в актогае 25
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Мобильная версия

"Медициналық - әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 37/03 қаулысымен
бекітілген

  "Медициналық - әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

 1. Жалпы ережелер

      1. "Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызметi (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: медициналық - әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе Стандарттың 10 - тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту туралы дәлелді жауап).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
 

 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) ұсынуы.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде алынған құжаттар топтамасын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды.
      Нәтижесі – тіркеу журналына жазу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
      Нәтижесі – жауапты орындаушыға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 (он бес) жұмыс күн ішінде хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды.
      Нәтижесі – хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде хабарламаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тіркеуге жолдайды.
      Нәтижесі – хабарламаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
      іс-қимыл тәртібін сипаттау
      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттауы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде алынған құжаттар топтамасын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 (он бес) жұмыс күн ішінде хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде хабарламаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тіркеуге жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
 

 4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік корпорациясымен көрсетілмейді.
 

 

Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

  "Медициналық -әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района