в актогае 5
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
Мобильная версия

ЖОБА Ақтоғай ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы», 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдесетін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Аманжоловқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                С.Абеуова

 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «___» ___________
№ ____/_____

қаулысына қосымша

 

Ақтоғай ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi

 

1. Көтермелеудiң түрлерi

1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудiң тәртiбi

2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Ақтоғай ауданы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.

3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті Ақтоғай ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ПБ) енгiзедi.

4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшерi

8. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

9. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района