в актогае 16
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
Мобильная версия

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізімі

 

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізімі

v нысан бойынша өтініш;

v  ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

v  бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

v 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

v  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

v  алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар үшін балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

v  отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

v  отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі;
              Қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні. 

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру: дүйсенбі – жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00 – 14.30 дейін.

Демалыс күндері: жексенбі, мереке күндері.

1)        Ақтоғай селосы, Нарманбет көшесі, 6А мекенжайы бойынша 1 қабатта орналасқан «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ № 3 кабинет, жұмыс телефоны: (871037)30144

2) Ақтоғай өңірінің жалпы білім беру мектептерінен.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района