в актогае 0
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы /Е-R-4/ Абилькасимов Рашид Омирбаевич

1968 жылы 29 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының  Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 1998жылы Қарағанды қаласындағы политехникалық коледжді бітіріп арнай орта білім алған. 1987-1989 жж. ССРО қарулы күштерінде әскери борышын өтеді; 1990-1993 жж. Әр түрлі жұмыстар атқарған; 1993-1999жж Теміртау қаласы ІІБ қызмет атқарған; 1992-1998 жж.аралығындатехниктербұйымдардытүгендеубюросында инженер-техник 2009-2012 жж.Ақтоғай ауданының «Ақ қайың» ҚМК мекемесінде бастықтың орынбасары қызметін атқарған; 2012-2014 жж Ақтоғай ауданының «Ақ қайың» ҚМК мекемесінің бастығы қызметін атқарған; 2015 жылдан бастап Ақтоғай ауданы құрылыс бөлімінің жетекші маманы;

Атқаратын міндеттері

Құрылыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жобаны өткізу бойынша ұсыныстарды және нұсқауларды дайындау. Құрылыс жүргізілетін объектілердің учаскелерін белгілеу жөніндегі жерге орналастыру органдарымен жұмысты ұйымдастыру. Түрлі объектілердегі құрылыстардың жүргізілуін бақылау. Объектілерді және  кешендерді  орналастыру бойынша  аудан әкіміне ұсыныстар дайындау. Аяқталған құрылыс объектілерін  пайдалануға қабылдау бойынша  мемлекеттік  қабылдау комиссиясының  жұмысына қатысу.
Құрылыс жобалардың барлық түрлерін келісуін, әзірлеушілермен, салушылармен қала құрылыстық құжаттаманы, жұмысты орындаушылармен және объектілерді пайдаланушылармен инвестициялық қызметте рұқсат ететін құжаттамаларды ұсыну және мәлімдемелерді қарастыру. Жобаларды әзірлеу, соның ішінде жоспарлау, елді мекендерде, сонымен қатар адамның тіршілік жағдайы үшін қолайлы ортаны құрастыратын ескерткіштер және монументтерді, бөлек ғимараттар және құрылыстарды салу бойынша мемлекеттік жұмыстарды сатып алу конкурсын өткізуін ұйымдастыру.  Қызметтік құжаттарды жасайды, жоғары басқарушы органнан келген құжаттардың уақытылы орындалуына, әкімнің қаулысына, шешімге, өкімге, аудан әкімінің тапсырмаларына бақылау жасайды, аппараттық кеңесте айтылатын сұрақтар бойынша аудан әкімінің отырысына ақпарат дайындау.  Бөлім  бойынша ауданның мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдастықтар, бірлестіктермен  сала бойынша  жұмыспен қамту  жұмыстарын ұйымдастырады. Тауарларды, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды дайындауға және өткізуге қатысу.
Құрылыс жөнінде мәліметтер алу. Сараптама жасау облыстық мекемелерге беру. Құрылыс саласына қатысты мекеме, кәсіпорындармен арадағы жұмыстарды үйлестіреді. Аудан көлеміндегі құрылыс сапасын жақсарту жұмыстарын үйлестіру. Кеңейтілген аппарат мәжілістеріне құрылыс саласына байланысты қаралатын мәселелер бойынша материалдар жинау, анықтама дайындау. Аудан бойынша айлық, тоқсандық, жылдық рейтінгілік бағалауға құрылыс саласы бойынша көрсеткіштер дайындау. Жоғарғы органдардың қаулы-қарарларын, облыс, аудан әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің орындалысын қамтамасыз ету. Құрылыс нысандары бойынша орындалған жұмыс актілерін қабылдап, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаларына сәйкес жасалуын тексеру. Құрылыс мерзімдерінің жобалық шешімдердің және нормативтік құжаттар талаптарының, соның ішінде құрылыс-монтаждық жұмыстар сапасының сақталуын қадағалау және бақылау жасау. Төленген және қабылданған құрылыс-монтаждық жұмыстарының құнын және көлемдерін есепке алуға және ақаулармен қайта жасауларға техникалық қадағалауды жүзеге асыру. Нысандарды қабылдау кезінде құралдармен механизмдерді, жұмыс түрлерін жеке құрылымдардың сапасын жобаға сәйкес тексеру, жұмыс комиссияларын ұйымдастыру және өткізу. Жұмыстар көлемдерін және қалыптарды қабылдауға жасалған жобаларды және сметаларды тексеру.
Тауарларды, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды дайындауға және өткізуге қатысу. Бағдарламалар бойынша бюджеттен бөлінген қаражаттардың ұтымды, үнемді жұмсалуына бақылау жасау. Шаруашылық келісім - шарттарды дайындауға қатысады және құрады. Қаржыландыру жоспарларын құрады. Мекеменің мемлекеттік сатып алу бойынша есептерін құру. Бюджеттік өтінімдерді құрады. 
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау. Мекеменің басшысымен анықталған өзге де өкілеттікті жүзеге асыру.  Бөлімде “Электрондық құжат айналымы” бағдарламасының жұмысына жауапты. Бөлімде “Е-қызмет” бағдарламасының жұмысына жауапты. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района