в актогае -7
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
Мобильная версия

«2017 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі іс-шаралар жоспарының өзара іс-қимыл тәртібі туралы»

Ақтоғай ауданы бойынша

   жергілікті бюджетке

   қосымша кіріс көздерін

   іздестірудегі жұмыстар туралы

 

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 10 тармағына сәйкес, аудан бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестіру  мақсатында ӨКІМ ЕТТІМ:

        1.Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке  қосымша кіріс көздерін іздестірудегі жұмыстарды тұрақты түрде жүргізетін  жұмыс тобы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.

2.Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке  қосымша кіріс көздерін іздестірудегі   атқарылатын жұмыстардың  іс-шаралар жоспары 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3.Жергілікті құрылымдық уәкілетті және атқарушы органдар мемлекеттік кірістер басқармасына  әр айдың 3- күніне қажетті мәліметтерді   ұсынсын.

Мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша) әр айдың 5-күніне қарай осы Жоспарды орындау нәтижелері туралы ақпаратты комиссияға ұсынады.

4.Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мен өз саласы бойынша жауапты  салалық уәкілетті органдар тарапынан кіріс көздерін іздестіру барысында заң бұзушылыққа барып отырған шаруашылық жүргізуші субъектілерді  комиссия отырысына шақыртып, қарауға ұсыныстарын беру тапсырылсын.

5.Жұмыс тобының мүшелері өз салалары бойынша өткен кезеңдегі жергілікті бюджетке  қосымша кіріс көздерін іздестірудегі атқарған жұмыс қорытындылары туралы,  жұмыс тобының отырысында ақпар берсін.

6.Өкімнің орындалуына бақылау, басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қошантаевқа  жүктелсін.

                                     

                                                                                              С.Әбеуова

 

                             

Ақтоғай ауданы әкімінің

                                                                          2017 жылдың «     » наурызындағы

                                                                     №          өкіміне         1-қосымша

 

Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі жұмыстарды тұрақты түрде жүргізетін  жұмыс тобы

 

Қошантаев Қайрат              -  Ақтоғай ауданы әкімінің  орынбасары -  

Жақыпбайұлы                        жұмыс тобының басшысы.

   

Тлеубергенов Бекет            -  Ақтоғай ауданының экономика және

Зекенович                               қаржы бөлімінің басшысы -

                                                 жұмыс тобы басшысының орынбасары.

 

Тусупбеков Ахат               - Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік

Курманович                           кірістер басқармасының басшысы-

                                              жұмыс тобы басшысының орынбасары.   

        (келісім бойынша)

 

Жұмыс тобының мүшелері

1.Нөкеш Қайрат                    -  Ақтоғай ауданы әкімінің  орынбасары   

   Оразұлы

                        

2.Сайды Арнат                      -  Ақтоғай ауданы әкімінің  орынбасары 

    Серғазыұлы

                         

3.Әмірғасым Берікбол          -  Ақтоғай ауданы әкім аппаратының 

   Қуандықұлы                         басшысы

 

4.Әбеу Ерлан                      -  Ақтоғай ауданының әділет басқармасының

   Мірәсілұлы                             басшысы (келісім бойынша)

 

5.Естеков Шәріп                  -  Ақтоғай аудандық  орталық аурухана директоры

   Құрмашұлы                            (келісім бойынша)

 

6.Ганиоллин Айбол               -  Жергілікті полиция бөлімінің бастығы

   Ергалыевич                            полиция майоры (келісім бойынша)

 

7.Изақов Қуаныш                  - Ақтоғай ауданының жер қатынастары,  сәулет

   Қадырұлы                             және қала құрылысы бөлімінің  басшысы

                                              

8.Аубакиров Сайлаукен        - Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және      

   Боригулович                           өнеркәсіп бөлімінің басшысы

 

9.Нурахмет   Асет                    - Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық

   Тлеукабылович                       шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль   

                                                     жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы

                                                     бөлімінің басшысы 

                                   

10.Аманжолов Абылай            - Ақтоғай ауданының ішкі саясат 

     Базылович                               бөлімінің басшысы

 

11.Жолдасов Ансабай              - Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы

     Омарбайұлы                           бөлімінің басшысы

 

12.Тусупбеков Роллан              - Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді

     Абылайулы                              дамыту бөлімінің басшысы

 

13.Кішкентаев Айдос                - Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және

     Серікұлы                                  спорт бөлімінің басшысы                           

 

14.Онгаркулов Мирхаят            - Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және

     Онгаркулулы                           әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

 

15.Бейсембаев Кайрат                - Ақтоғай ауданының ветеринария   бөлімінің        

     Тулеубаевич                          басшысы

 

16.Кулымжанов Марлан            - ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және

     Мусилимович                        қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық  

                                                     аумақтық  инспекция басшысы

                                                              (келісім бойынша)

17.Кент, ауыл,ауылдық             - Өз аумақтарындағы мәселелер бойынша                             

     округ әкімдері                          жұмыс тобы мүшесі болып табылады.

 

 

                                                                           Ақтоғай ауданы әкімінің

                                                                                2017 жылдың «     » наурызындағы

                                                                                №     өкіміне 2-қосымша

                                                              

Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша

кіріс көздерін іздестірудегі атқарылатын жұмыстардың

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

р/с

Іс-шараладың атауы

Бюджет түсімдерінің сыныптамасы

Жауапты орындаушы

Аяқталу түрі (орындау мерзімі)

1

2

3

4

5

1

Мүлікті жалға беруден табыс табатын жеке тұлғаларды анықтау және оларды салық міндеттемелерін орындауға тарту.

101202

103101          

Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасы (келісім бойынша), Ақтоғай аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

Жұмыс тобының хаттамасы.Есептен кейінгі айдың 3-не.

2

Жеке көліктерімен жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау.

101202 103101

Ақтоғай ауданы бойынша кірістер  басқармасы (келісім бойынша),  Ақтоғай аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

Жұмыс тобының хаттамасы.Есептен кейінгі айдың 3-не.

3

Әкімдік тарапынан құрылған жұмыс тобымен келесі материалдарды қарау:                                                                           - жалданбалы жұмысшылар санын, жалақы қорын азайтып көрсеткен, бірақ тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан ірі айналымы бар және еңбек ақыны "конвертпен" беретін салық төлеушілерді анықтау;                                                                - құрылыс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, қоғамдық тамақтандыру салаларындағы бейресми жұмыспен қамтылуды анықтау.                                                                                              

101201 101202  103101

Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасы (келісім бойынша),

ауданның кәсіпкерлік  және өнеркәсіп бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі,  ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,ауданның  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі, ауданның ветеринария бөлімі, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және

қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық   аумақтық  инспекциясы (келісім бойынша),

Ақтоғай аудандық орталық аурухана (келісім бойынша),

кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

 

Жұмыс тобының хаттамасы.Есептен кейінгі айдың 3-не.

4

Қоршаған ортаны қорғау  эмиссиясына  рұқсат ету құжаттарынсыз жүзеге асыратын (табиғатты пайдалану) немесе салық салу базасының көлемін кеміткен (жасырып қалған)  кәсіпкерлік субъектілерін анықтау.

 

105316

Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері, Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасы  (келісім бойынша), кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

 

Жұмыс тобының хаттамасы.Есептен кейінгі айдың 3-не.

5

Мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейдегі трансферттер қаржысын көрсете отырып инвестициялық жобалар бойынша тендер жеңімпаздарының мәліметтерін беру  және тендерлік өтінімдерінің көшірмелерін ұсыну (тіркеу нөмірін көрсете отырып, ЖСН-салық төлеушінің салық, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен алынған сомасы туралы)

101202                 103101

Ауданның бюджеттік бағдарлама әкімгерлері, Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық                      шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль                     жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы,

Ақтоғай ауданы бойынша кірістер  басқармасы (келісім бойынша), ауданның экономика және қаржы бөлімі.

Жұмыс тобының хаттамасы.Есептен кейінгі айдың 3-не.

6

Жер учаскелерін мақсатты пайдаланбау фактілерін анықтау және оларды аудандық  жер қоры құрамына қайтару бойынша жұмыстар жүргізу.

105315104309

Кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері, Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасы  (келісім бойынша), Ақтоғай ауданының  жер қатынастары,  сәулет                       және қала құрылысы бөлімі.

 

Жұмыс тобының хаттамасы.Есептен кейінгі айдың 3-не.

7

Кәсіпкерліктің қызмет көрсету саласында жаңадан ашылған  шағын және орта бизнес өкілдерінен түсетін салықтар мен төлемдер.

101201 101202 103101

Кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері, ауданның кәсіпкерлік  және өнеркәсіп бөлімі, Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасы  (келісім бойынша).

 

Жұмыс тобының хаттамасы.Есептен кейінгі айдың 3-не.

8

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша салықтық базасында ескерілмеген және көрсетілмеген, салық рәсімінен өтпеген салық төлеушілерді анықтау, сондай-ақ тұрғын үй қорын қоса алғанда, жеке тұрғын үй құрылыстарын кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын тұрғын үй  қорынан шығарылмаған тұрғын үй қорын анықтау. Салық салынатын базаны төмендетуге жол берген салық төлеушілермен жұмыс.

104101

Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасы  (келісім бойынша), Ақтоғай ауданының әділет басқармасы (келісім бойынша), Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық                      шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль                     жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы, ауданның кәсіпкерлік  және өнеркәсіп бөлімі,

кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

Жұмыс тобының хаттамасы.Есептен кейінгі айдың 3-не.

9

Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға беруден түсетін түсімдер (жекешелендіру).

301102

Кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері, ауданның экономика және қаржы бөлімі.

Жұмыс тобының хаттамасы.Есептен кейінгі айдың 3-не.

 

Келісілді:

 

Ақтоғай ауданының экономика және

қаржы бөлімінің басшысы                                                        Б.Тлеубергенов

 

Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының басшысы                                           А. Тусупбеков 

 

 

 Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке  қосымша кіріс көздерін іздестірудегі жұмыс тобы отырысының

Х А Т Т А М А С Ы

 

Ақтоғай ауылы                                 №1                                       2017 жыл 12 cәуір

 

Өткізу орны: Ақтоғай  ауданы, Ақтоғай  ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі, 4 үй, Ақтоғай  ауданының әкімі аппараты

Төрағалық етті:                 Қошантаев Қайрат Жақыпбайұлы – жұмыс тобының  басшысы, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары

 

Қатысқандар:                       Тусупбеков Ахат  Курманович - Ақтоғай ауданы 

бойынша Мемлекеттік  кірістер басқармасының    

басшысы-  жұмыс тобы басшысының орынбасары  

      (келісім бойынша)

 

Нөкеш Қайрат  Оразұлы   -  Ақтоғай аудан  әкімінің    

орынбасары    

   

Сайды Арнат Серғазыұлы -  Ақтоғай  ауданы

әкімінің   орынбасары   

                    

Әмірғасым Берікбол Қуандықұлы - Ақтоғай   ауданы әкім аппаратының  басшысы

 

         Әбеу Ерлан   Мірәсілұлы - Ақтоғай   ауданының

                                                                       әділет басқармасының басшысы (келісім бойынша) 

                                             

Ганиоллин  Айбол  Ергалыевич -  Жергілікті полиция бөлімінің бастығы полиция майоры

(келісім бойынша)

 

 Изақов Қуаныш Қадырұлы - Ақтоғай ауданының

жер қатынастары,  сәулет        және қала құрылысы бөлімінің  басшысы

 

Аубакиров Сайлаукен Боригулович - Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және     өнеркәсіп бөлімінің басшысы

 

Жолдасов Ансабай Омарбайұлы - Ақтоғай  ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

 

Тусупбеков Роллан Абылайулы - Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді          дамыту бөлімінің басшысы

 

Онгаркулов Мирхаят   Онгаркулулы - Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

 

Кулымжанов Марлан     Мусилимович  - ҚР АШМ       

                                           ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің                            

                                           Ақтоғай аудандық  аумақтық инспекция басшысы

                                           (келісім бойынша)

 

                                           Болганбаев Кайыр    Ныгметоллаевич –Ақтоғай

                                           ауылының  әкімі

 

Қатыспағандар:                 Естеков Шәріп Құрмашұлы Ақтоғай аудандық

       орталық аурухана директоры(келісім бойынша)  

       (қызметтік іс сапарда)

                                           Нурахмет   Асет   Тлеукабылович - Ақтоғай                  

                                           ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

                                           жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс

                                           және тұрғын үй инспекциясы    бөлімінің басшысы 

                                               (қызметтік іс сапарда)          

                                          Аманжолов Базылович Абылай - Ақтоғай  ауданының ішкі саясат  бөлімінің басшысы

                                            (қызметтік іс сапарда)

                                              Кішкентаев Айдос  Серікұлы - Ақтоғай ауданының  

                                              дене шынықтыру және  спорт бөлімінің басшысы 

                                               (қызметтік іс сапарда)

                                              Бейсембаев Кайрат Тулеубаевич   - Ақтоғай             

                                              ауданының  ветеринария   бөлімінің  басшысы             

                                           (кезекті еңбек демалысында)

                 

 

Жұмыс тобы отырысының күн тәртібі:

 

«2017 жылға  арналған   Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке  қосымша кіріс көздерін іздестірудегі   іс-шаралар жоспарының іс-қимыл тәртібі   туралы».

 

Күн тәртібіндегі  мәселе бойынша жұмыс тобының отырысында Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысы Б.Тлеубергеновтің ақпары  тыңдалды. (ақпар қоса тіркеулі)

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ж.Дүйсебаев бекіткен       «Қарағанды облысы бойынша 2017 жылға арналған жергілікті бюджетке  қосымша кіріс көздерін іздестірудегі  атқарылатын жұмыстардың  іс-шаралар жоспарына» сәйкес, аудан бойынша жергілікті бюджетке түсетін қосымша кіріс көздерін іздестіруде   атқарылатын жұмыстар бойынша іс-шаралар жоспары ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мен жауапты уәкілетті органдарымен бірлесе отырып жасалып және осы тұрғыда  тұрақты түрде жұмыс жүргізетін жұмысшы  тобы құрамымен 2017 жылдың 30 наурызындағы аудан әкімінің №43 өкімімен бекітілді.

2017 жылға Ақтоғай ауданы бойынша 9 тармақтан тұратын іс-шара жоспарына 4589,0 мың теңге қаралды.

         Жалпы іс-шара жоспарының өзара іс-қимыл тәртібі:

-жергілікті атқарушы орган аталған Жоспарды орындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыс  туралы мемлекеттік кірістер басқармасымен уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;

-жергілікті құрылымдық уәкілетті және атқарушы органдар мемлекеттік кірістер басқармасына   салықтық әкімшілендіруді  жүргізу үшін қажетті мәліметтерді әр айдың 3 күніне ұсынады;

-мемлекеттік кірістер басқармасы ай сайын  5-күніне қарай осы Жоспарды орындау нәтижелері туралы ақпаратты комиссияға ұсынады.

Әрі қарай     іс-шара жоспары   және іс-шара жоспарының іс-қимылы  таныстырылып,  жеке-жеке талқыланды.   

Қошантаев Қайрат Жақыпбайұлы:

2017 жылға Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке  қосымша кіріс көздерін іздестірудегі   іс-шаралардың  9 тармақтан тұратын  жоспары 4589,0 мың  теңге. Осы жылдық жоспарды орындау мақсатында бірлесіп жұмыстар жүргізуіміз қажет, оның ішінде 3-тармақ «Әкімдік тарапынан құрылған жұмыс тобымен келесі материалдарды қарау:                                                                         

-жалданбалы жұмысшылар санын, жалақы қорын азайтып көрсеткен, бірақ тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан ірі айналымы бар және еңбек ақыны "конвертпен" беретін салық төлеушілерді анықтау;                                                                                                                 

 -құрылыс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, қоғамдық тамақтандыру салаларындағы бейресми жұмыспен қамтылуды анықтау».

Осы тармаққа ұсыныс, сұрақтарыңыз болса айтыңыздар.

         1.М.Оңғарқұлов:Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қатысты қандай тармақ?

Б.Тлеубергенов:3-тармақ бойынша «Жұмыспен қамту орталығы» арқалы жұмысқа жолдама алушылар туралы мәліметті әр айдың 3-күніне «Мемлекеттік кірістер басқармасына» ұсыну керек. Онда  жұмыссыздардан неше адам және қайда  жіберілгені туралы мәліметтер көрсетіледі.

Құрылыс, мәдениет, денсаулық сақтау саласында бейресми жұмыспен қамтылуға жол бермеу. Сырттан келіп, орынды уақытша жалға алып жұмыс жасайтындар кездеседі.

 

         2. Ганиоллин  Айбол  Ергалыевич:

1.Ауылдық елді мекендердегі шаруа қожалықтарындағы  жұмыскерлерді тіркеуге алу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр, әлі де жүргізіле береді. Өткен жылы тіркелмеген жұмыскерлерді анықтап «Еңбек инспекциясына»  хат жолдадық, ескерусіз қалды. Жұмыскерлер шаруа қожалық иелерімен еңбек келісім шарты жасау керек,тіркеуге алыну керек. 

2.Ауылдарда мотоциклдер көбейіп кетті, тіркеуге алу керек.  Осы жағынан  ауыл әкімдері тарапынан қолдау болса.

Нөкеш Қайрат Оразұлы: Бұған  учаскелік полиция қызметкерлері ауыл әкімдерімен бірлесе жұмыс жүргізу керек. Шаруа қожалықтарындағы жұмыскерлерді анықтап, оларды тіркеуге алу, денсаулығын тексерту, еңбек шартын жасау туралы  шаруа қожалықтарының жетекшілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек.  Онда жұмыс жасап жатқан жастар бар, балалары бар, олардың келешегі үшін еңбек шарты болу керек. Медициналық сақтандыру қоры қосылады, дәрігерге қаралуы туралы, зейнетақысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Кейінгі  жылдары рас аттың орынына пайдаланатын  мотоциклдер көбейіп келеді, тіркеуге алу керек салық төлейді. Ауыл әкімдеріне  тапсырма беріледі.

Тлеубергенов Бекет Зекенович: Жұмыс тобының отырысына осы мәселе жөнінде ауыл әкімдерін тыңдап отырсақ, мемлекеттік қолдау шараларын алып отырған  бірді-екілі шаруа қожалықтарының жетекшілерін шақырсақ.

Көлік салығына байланысты Балқаш көлі жағалауындағы  5 елді мекендегі су көліктерін, скутерлер ауылдық елді мекендердігі скутерлерді, аэрошаналардың есепке алынуы.

          3.Тусупбеков Ахат  Курманович: Менде ұсыныс,  бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет, жаңа бекітілген жауапты органдар аталған іс-шара жоспарының өзара іс-қимыл  тәртібіне  сәйкес  мәліметтерді әр айдың 3- күнінен кешіктірмей «Мемлекеттік кірістер басқармасына» ұсынып отырсаңыздар.

 Қошантаев Қайрат Жақыпбайұлы: Іс-шара жоспарының өзара іс-қимыл  тәртібі барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне таратылады. Жоспардың тармақтары бойынша уақытында мәліметтерді «Мемлекеттік кірістер басқармасына» ескертусіз тапсырып отырыңыздар.

 Сонымен қатар, субсидия алған ірі шаруа қожалық жетекшілеріне  қарамағындағы жұмыскерлермен еңбек шартын жасауға ескерту беруге, мал санына байланысты жұмыскер санын анықтауға, ауыл әкімдеріне тапсырма беру керек. Ірі шаруа қожалық жетекшілерін жұмыс тобының  отырысына шақыруға тапсырма беру керек.

 

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарай келе   отырыс шешім етті:

1.Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  Ақтоғай ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Тлеубергенов жасаған ақпар ескерілсін.

2.Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне, ауданның ауыл шаруашылығы бөліміне:

-Учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол бойындағы қоғамдық тамақтандыру орындары, барлық шаруа қожалықтарының жетекшілеріне қарамағындағы жұмыскерлермен еңбек шартын жасауға ескерту беру және ірі шаруа қожалық жетекшілерін жұмыс тобының  отырысына шақыру;

-Сәуір айынан бастап еңбек шартын жасамаған шаруа қожалықтарындағы және ауылшаруашылығы саласындағы   жалдамалы жұмыскерлер санын, жұмыс тобының отырысына  ұсыну.

3.Жергілікті полиция қызметі:

-Суда және құрылықта жүретін мотоциклдерді, скутерлерді, аэрошаналарды есепке алу.

4. Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері, уәкілетті органдар:

-Жергілікті бюджетке  қосымша кіріс көздерін іздестірудегі   іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізген жұмыстары туралы бекітілген кестеге сәйкес есеп беруге.

 -Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестірудегі  іс-шаралар Жоспарының тармақтары бойынша мәліметтерді әр айдың 3- күнінен кешіктірмей Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына  тапсырылсын.

                   

        Жұмыс тобының басшысы                    Қ. Қошантаев

 

Ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы  Б.Тлеубергенов:

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ж.Дүйсебаев бекіткен       «Қарағанды облысы бойынша 2017 жылға арналған жергілікті бюджетке  қосымша кіріс көздерін іздестірудегі  атқарылатын жұмыстардың  іс-шаралар жоспарына» сәйкес, аудан бойынша жергілікті бюджетке түсетін қосымша кіріс көздерін іздестіруде   атқарылатын жұмыстар бойынша іс-шаралар жоспары ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мен жауапты уәкілетті органдарымен бірлесе отырып жасалып және осы тұрғыда  тұрақты түрде жұмыс жүргізетін жұмысшы  тобы құрамымен 2017 жылдың 30 наурызындағы аудан әкімінің №43 өкімімен бекітілді.

2017 жылға Ақтоғай ауданы бойынша 9 тармақтан тұратын іс-шара жоспарына 4589,0 мың теңге қаралды.

         Жалпы іс-шара жоспарының өзара іс-қимыл тәртібі:

-жергілікті атқарушы орган аталған Жоспарды орындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыс  туралы мемлекеттік кірістер басқармасымен уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;

-жергілікті құрылымдық уәкілетті және атқарушы органдар мемлекеттік кірістер басқармасына   салықтық әкімшілендіруді  жүргізу үшін қажетті мәліметтерді әр айдың 3 күніне ұсынады;

-мемлекеттік кірістер басқармасы ай сайын  5-күніне қарай осы Жоспарды орындау нәтижелері туралы ақпаратты комиссияға ұсынады.

 Іс-шараның 1-тармағы   «Мүлікті жалға беруден табыс табатын жеке тұлғаларды анықтау және оларды салық міндеттемелерін орындауға тарту». (10120,103101)

Жауапты органдар: Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасы (келісім бойынша), жергілікті полиция бөлімі (келісім бойынша), кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері.

Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына:

-Жергілікті полиция бөлімі іс- шара жоспарына сәйкес жеке меншігіндегі тұрғын үйлерін жалға беріп отырған жеке тұлғаларды анықтап, кірістер басқармасына әр айдың 3-ші күніне тұрғын үйлерін жалға беріп отырған жеке тұлғалардың түсініктемесі қоса тіркелген анықтаманы ұсынады.

Миграциялық полиция, мемлекеттік кірістер басқармасына әр айдың 3-ші күніне тұрғын үйлеріне уақытша тіркеуге   алған жеке тұлғалар туралы мәліметті ұсынады.

Әрі қарай Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келіп түскен анықтамаларға талдау жүргізіп, тұрғын үйін жалға берушілерді жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге алуға немесе жыл соңында декларация тапсыруға жұмыс жүргізуеді. Келіп түскен анықтамаларға сәйкес  жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растау мақсатында Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасы тоқсан сайын  жергілікті полициямен салыстыру актісін жүргізеді.

Аталған тармаққа 10,0 мың теңге жоспарланған.

2-тармақ  «Жеке көліктерімен жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау».    (101202,103101)

Жауапты органдар: Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша), жергілікті полиция бөлімі (келісім бойынша), кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

Жеке көліктерімен жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жеке тұлғаларды анықтау және жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге алу. Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, жергілікті полиция бөлімімен бірлесе отырып   апта сайын жүрмелі шаралар жүргізу. Жүрмелі шаралар барысында таксиге немесе жүк тасымалдаушы жеке тұлғаларға  тапсырыс беру арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс бойынша келген таксиден жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы құжаттарын талап ету арқылы  анықталады. Әрі қарай Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге алады.

Аталған тармаққа  да 10,0 мың теңге жоспарланып отыр.

 

3-тармақ «Әкімдік тарапынан құрылған жұмыс тобымен келесі материалдарды қарау:                                                                          

-жалданбалы жұмысшылар санын, жалақы қорын азайтып көрсеткен, бірақ тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан ірі айналымы бар және еңбек ақыны "конвертпен" беретін салық төлеушілерді анықтау;                                                                                                                  

 -құрылыс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, қоғамдық тамақтандыру салаларындағы бейресми жұмыспен қамтылуды анықтау». (101201,101202,103101)

Жауапты орындаушылар: Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша), ауданның кәсіпкерлік  және өнеркәсіп бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауданның  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі, ауданның ветеринария бөлімі, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық   аумақтық  инспекциясы (келісім бойынша), Ақтоғай аудандық орталық аурухана (келісім бойынша), кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері.

 

1.Ірі шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  басшыларымен  еңбекақыны көтеру  және «конвертпен еңбекақы төлеу» мәселесі бойынша жұмыс жүргізу.

Мемлекеттік кірістер басқармасы ірі айналымы бар шаруашылық субъектілерінің, қызмет көрсетулердің  аз көлемде еңбекақы төлеп отырған немесе салық есептілігінде  жалдамалы жұмыскерлер  санын көрсетпеген салық төлеушілер тізімін жасайды.  Жасақталған тізімді жұмыс тобының отырысына қарауға ұсынады. Жұмыс тобы  салық төлеушімен еңбекақыны көтеруге немесе   жалдамалы жұмыскерлер санын салық есептілігінде көрсетуге түсіндірме жұмысын жүргізеді. Әрі қарай Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушінің қосымша есептілік тапсыруын және салықтардың төленуін қадағалайды.

 2.Құрылыс жұмысымен айналысатын ұйымдардағы  тіркелмеген жалдамалы жұмысшыларды және төленген жалақыдан бюджетке салықтардың аударылмауын анықтау.

Ауданның экономика және қаржы бөлімі  және барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері 2016 жылғы  және тоқсан сайын  мемлекеттік кірістер басқармасына заңды тұлғаларға тендер жеңімпаздары ретінде жіберілген қаржы туралы және басқада бағдарламалардан мемлекеттік сатып алулар, жұмыстар  мен қызмет көрсетулер тізілімін тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 күніне жолдайды.

 Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері тізілімде жеңімпаз заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын, ЖСН,  бюджеттен мердігердің есеп шотына түскен қаржы көлемін, қаржының түскен күнін, орындалу мерзімі көрсетілген келісім-шарт нөмерін, еңбекақы қорын, жалдамалы жұмыскерлер саны туралы мәліметтерді көрсетеді.

 Ауданның экономика және қаржы бөлімі  бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне қаралған қаржы көлемі туралы ақпаратты жолдайды.

Әрі қарай Мемлекеттік кірістер басқармасы  құрылыс жұмысын жүргізген  салық төлемшінің салық есептілігін және еңбекақы қорын тапсырылған мәліметтермен салыстырады. Айырмашылық анықталған жағдайда салық төлемшіні Жұмыс тобының отырысына шақырып  салық төлеушімен еңбекақыны көтеруге немесе   жалдамалы жұмыскерлер санын салық есептілігінде көрсетуге түсіндірме жұмысын жүргізіп, отырыс қорытындысының хаттамасын Мемлекеттік кірістер басқармасына жолдайды. Әрі қарай Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушінің қосымша есептілік тапсыруын және салықтардың төленуін қадағалайды.

3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін заңды тұлғалар мен шаруа қожалықтарындағы тіркелмеген  жалдамалы жұмыскерлерді   тапсырылған  мәліметтерінмен салық есептілігін салыстыру.

Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері сәуір айынан бастап шаруа қожалықтарындағы және ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретіндер қажеттілігіне қарай жалдамалы жұмыскерлер санын, мал басының санын түрлеріне қарай ( ірі қара, ұсақ малдар,жылқы, шошқа, түйе) және егілетін өнім көлемін  жұмыс тобының отырысына  ұсынады. Жұмыс тобы нақты жұмыс көлеміне қарай жалдамалы жұмыскерлер санын анықтап ай сайын  15 шілдеден бастап Мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынады. Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлемші есептілігімен салыстырады, айырмашылық анықталған жағдайда  жұмыс тобының отырысына ұсынады. Салық төлемшіні Жұмыс тобының отырысына шақырып  салық төлеушімен еңбекақыны көтеруге немесе   жалдамалы жұмыскерлер санын салық есептілігінде көрсетуге түсіндірме жұмысын жүргізіп, отырыс қорытындысының хаттамасын Мемлекеттік кірістер басқармасына жолдайды. Әрі қарай Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушінің қосымша есептілік тапсыруын және салықтардың төленуін қадағалайды.

4. Мәдениет, туризм және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту орталығы тіркелмеген жалдамалы жұмысшыларды  анықтау.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Ақтоғай аудандық  орталық аурухана  Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 күніне  шетелден келген жұмыскерлер, әртістер  және уақытша бос жұмыс орынына сұраныс берген мекемелер туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер басқармасы жолдайды. Мәліметте заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын, ЖСН,    келісім бойынша қаржы көлемі, орындалу мерзімі көрсетілген келісім-шарт нөмерін, еңбекақы қорын, жалдамалы жұмыскерлер саны туралы мәліметтерді көрсетіледі. Мемлекеттік кірістер басқармасы келісім шартпен жалдамалы жұмыскер қабылдаған мекеменің салық есептілігімен салыстырады, айырмашылық анықталған жағдайда  жұмыс тобының отырысына ұсынады. Салық төлемшіні Жұмыс тобының отырысына шақырып  салық төлеушімен еңбекақыны көтеруге немесе жалдамалы жұмыскерлер санын салық есептілігінде көрсетуге түсіндірме жұмысын жүргізіп, отырыс қорытындысының хаттамасын Мемлекеттік кірістер басқармасына жолдайды. Әрі қарай Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушінің қосымша есептілік тапсыруын және салықтардың төленуін қадағалайды.

3-тармақ бойынша 200,0 мың теңге жоспарланған.

4-тармақ «Қоршаған ортаны қорғау  эмиссиясына  рұқсат ету құжаттарынсыз жүзеге асыратын (табиғатты пайдалану) немесе салық салу базасының көлемін кеміткен (жасырып қалған)  кәсіпкерлік субъектілерін анықтау».(105316)

Жауапты орындаушылар: Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері, Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

Эмиссияға салық төлеушілердің салықтық базасында ескерілмеген және салық декларациясында көрсетілмегендерді  анықтау, жаңадан енгізілген құрылыс  объектілеріне эмиссия бойынша рұқсат алушылармен жұмыс жүргізу және камералдық бақылау бойынша  қоршаған ортаға эмиссияның салық салу базасын есептеу үшін төлемақының  сәйкессіздіктерін анықтау.

4- тармаққа 300,0 мың теңге қаралған.

5-тармақ «Мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейдегі трансферттер қаржысын көрсете отырып инвестициялық жобалар бойынша тендер жеңімпаздарының мәліметтерін беру  және тендерлік өтінімдерінің көшірмелерін ұсыну (тіркеу нөмірін көрсете отырып, ЖСН-салық төлеушінің салық, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен алынған сомасы туралы)».  (101202,103101)                                                           

Жауапты орындаушылар:Ауданның барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері, Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы, Ақтоғай ауданының білім бөлімі, Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасы (келісім бойынша), ауданның экономика және қаржы бөлімі.

Ауданның экономика және қаржы бөлімі  және барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері 2016 жылғы  және тоқсан сайын  мемлекеттік кірістер басқармасына заңды тұлғаларға тендер жеңімпаздары ретінде жіберілген қаржы туралы және басқада бағдарламалардан мемлекеттік сатып алулар, жұмыстар  мен қызмет көрсетулер тізілімін тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 күніне жолдайды.

 Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері тізілімде жеңімпаз заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын, ЖСН,  бюджеттен мердігердің есеп шотына түскен қаржы көлемін, қаржының түскен күнін, орындалу мерзімі көрсетілген келісім-шарт нөмерін, еңбекақы қорын, жалдамалы жұмыскерлер саны туралы мәліметтерді көрсетеді.

 Ауданның экономика және қаржы бөлімі  бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне қаралған қаржы көлемі туралы ақпаратты жолдайды.

Мемлекеттік кірістер басқармасы алынған мәліметтерді  салық есептілігімен салыстырады айырмашылық анықталған  жағдайда салық төлемшіге  кемшілікті қалпына келтіруге хабарлама жібереді.

5- тармақ бойынша 350,0 мың теңге жоспарланған.

6-тармақ  «Жер учаскелерін мақсатты пайдаланбау фактілерін анықтау және оларды аудандық  жер қоры құрамына қайтару бойынша жұмыстар жүргізу». (105315, 104309)

Жауапты орындаушылар:  Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  (келісім бойынша), Ақтоғай ауданының  жер қатынастары,  сәулет   және қала құрылысы бөлімі, кент, ауыл, ауылдық  округ әкімдері.

Кент, ауыл, ауылдық  округтер бойынша ауданының  жер қатынастары,  сәулет   және қала құрылысы бөлімі  жер телімдерін мақсатқа  сай емес қолдану фактілерін анықтайды, жер телімін заңсыз қосып алулар бойынша анықталған мәліметтерді әр айдың 3 -күніне мемлекеттік кірістер басқармасына жолдайды. Мемлекеттік кірістер басқармасы алынған мәліметтерді  салық есептілігімен салыстырады айырмашылық анықталған  жағдайда салық төлемшіге  кемшілікті қалпына келтіруге хабарлама жібереді. Кемшілік қалпына келтірілмеген жағдайда Ақтоғай ауданының  жер қатынастары,  сәулет   және қала құрылысы бөлімі тарапынан жерді пайдаланушылардан жер телімдерін қайтарып алу жұмыстары жүргізіледі.

Аталған тармақ бойынша 200,0 мың теңге жоспарланған.   

7-тармақ «Кәсіпкерліктің қызмет көрсету саласында жаңадан ашылған  шағын және орта бизнес өкілдерінен түсетін салықтар мен төлемдер».  (101201,101202,103101)

Жауапты орындаушылар: Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасы (келісім бойынша),  ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі,  кент, ауыл,ауылдық округ әкімдері.

Ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі  Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жаңадан ашылған кәсіпорындар мен кәсіпкерлер туралы мәліметті  (атауы, ЖСН, кәсіпкерлік түрі, салық салу түрі және мекен жайы)  әр айдың 3-күніне ұсынады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы ұсынылған мәлімет бойынша салық төлеушілердің салық есептілігі мен салық төлемдеріне салыстыру актісін жүргізеді. Айырмашылық анықталған жағдайда салық төлемшіге кемшілікті қалпына келтіруге хабарлама жібереді.

7 тармаққа 19,0 мың теңге жоспарланған.

8-тармақ «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша салықтық базасында ескерілмеген және көрсетілмеген, салық рәсімінен өтпеген салық төлеушілерді анықтау, сондай-ақ тұрғын үй қорын қоса алғанда, жеке тұрғын үй құрылыстарын кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын тұрғын үй  қорынан шығарылмаған тұрғын үй қорын анықтау. Салық салынатын базаны төмендетуге жол берген салық төлеушілермен жұмыс».(104101)

Жауапты орындаушылар: Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  (келісім бойынша), Ақтоғай ауданының әділет басқармасы (келісім бойынша), Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль  жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы, ауданның кәсіпкерлік  және өнеркәсіп бөлімі,  кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері.

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша салық декларациясында  салықтық базасында ескерілмеген және көрсетілмеген  мүлік салығын анықтау.

Мемлекеттік кірістер басқармасында  мүлік салығының төлемшісі ретінде тіркелмеген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді анықтау.

 Камералдық тексеріс жүргізу арқылы заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығының есептілігі мен салық салу базасының сәйкессіздігін анықтау.

Ақтоғай ауданының әділет басқармасы Мемлекеттік кірістер басқармасына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 күніне  заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырған мәмілелер бойынша жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу  бағаларын көрсете отырып мәліметті жолдайды. Мемлекеттік кірістер басқармасы ұсынылған мәлімет бойынша салық төлеушілердің салық есептілігі мен салық төлемдеріне салыстыру актісін жүргізеді. Айырмашылық анықталған жағдайда салық төлемшіге кемшілікті қалпына келтіруге хабарлама жібереді.

 Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша салықтық базасының төмендетіліп тапсырылуын анықтау (негізгі мүліктерді қайта бағалау). Мемлекеттік кірістер басқармасы тапсырылған салық есептілігімен  өткен жылғы салық есептілігін салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Нысан бағасының төмендеуі анықталған жағдайда, салық төлемшінің  салық салу базасын төмендеткені жөнінде жұмыс тобына мәлімет жолдайды. Жұмыс тобының  салық төлеушімен әңгімелесудің оң  нәтижесі болған жағдайда, салық төлемші мүліктеріне қайта бағалау жүргізеді.

 Жеке тұрғын үй құрылыстарын тұрғын үй қорынан шығармай кәсіпкерлік мақсатқа пайдаланғандарды анықтау.

Ақтоғай ауданының  жер қатынастары,  сәулет   және қала құрылысы бөлімі Мемлекеттік кірістер басқармасына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 күніне  заңды және жеке тұлғалардың тұрғын үй қорынан кәсіпкерлік мақсатқа қайта жаңғыртылған және жаңадан іске қосылған жылжымайтын нысандар туралы мәліметті ұсынады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы ұсынылған мәлімет бойынша салық төлеушілердің салық есептілігін тексереді, айырмашылық анықталған жағдайда салық төлемшіге кемшілікті қалпына келтіруге хабарлама жібереді.

Аталған тармақ бойынша 3500,0 мың теңге жоспарланған.

9-тармақ «Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға беруден түсетін түсімдер (жекешелендіру)».(301102)

Жауапты орындаушылар: Кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, ауданның экономика және қаржы бөлімі.

Кент, ауыл, ауылдық округтердегі коммуналдық меншіктегі нысандарды  бәсекелестік ортаға беру (жеке кәсіпкерлерге сату).

9 тармақ бойынша жоспар қаралмаған, алайда  үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында  ауданның коммуналдық меншігіндегі мүліктерді сатудан 795,0 мың теңге Сарытерек ауылдық округі әкімі аппаратының балансындағы Парасат көшесі 20 үй мекен-жайы бойынша орналасқан бұрынғы дүкен ғимаратының бір бөлігін сатудан түскен түсім. Жеке тұлға М.Дауылбаева     тойхана - кафе ашу  мақсатында  сатып алды.

Кент, ауыл, ауылдық округтердегі коммуналдық меншіктегі нысандарды  бәсекелестік ортаға беру жұмыстары әлі де жалғаса береді.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

 

 

Ақтоғай ауданы әкімдігі жанынан құрылған жұмыс тобының отырысына

«Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджетке  қосымша кіріс көздерін іздестірудегі 

 іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізген жұмыстар  туралы   есеп беру кестесі.

 

р/с

Округтер

Әкімдері

Уәкілетті,атқарушы органдар

Басшылары

мерзімі

1

Ақтоғай 

Қ.Болғанбаев

Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және  өнеркәсіпбөлімі

С.Аубакиров

маусым

2

Шашубай 

Д.Исбеков

 Ақтоғай ауданының жер қатынастары,  сәулетжәне қала құрылысы бөлімі

Қ.Изақов

маусым

3

Сарышаған 

М.Әбикеев

Жергілікті полиция бөлімінің бастығы

полиция майоры (келісім бойынша)

А.Ганиоллин              

маусым

4

Ортадересін

Б.Саданов

ТҮКШ,ЖК,АЖ, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің

А.Нурахмет  

шілде

5

Тасарал

А.Смайлов

Ақтоғай аудандық  орталық аурухана

Ш.Естеков

шілде

6

Торанғалық

К.Ештанай

Ақтоғай ауданының әділет басқармасы (келісім бойынша)

Е.Әбеу

шілде

7

Қарабұлақ

Қ.Жортаров

Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі

А.Аманжолов

шілде

8

Абай

Н.Тойганбаев

Ақтоғай ауданының ауылшаруашылығыбөлімі

А.Жолдасов

тамыз

9

Айыртас

Қ.Бакиров

Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Р.Тусупбеков

тамыз

10

Қусақ

Д.Мукатай

Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі

А.Кішкентаев

тамыз

11

Сарытерек

Е.Бизақ

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

М.Онгаркулов

тамыз

12

Нүркен

Е.Абилдин

ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық    аумақтық  инспекция      (келісім бойынша)

М.Кулымжанов

тамыз

13

Қызыларай

Ш.Төлепбекова

Ақтоғай ауданының ветеринария  бөлімі

Қ.Бейсембаев

қыркүйек

14

Шабанбай би

Қ.Рысбеков

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі

Б.Тлеубергенов

қыркүйек

15

Қараменде би

Қ.Жанысбеков

 

 

қыркүйек

16

Кежек

М.Мәкенбаев

 

 

қыркүйек

17

Жидебай

М.Төлепбеков

 

 

қыркүйек

 

 

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы                                      Б.Тлеубергенов

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района