру (БИН және сұраныста көрсетілген БИН арасында, ЭСҚ тіркеу куәлігінде және порталдағы қайтарылған (жойылған) тіркелген куәліктердің арасында жоқтығын);

5үдеріс – қызмет қабылдаушының ЭСҚ шынайылығының расталмауына байланысты, сұралған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде хабарлама жасау;

6үдеріс – қызмет қабылдаушының ЭСҚ-сы қойылған электронды құжатты (қызмет қабылдаушының сұранысын) ЭҮШ/АЭҮШ арқылы ЖАО АЖ-ға жолдаужәне мемлекеттік қызметті қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысының өңдеуі;

7үдеріс – қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызмет нәтижесін құруы. Электронды құжат маманның ЭСҚ арқылы құрылып, порталдағы қызмет қабылдаушының жеке кабинетіне жіберіледі.

Осы регламентке 1қосымшада портал арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызметтік өзара әрекеттестіктің диаграммасы көрсетілген.

10.Рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің, мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекеттестіктерініңтолық сипаттамасы, сонымен қатар, өзге қызмет көрсетушілер мен (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара әрекеттесу және мемлекеттік қызмет көрсетуде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдеріс анықтамасында осы регламентке 2қосымшаға сәйкес көрсетілген.

 

 


«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы

қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1қосымша

 

 

Портал арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызметтік өзара әрекеттестіктің диаграммасы

 

 

 

Информацио-

ннаясистема

Портал

Портал

Портал

Портал

ЖАО АЖ

ЖАО АЖ

 

Портал

 

 

1үдеріс

1шарт

2 үдеріс

 

3 үдеріс

4 үдеріс

 

2шарт

7 үдеріс

 

6 үдеріс

 

5 үдеріс

 

 

Қызмет қабылдаушы

           
  Подпись: сұраныс   Подпись: Бас тарту   Подпись: Бас тарту

 

 

 

 


Шартты белгілер:

 

Белгілеу шарты:

 

 

 

Бастапқы хабарлама

 

 

Соңғы хабарлама

 

 

 

Ақпараттық орта

 

 

 

Үдеріс

 

 

 

Шарт

 

 

Басқару легі

 

 

Хабарлама легі

 

 

Соңғы пайдаланушыға ұсынылатын электронды құжат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы

қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2қосымша

 

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдеріс анықтамасы

 

 

 

Қызмет қабылдаушының құжаттарын қабылдап, жауапты орындаушыны анықтау

(30 минут ішінде)

 

Өтініштің дұрыс толтырылуы мен құжаттар пакетінің толықтығын тексеру

Қызмет қабылдаушы

Портал

Қызмет қабылдаушы ЭСҚ арқылы порталда тіркеуді (авторизация) жүзеге асырады

Қызмет көрсетушінің кеңсе маманы

Қызмет көрсетуші басшысы

Орталық

 

Қызмет қабылдаушының өтініші мен құжаттарын қабылдап, тіркеу (20 минут ішінде)

 

 

Өтініш

Қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы

1)     Қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестілігіне қарай қарастырады да, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдағаннан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын әзірлейді – Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан бері азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің қызметке ену кезінен бастап) электронды форматтағы анықтамаларды беру – 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;

2) «АХАТ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электронды нұсқалары және тіркеуші орган архивінде азаматтық хал актісі болған жағдайда – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

3) Азаматтық хал актісін басқа тіркеуші органда тіркеу кезінде – 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінекірмейді);

 

 

 

ия

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды

(30 минут ішінде)

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тарату үшін Орталыққа жібереді

(20 минут ішінде)

 

Нәтиженің дайындығы жөнінде хабарлама алу

Дайын құжаттарды беру

 

Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, Орталық қызметкері құжат қабылдаудан бас тартады

 

 

Белгілеу шарты:

 

  - мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы

-мемлекеттік қызметі алушының немесе ҚФБ рәсімінің (іс-әрекетінің) атауы;

- таңдау нұсқасы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района