в актогае 23
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Қазақстан Республикасы аумағы аусыл ауруы бойынша таза болып келеді.

Қазақстан Республикасы 2017 жылдың 25 мамырынан бастап Бүкіләлемдік жануарлардың денсаулығын қорғау ұйымының тарапынан вакцина қолданылатын (буферлік) және қолданылмайтын (таза) аймақтарға (зона) бөлінген аусыл ауруы бойынша қолайлы мемлекет ретінде танылды. Халықаралық эпизоотиялық бюросымен белгіленген талаптарға сай Қазақстан Республикасы аумағы аусыл ауруы бойынша таза болып келеді.

Аусыл бойынша вакцина қолданылмайтын қолайлы аймаққа: Атырау, Батыс Қазақстан, Манғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары жатады.

Аусыл бойынша вакцина қолданылатын қолайлы аймаққа: Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары (Шымкент қ.) кіреді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы аумағында аусылға бейім ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі қара, қой-ешкі, шошқа, түйе) вакцина қолданылатын аумақтан вакцина қолданылмайтын аумаққа орын ауыстыруға (тасымалдауға) тыйым салынады.

 Кейінгі мәліметтер бойынша республикамызға көршілес орналасқан Ресей Федерациясында ірі қара малының нодулярлық дерматит ауруы (вирустық ауру)  белең алуда.

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттері мен үшінші мемлекеттердің эпизоотиялық ахуалы қиын жағдайда болуына байланысты, аудан аумағында эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында КазАгро институттары арқылы сырт мемлекеттерден әкелінетін ауыл шаруашылығы жануарларына  несие алатын жеке және заңды тұлғаларға, шаруа қожалықтарының иелеріне төмендегіні ескертеміз!            

Қарағанды облысының аумағына әкелінетін ауылшаруашылығы жануарларының әрбір партиясы мен жүру бағыты аудандық аумақтық инспекцияның ұсынысы арқылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің келісімімен жүзеге асырылады. Рұқсатсыз эпизоотиялық ахуалы қолайсыз уақытша шектеу қойылған аймақтардан немесе кәсіпорындардан ауыл шаруашылығы жануарлары орын ауыстырылатын (тасымалданатын) болса, дереу кері қайтарылады немесе межелі орнында жойылады.

Осыған байланысты, аудан көлемінде орын ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарларға бақылау және қадағалау жұмыстарын күшейту мақсатында кез келген сырт мемлекеттерден ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау жоспарланған жағдайда жеке және заңды тұлғалар, ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі, ауылдық округ әкімдері мен ветпункт дәрігерлері міндетті түрде ҚР АШМ ВБҚК-нің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесімен хабарласуын сұраймыз.

 Мекен жайымыз: Ақтоғай ауылы, А.Бөкейхан көшесі, 3 үй,  жұмыс тел. 8 (71037) 21745.

 

ҚР АШМ ВБҚК

Ақтоғай аудандық аумақтық

инспекция басшысы,

ауданның Бас мемлекеттік ветеринариялық

санитариялық инспекторы       

М.К.Жұмабеков 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района