в актогае 5
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
Мобильная версия

Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы

 

                                                                                                                ЖОБА

 

 

Аудандық коммуналдық мүлікті

иеліктен шығару түрлерін таңдау

бойынша критерийлерді анықтау

туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9тамыздағы №920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.     Осықаулығы қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған аудандық

коммуналдық мүлікті (бұдан әрі – Объект) иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын.

2.     Осы  қаулының  орындалуын  бақылау аудан әкімінің орынбасары

Қ.Қошантаевқа жүктелсін.

         3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                 М.С. Әбеуова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

                                                                                 2016 жылғы «__» ________

 №__________қаулысына

қосымша

 

Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер

 

№ р/с

Критерийлер атауы

Иеліктен айыру түрлері

1.

Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды).
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

сауда - саттықты аукцион нысанында
өткізу
 

2.

Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.
Объектінібарыншажоғарыықтималбағаменсатуқажеттілігі.

сауда - саттықтыкоммерциялық тендер нысанындаөткізу
 

3.

Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.

тікелейатаулысатылым
 

4.

Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

сауда - саттықты қор биржасында өткізу
 
 

5.

Жекешелендіру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнінде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі. Конкурсты жекешелендіру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын қаржы кеңесшісінің қатысуымен өткізу қажеттілігі.

екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс
 
 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района