в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару туралы

Ақтоғай ауданы бойынша 2017  жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 67 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген.

31 - мемлекеттік мекеме;

26– коммуналдық мемлекеттік мекеме;

4 - коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

2 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын;

4 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2016 жылғы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 16371, баланстық құны –  2 621 598,12 мың теңгені құрайды.

       Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер жеке және заңды тұлғалармен 2017 жылы  отырылған 86 келісім-шарт негізінде мемлекеттік мүлікті жалға беруден бюджетке түскен түсімдер 1817,7 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес Сарытерек ауылдық округі әкімдігі балансындағы коммуналдық меншіктегі бұрынғыдүкен ғимаратының бір бөлігі 233 ш.м.орталық қазандықМТМ ғимараттары(әрі қарай ұстау тиімсіз болғандықтан),аудан әкімі аппаратының балансындағы Сhevrolet Captiva автокөлігінэлектрондық сауда саттық веб-порталымен аукцион арқылы сату үшін мемлекеттік мүлік тізілімі сайтына  орналастырылып, аукцион қорытындысымен барлығы 3464,3 мың теңгеге бәскелестік ортаға сатылуы жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ-нің баласындағы Ваз 21073, Ваз 212180-30 автокөліктерін электрондық сауда-саттық веб-порталымен аукцион арқылы сату үрдістерінің жұмыстары жүргізілуде.

Ақтоғай ауданы бойынша 6 елді мекеннің Ақтоғай ауылы, Қусақ, Айыртас, Абай, Ортадерсін ауылдық округтері, Қаработа станциясы, Қарабұлақ ауылдық округі,  Қарасу ауылдарының  электр желілерінің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісін жасату үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес екінші кезектегі тәртіппен сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Орталық Жер» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздерінде шарт жасалынды. Бүгінгі күнге 72 дана тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актілері дайындалып, Қусақ, Айыртас, Абай, Ортадерсін,  Қарабұлақауылдық округі,  Қарасу ауылының электр желілерінің техникалық төлқұжаттары дайындалды.

Шабанбай би ауылдық округінде орналасқан бұрынғы «Арай» балалар демалу лагерінің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісін жасату үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен келісім шартқа отырылып, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі жасалды.

Қарағанды облысы әкімдігінің 07.04.2017 жылғы қаулысына сәйкес облыстық коммуналдық меншіктегі видео селектор мүліктері аудандық коммуналдық меншікке алынып, аудан әкімдігі аппаратының теңгеріміне берілді.

Ақтоғай ауданы білім бөлімі «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының теңгеріміндегі Lada 21214 автокөлігі «Ақтоғай ауданының ветеринариялық станциясы» КМК-ның теңгеріміне, «Ақши негізгі орта мектеп» КММ-нің теңгеріміндегі Ваз 21214 автокөлігі «Ақтоғай Су» ЖШС-нің теңгеріміне құжаттары дайындалып,баланстан балансқа берілді.

Сарытерек ауылдық округіндегі сот шешімімен иесіз деп танылған 15 нысан коммуналдық меншікке алынды. Сарытерек ауылдық округі әкімдігі тарапынан «Жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру туралы» аудандық комиссияға өтініш беріліп, тұрақты жер пайдалану құқығын беру актісін жасатуға тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысы әкімдігінің 08 тамыз 2017 жылғы «Болашақта сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды иелену туралы» №51/01 санды қаулысына сәйкес ауданның Қызыларай, Тасарал, Ж.Кеңесбаев, С.Ибраев, Д.Стамбеков атындағы мектептеріне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы атынан 10 жинақтағы интерактивті жабдықтар  сыйға тарту шартымен берілуі қамтамасыз етілді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қаладағы, ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару жөніндегі құзіретін көздейтін бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  2017 жылғы 11 шілдедегі өзгерістермен қабылданған Заңына сәйкес аудан бойынша екі мыңнан асатын халық саны бар Ақтоғай ауылы, Шашубай, Сарышаған  кенттерінің әкімдіктеріне өзін-өзі басқарудың 2018 жылы дербес бюджетіне өтуіне байланысты аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне беру туралы аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды.

«2017 жылғы коммуналдық меншіктегі мүліктерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы ақпар» 02 сәуір 2017 ж., «2017 жылдың 7 айында мемлекеттік коммуналдық меншікті басқаруда атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпар» 04 қыркүйек 2017 ж. туралы мақала аудан  әкімінің  ресми  интернет-ресурсына  орналастырылды.

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района