в актогае 0
USD 379.36
EUR 428.94
RUB 5.93
Мобильная версия

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 06 маусымдағы № 25/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 маусымда № 4831 болып тіркелді

 

Жұмыс орындары

квотасын белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік нысанына және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квотасы белгіленсін:

1) 1 қосымшаға сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

2) 2 қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

3) 3 қосымшаға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

4) 4 қосымшаға сәйкес ауыр жұмыстарды, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде мүгедектер үшін 2 % - дан бастап 4 % - ға дейінгі мөлшерде.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманжоловқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                             С.Әбеуова

 

 

              1 қосымша

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

« 06 » маусым 2018 жыл

№ 25/01 қаулысына

 

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданының білім бөлімі «Сарышаған кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп (мектеп жанындағы интернатымен)» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

152

1

2

2

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданының білім бөлімі «Күләш Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

1

1


 

               2 қосымша

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

« 06 » маусым 2018 жыл

№ 25/01 қаулысына

 

 

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

 

 

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

«Балхашбалык» фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

162

1

2

 

 

 

 

 

 

 

 

              3 қосымша

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

« 06 » маусым 2018 жыл

№ 25/01 қаулысына

 

 

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

 

 

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

1

1

2

«Балхашбалык» фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

162

1

2

 

 

 

              4 қосымша

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

« 06 » маусым 2018 жыл

№ 25/01 қаулысына

 

 

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

 

 

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданының білім бөлімі «Сарышаған кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп (мектеп жанындағы интернатымен)» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

152

3

5

2

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданының білім бөлімі «Күләш Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

2

2

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района