в актогае 24
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
Мобильная версия

Көшені қайта атау туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ортадересін ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 тамызда № 4898 болып тіркелді

 

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Ақтоғай ауданы Ортадересін ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ортадересін ауылдық округі Ортадересін станциясындағы Ақорда көшесінің атауы Ынтымақ көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ортадересін ауылдық округінің
әкімінің міндетін атқарушы                                   Б. Кошербаев

 

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района