в актогае 9
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

«Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы «17» ___09___

№ 54/02

қаулысыменбекітілген

 

 

«Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1.Жалпы ережелер

 

1. «Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет берушілер).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметін көрсету нәтижесі:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі әке болуды анықтау туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік.

         Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураның (әрекет) басталуы үшін негіздеме «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11374 тіркелген «Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» (бұдан әрі – стандарт) Стандартының 9 тармағында қарастырылған қажетті құжаттар және өтініш негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс әрекеттер), орындау мерзімі:

1) көрсетілетін қызмет көрсетушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрстеу үшін өтініш және Стандарттың 9 тармағынмен көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап, көшірмелерін тексереді, көрсетілетін қызмет алушыға күні және уақыты көрсетілген және тіркелегені жөнінде ақпараты бар құжат береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

нәтиже - күні және уақыты көрсетілген және тіркелегені жөнінде ақпараты бар құжат;

2)қызмет көрсетушінің кеңсе маманы өтінішті басшыға жібереді – 30 (отыз) минут ішінде;

нәтиже - өтінішті және құжаттарды басшының қарауына жіберу;

3)қызмет көрсетушінің басшысы орындаушыны белгілейді, орындау үшін тиісті бұрыштама қояды – 30 (отыз) минут;

нәтиже – бұрыштама қойылады және орындаушыға жолданады;

4) көрсетілетін қызметті көрсетушінің жауапты орындаушысы өтінішті қойылған талаптарға сәйкестігін қарайды және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін, құжаттарды тапсырған сәттен бастап, дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні;

егер туу туралы жазулар актісі басқа аймақта болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші акт жазуларының көшірмесін талап етеді, осы кезде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік мерзімнен аспайтын уақытқа созылады және көрсетілетін қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік мерзім ішінде хабарланады;

азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу өтініші – 15 (он бес) күнтізбелік күн (қабылданған күн көрсетілетін мемлекеттік қызмет қарау мерзіміне кірмейді), басқа органдарға жүгіну қажет болған жағдайда, көрсетілетін мемлекеттік қызметті 30 (отыз) күнтізбелік мерзімнен аспайтын уақытқа созыладыжәне көрсетілетін қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік мерзім ішінде хабарланады;

нәтиже – көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесінің жобасын басшыға қол қоюға жібереді;

5) көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетушінің басшысы шешім қабылдайды және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесінің жобасына басшы қол қояды – 30 (отыз) минут;

нәтиже - қол қойылған көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесінің жобасы;

6) көрсетілетін мемлекеттік қызметтік көрсетушінің кеңсе маман көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін жеке тұлғаны куәләндіратын құжатты көрсетілгенде беріледі – 20 (жиырма) минут ішінде;

нәтиже - жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі әке болуды анықтау туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік беру болып табылады.

 

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үрдісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:

1) қызмет көрсетушінің басшысы;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы;

3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы.

7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызмет көрсетушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрстеу үшін өтініш және Стандарттың 9 тармағынмен көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап, көшірмелерін тексереді, көрсетілетін қызмет алушыға күні және уақыты көрсетілген және тіркелегені жөнінде ақпараты бар құжат береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы өтінішті басшыға жібереді – 30 (отыз) минут ішінде;

3) қызмет көрсетушінің басшысы орындаушыны белгілейді, орындау үшін тиісті бұрыштама қояды – 30 (отыз) минут;

4)көрсетілетін қызметті көрсетушінің жауапты орындаушысы өтінішті қойылған талаптарға сәйкестігін қарайды және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін, құжаттарды тапсырған сәттен бастап, дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні;

егер туу туралы жазулар актісі басқа аймақта болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші акт жазуларының көшірмесін талап етеді, осы кезде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік мерзімнен аспайтын уақытқа созылады және көрсетілетін қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік мерзім ішінде хабарланады;

азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу өтініші – 15 (он бес) күнтізбелік күн (қабылданған күн көрсетілетін мемлекеттік қызмет қарау мерзіміне кірмейді), басқа органдарға жүгіну қажет болған жағдайда, көрсетілетін мемлекеттік қызметті 30 (отыз) күнтізбелік мерзімнен аспайтын уақытқа созыладыжәне көрсетілетін қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік мерзім ішінде хабарланады;

5)көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші басшысы шешім қабылдайды және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесінің жобасын басшы қол қояды – 30 (отыз) минут;

6)көрсетілетін мемлекеттік қызметтік көрсетушінің кеңсе маман көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін жеке тұлғаны куәләндіратын құжатты көрсетілгенде беріледі – 20 (жиырма) минут ішінде.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет тәртібін толық сипаты «Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген.

 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

9. Стандартқа сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызмет Республикалық мемлекеттік ұйымы шаруашылық құқығында жүргізетін «Қарағанды облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы және электронды үкімет веб-порталы www.egov.kz » арқылы көрсетілмейді.

 

 

Көрсетілетін қызметті алушы

құжаттарын қарау, жауапты орындаушыны белгілеу

 (30 минут ішінде)

 

Көрсетілетін қызметті алушы

Қызмет көрсетушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті алушы

өтінішті және Стандарттың 9 тармағымен көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды

 (20 минут ішінде)

 

Өтініш

Қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы

 

1) әкелікті анықтауды тіркеу – 2 жұмыс күн ішінде

2) азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу өтініші – 15 (он бес) күнтізбелік күн

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесіне басшы қол қояды

 (30 минут)

Азаматтық хал актілері жазбалары жағдайы туралы куәлік беру (20 минут ішінде)

 

«Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде

азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер,

толықтырулар мен түзетулер енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің

1 қосымшасы

 

«Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің бизнес-процесстер анықтамалығы

 

Белгілеу шарты:

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтің басталуы және аяқталуы;

- мемлекеттік қызметі алушының немесе ҚФБ рәсімінің (іс-әрекетінің) атауы;

- талдау нұсқасы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға)өту.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района