в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

«Парасыз болашаққа. Бірге!» атты мобильдік топ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 5-ші және Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 13 қадамын орындау мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы орындалуы барысында Аудан әкімінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №132ө «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру және құқық бұзушылықтардың барлық нысандарына «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты мобильдік тобын құру туралы» өкім қабылданды. Осы мобильдік топқа аудандық «Нұр Отан» партия филиалынан, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан, аудандық қоғамдық кеңестен, аудан әкімдігінен, бұқаралық ақпарат құралдары аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінен, білім бөлімі және аудандық кәсіпкерлер палатасынан қызметкерлері топ мүшесі ретінде кірді.

Мобильдік топтың басты мақсаты, ауылдың еңбек ұжымдарына және халыққа сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы ақпаратты жеткізу. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - барлық қоғаммен, әр азаматтың ісі екеніне назар аударту. Аталған шара бойынша мобильдік топ мүшелері Ақтоғай ауданына қарасты кестеге сәйкес Сарытерек, Жидебай, Кежек ауылдық округтерінің халқымен кездесулер өткізілді.

Аудан әкімі аппаратының іс – әрекетінің басым бағыттарының бірі:

- сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды тудыратын себептер мен жағдайларды жою және алдын алу;

- Мемлекеттік қызметкерлердің және халықтың білімін арттыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын  насихаттау;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шараларының ашықтығы болып табылады.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района