в актогае 23
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы қорытынды есебі

Өнеркәсіп 

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемінің орындаласы 34 млрд. 001,8 млн. теңге, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (42 млрд 754,8 млн. теңге) 79,5%, нақты көлем индексі 101,6%.

Ауыл шаруашылығы

      Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 15 млрд. 840,8 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (14 млрд 756,2 млн. теңге) 107,4%, нақты көлем индексі 102,3%.

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 10194,0 тонна, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9884,5 тонна) немесе  103,1%, сүт өндіру 32540,1 тоннаны немесе (31503,4 тонна) 103,3 %, тауық жұмыртқасы 2215,8 мың дананы немесе (2061,3 мың дана) 107,5% өскен.

2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басының өсуі байқалады. Ірі қара 48411 бастан 51438 басқа немесе 106,3%, қой-ешкі 99943 бастан 100632 басқа немесе 100,7%, жылқы саны 21648 бастан 25309 басқа немесе 116,9 %, құс 20331 бастан 20529 басқа немесе 101,0 % құрады.

         Инвестиция

Есепті мерзімде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9 млрд 672,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (6 млрд 549,8 млн. теңге) 147,7% , нақты көлем индексі 137,7%.

Тұрғын үй құрылысы

Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 210,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (6 млрд 629,5 млн. теңге), салыстырғанда 63,5%. Нақты көлем индексі 60,5%.

Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5859 шаршы метр, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4934 ш.м.)  118,7%.

          Қаржы саласы

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен салық түсімдерінің көлемі 1691,3 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен 111,3 % (1519,6) құрады. Есепті мерзімдегі орындалысы 108,6 %  .

          Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1278 бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1204  субъекті) 106,1% өскен.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 1227,6 млн. теңге немесе 2017 жылдың сәйкес мерзімімен (1144,1 млн. теңге) салыстырғанда 107,3% өскен,нақты көлем индексі 100,8%.

Әлеуметтік сала

Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 298 адам, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (61 адам) 488,5 % көбейген.

Жұмысқа орналастырылғандар саны 908 адам, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (706 адам)28,6 % өскен.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 193 адам, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (181 адам) 6,6 % өскен.

Қайта даярлау курсында оқитындар 65 адам, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (142 адам)  45,8%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 174 адам /30 отбасы/, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (22 адам) 790,9%.

Денсаулық саласы

Аудан бойынша 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 17,21 немесе 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (17,28)  0,4% азайған.

Өлім коэффициенті 8,07 немесе 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7,67) 5,2% өскен.

Нәресте өлімі тіркелмеген .

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 648 немесе аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 80% қамтылып отыр.

Білім саласы бойынша оқушылар саны 2860, компьютер паркі 811 компьютерді құрады. 1 компьютерге 4,1 оқушыдан келеді.

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша есепті мерзімде тіркелген қылмыс саны 121, бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен (122) 0,8%  азайған.

Қылмыстарды ашу деңгейі 83,3 %.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района