в актогае 5
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
Мобильная версия

Бөлім басшысы

Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімінің басшысы /Е-R-1 
Нурахмет  Асет Тлеугабылулы

Нурахмет Асет Тлеугабылулы Қазақстан Республикасының азаматы 12.09.1982 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нүркен селосында дүниеге келді. 
1989 – 1999 жылдар аралығында Нүркен селосындағы Н.Әбдіров атындағы орта мектепте, 1999-2000 жылдар аралығында Ақтоғай селосындағы К.Байсейітова атындағы аралас орта мектебін оқып, бітірді.
Білімі жоғары.          
2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне түсіп, оны 2005 жылы бітіріп, «Өндірістік азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығын алды.
2012 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясына түсіп, оны 2014 жылы бітіріп, «Менеджмент» мамандығын алды.
Жоғарғы оқу орнын бітірген соң «Энергоремстройспецмонтаж» ЖШС -де құрылыс алаңы мастері, өндірістік техникалық бөлімнің бастығы қызметтерін атқарды.
2006 – 2008 жылдар аралығында «Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарды.
2008-2010 жылдар аралығында «Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де бас маман қызметін атқарды.
2010-2013 жылдар аралығында Ақтоғай ауданы Қусақ селолық округі әкімі лауазымын атқарды.
2013 жылдың наурыз айынан 2013 жылдың тамыз айлары аралығында Ақтоғай ауданы Нүркен селолық округі әкімі болып қызмет атқарды.
2013 жылдың тамыз айынан 2015 жылдың ақпан айлары аралығында Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылы әкімі болып қызмет атқарды.
2015 жылдың тамыз айынан желтоксан айлары аралыгында Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімінде бас маман болып жумыс аткарды.
2015 жылдың желтоксан айынан 2016 жылдың маусым айлары аралыгында Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімінде басшы қызметін атқарды.
2016 жылдың 03 маусым айынан 2018 жылдың 18 маусым айлары аралыгында Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінде басшы қызметін атқарды.
2018 жылдын 18 маусымнан бастап Ақтоғай ауданы құрылыс бөлімінiн басшысы  қызметін атқарады.
Отбасылы. 3 баласы бар.

Атқаратын міндеттері

Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, басқарады және бөлімнің өз міндеттерін және функцияларын орындауға дербес жауап береді.
Мекеменің қаржы, кадр мәселесін шешу, материалдық-техникалық базасын нығайтуды қаматамасыз етеді. Тиісті заңдылықтарға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін тағайындап, босатады.
Құрылыс заңдылықтарының сақталуын қадағалау, инженерлік инфрақұрылым, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына басшылық жасап қадағалайды.
Аудандағы құрылыс қатынастарын реттеуге байланысты жұмыстарды үйлестіреді.
Білім саласы, коммуналдық шаруашылық, көркейту, спорт, мәдениет, жылу-энергетикалық, ауылшаруашылық, сумен жабдықтау объектілерін дамыту, тұрғын үй салу мәселелерін реттейді.
Аудандағы объектілерді және кешендерді орналастыру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар дайындап, енгізеді.
Азаматтардың өтініштерін қарауды және жеке қабылдауды  жүзеге асырады.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района