в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат

 

Қарағанды облысы әкімдігінің

2015  жылғы " _23" ___09_

       № _56/01_ қаулысымен  бекітілген

 

 

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1.       «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу»мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің»www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)немесе қағаз түрінде.

          3.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

         көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көлік басқаруға арналған сенімхатқа мөртабан қою;

         порталға жүгінген кезде – сенімхат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы  қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің2015 жылғы 6 мамырдағы№ 4-3/421 «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11766 болып тіркелген)бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушымен ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманыменкөрсетілетін қызметті алушыныңқұжаттар пакетін қабылдауы және тіркеуі – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – кіріс құжаттар журналында тіркеу, өтініштің көшірмесіне белгі қойылады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут. Нәтижесі – жауапты орындаушыға құжаттарды жіберу;

3)жауапты орындаушымен қызметті алушыныңқұжаттар пакетін тексеру, сенімхатты тіркеу– 1 (бір) жұмыс күн ішінде. Нәтижесі –тіркелген сенімхатты беру.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) кеңсе маманы;

2) басшылық;

3) жауапты орындаушы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

1) кеңсе маманы құжаттар пакетін қабылдауды жүзеге асырады,  көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне сәйкес кіріс құжаттар журналында тіркеуді өткізеді – 30 (отыз) минуттан аспайды;

2) басшылығы хат-хабармен танысады, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;

3)жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар пакетін тексереді, сенімхаттың тіркеуін жасайды – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет беруші мен көрсетілетін қызмет алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) жүгіну және реттілігінің тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркелудіжүзеге асырады;

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен порталда ЖСН және паролін (авторизациялау процесі) енгізу;

3) 1-шарт – ЖСН және пароль арқылы порталда, тіркелген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің түпнұсқалығын тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты портал авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және де пішімді талаптарының және оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызмет алушымен нысанды (деректерді енгізу) толтыру, қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына тіркеу, сондай-ақ сұранысты куәләндіру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасын) тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылыкөрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген құжаттарының сәйкестігін тексеру;

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен порталмен қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша сенімхат) алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл етуі осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес диаграммада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзараіс-қимылдарыныңтолықсипаттамасыосы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 

 


«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер

мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы,мелиоративтiк

және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі

жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламентіне 1-қосымша

 

 

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы

 

 

6 процесс

 

Көрсетілетін қызметті алушы

Портал

Портал

ЭҮШ

АЭҮШ АЖО

1 процесс

1-ші шарт

3 процесс

2-ші шарт

5 процесс

3-ші шарт

7 процесс

2 процесс

4 процесс

N

N

N


 

Шартты белгілер:

Бастапқы хабарлама;

Процесс;

Ақпараттық жүйе;

Шарт;

Қате;

Аяқтаушы қарапайым оқиға;

Аяқтаушы хабарлама;

Басқару ағыны;

Хабарлау ағыны;

Көрсетілетін қызметті алушыға жеткізілетін электрондык құжат.


«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы,мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,

сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне 2-қосымша

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес-процестерінің анықтамалығы

 


Кеңсе маманы

Өтінішті қабылдау және тіркеу, кепілін тіркеу туралы куәлікті беру – 30 (отыз) минуттан аспайды

Өтінішті және құжаттарды ұсынады

 

Жауапты маман

Сенімхаттың тіркеуін ресімдеу– 1 (бір) жұмыс күні ішінде

 

Комиссия

Аудан бойынша жиынтық актісін қарауы, облыс бойынша жиынтық актіні бекіту – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде

 

Шартты белгілер:

 

 

 

- қызмет алушының және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктерінің рәсімінің (іс-қимылының) атауы

 

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района