в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

2018 жылы аудандық коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар туралы

       Ақтоғай ауданы бойынша 2018  жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 68 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. 32 - мемлекеттік мекеме, 26–коммуналдық мемлекеттік мекеме, 4 - коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 2 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, 4 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2017 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 18514, баланстық құны –  3 млрд 465 млн 031 мың теңгені құрайды.

       Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер жеке және заңды тұлғалармен 2018 жылы  отырылған 41 келісім-шарт негізінде мемлекеттік мүлікті жалға беруден бюджетке түскен түсімдер 1 млн 517 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес 2018 жылы «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ-нің теңгеріміндегі Ваз 21073 (791,0 мың теңге), «Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ–нің теңгеріміндегі Ваз 212180-30 (252,0 мың теңге), «Ақтоғай ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теңгеріміндегі Газ 3102-121 (350,7 мың теңге) жеңіл автокөліктерін электрондық сауда-саттық веб-порталымен аукцион арқылы сату үшін мемлекеттік мүлік тізілім сайтына  орналастырылып, өткізілген аукцион қорытындысымен барлығы 1393,7 мың теңгеге бәскелестік ортаға сатылуы жүзеге асырылды.

Сонымен қатар,  «Ақтоғай ауданының ветеринариялық станциясы» КМК-ның теңгеріміндегі Ваз 1118, Lada 21214, Lada 21214 жеңіл автокөліктерін электрондық сауда-саттық веб-порталымен аукцион арқылы сату үрдістері жүргізілуде.

Ақтоғай ауданы бойынша  Жидебай, Кежек, Қараменде би, Қызыларай, Шабанбай би, Сарытерек ауылдық округтерінің  жоғарғы кернеудегі электр желілерінің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін 43 дана тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актілері дайындалып, мемлекеттік тіркеуге тіркетілді.

Кезінде «Жезқазған энергосбыт» ЖШС-нің меншігіне өтіп кеткен Сарытерек, Шабанбай би, Қараменде би, Кежек, Қызыларай, Жидебай, Нүркен  ауылдық округтеріндегі электр жүйесінің 33 нысанның (10 кВт, КТП, подстанция) ішінара қайтарып алу жөнінде 19 қазан 2018 жылы Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына берілген тапсырмаға сәйкес бөлім тарапынан талап арыз жолданып, сот процесстері жүруде.

Сонымен қатар, 2018 жылы Ақтоғай ауылындағы электр желісінің техникалық төлқұжаты, Нарманбет ауылындағы электр желісінің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі мен техникалық төлқұжаты жасалды.

Аудан әкімдігінің 05.01.2018 жылғы №02/02 қаулысымен ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімдеріндегі Шевролет Нива, Лада автокөліктері «Ақтоғай Су», «Тоқырауын Су Жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің;

29.01.2018 жылғы №05/03 қаулымен металл корпустағы комплексті қосалқы трансформаторы бар энергия есептеушісімен ТМК 250/10/04 У1 (дүңгіршек түріндегі) – 3 дана қондырғылары Шашубай кенті, Нүркен, Жидебай ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының;

21.02.2018 жылғы №08/02 қаулымен Сарышаған кентіндегі №2 жылу қазандығына орнатылған ТОМ-1 жылыту қазандығы - 1 дана, Сарышаған кентіне орнатылған су тазарту қондырғылары – 4 дана «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС,  Қусақ ауылына орнатылған 10 дана көше жарықтары Қусақ ауылдық округі әкімінің аппаратының;

27.03.2018 жылғы «Болашақта сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды иелену туралы» №12/03 қаулысымен «Ағыбай батыр» фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сыйға тарту шарты бойынша  Тасарал ауылдық округі, Ағыбай батыр көшесі, құрылыс 5, мекен  жайында орналасқан клуб үйі ғимараты жер телімімен (жалпы алаңы – 229,8 ш.м., жер учаскесінің алаңы – 0,0300 га) аудандық коммуналдық меншікке алынып, Тасарал ауылдық округі әкімінің аппаратының;

28.04.2018 жылғы №17/03 қаулымен «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС теңгеріміндегі Торанғалық ауылдық округінде орналасқан су тұщыту кондырғысы  Торанғалық ауылдық әкімінің аппаратының;

28.04.2018 жылғы №17/02 қаулымен «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС теңгеріміндегі Шашубай кентінде орналасқан суару жүйесі жалпы ұзақтығы -5010 метр Шашубай кенті әкімінің аппаратының;

20.06.2018 жылғы №27/01 қаулымен Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының теңгеріміндегі Шевролет Нива автокөлігі Ақтоғай ауданының ветеринариялық станциясына, Ақтоғай ауданының білім бөлімінің теңгеріміндегі  Сhevrolet Niva автокөлігі халықты жұмыспен қамту орталығының;

09.10.2018 жылғы №42/02 қаулымен «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС теңгеріміндегі Сарышаған кентінде орналасқан 3 дана су тұщыту  контейнері мен «Дельфин» сүзгілерінен негізделген кешенді су тазарту жүйесі Сарышаған кенті әкімінің аппаратының;

16.11.2018 жылғы №50/02 қаулымен Сарышаған кентіндегі 464 орынға арналған мектеп ғимараты құрылысы нысаны Сарышаған  кентіндегі жалпы орта білім беретін мектебінің;

16.11.2018 жылғы №50/02 қаулымен Сарытерек ауылдық округі Сарытерек ауылына салынған мал қорымы құрылысы нысаны Ақтоғай ауданының ветеринариялық станциясының;

         21.11.2018 жылғы №51/03 қаулымен Тасарал ауылдық округі, Тасарал ауылындағы Жастар, Орталық, Жағалау, Ағыбай батыр көшелеріндегі жалпы ұзындығы 3,5 км. ащы су құбырлары  Тасарал ауылдық округі әкімінің аппаратының;

         21.12.2018 жылғы №56/07 қаулымен «Ақтоғай Су» ЖШС теңгеріміндегі Ақтоғай, Сәуле, Ақтас, Шабанбай би, Ақжарық, Нүркен, Айыртас, Абай, Қусақ, Сарытерек ауылдарының орталықтандырылған ауыз су желілері (су желісі, су мұнарасы, сорғы станциясы және оған қарасты КТП мен тоқ желілері) (бұдан әрі – Мүлік) Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгерімдеріне берілді.

2017 жылы коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде 03.01.2018 жылы, 2018 жылы ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» №920 қаулысына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпарлар 12.07.2018 жылы аудан  әкімінің  ресми  интернет-ресурсына  орналастырылды.

 

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района