в актогае 8
USD 379.86
EUR 422.97
RUB 5.85
Мобильная версия

Бөлімнің жарты жылдық жұмыстарының орындалысы

 

Ақтоғай ауданы бойынша диагностикалық зерттеулер:  Ірі қара мал алты айлық жоспары   23500, орындалғаны  30638 бас 130%, ИФА жоспары 2860 орындалғаны 3730 бас 130%, ұсақ мүйізді малдың алты айлық жоспары  63711, орындалғаны  77491 бас  122%, алты ай көлемінде бруцеллезге оң нәтиже берген  286 бас ірі қара және 51 бас ұсақ мал анықталып ветеринариялық санитарлық талаптары бойынша жойылды. Қараменде би ауылдық округінде 2018 жылдың 20 маусымдағы ауылдық округінің әкімінің №02 шешімімен шектеу алынды. Бруцеллез ауруын алдын алу мақсатында аудандық «Тоқырауын тыныс» газетіне екі (23.02.2018 ж № 9.06.04.2018 ж № 15) мақала жарияланды.

 Профилактикалық іс шараларды жүргізу: Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығы бойынша «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасын орындау мақсатында,  екпе  жұмыстары жасалды. Алты айлық жоспары аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша: құтыру ІҚМ 1000, құтыру жылқы 200, құтыру ит 200, сібір жарасы ІҚМ 30500, сібір жарасы ҰММ 58300,  сібір жарасы жылқы 9400,  сібір жарасы шошқа 50, сібір жарасы түйе 150,  қарасан ІҚМ 12600, эхинококоз ит 900, пастереллез ІҚМ 3500, туберкулез ІҚМ 8760, құс тұмауы 8500, жылқы маңқасы 400,  вирусты диарея 400, ринотрахит 400, жылқы сақауы 6000 басқа  егіліп  жұмыстары  жоспарға сай толық 100% орындалды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру. Аудан бойынша алты айлық орындалысы жоспар бойынша:  ІҚМ 8634,  орындалғаны 14926 бас 173%, ҰММ 44043 орындалғаны 46541 бас 106%, жылқы  4317  орындалғаны 2317 бас 54%, шошқа 35 бастан  орындалғаны 54 бас 154%, түйе 106 бастан орындалғаны  106 бас 100 % болып отыр.

Мал қорымдары.  Ауданның  2 кент, 15 ауылдық округінде  6 мал қорымдары типтік (Нүркен, Қусақ, Қызыларай, Ақтоғай, Жидебай, Қарабұлақ) негізде салынған.    

Биылғы жылға Сарытерек және Шабанбай би ауылдық округтеріне мал қорымын салуға 18 000 000 теңге қаржы бөлініп, салу жұмыстары ұйымдасытырылып жатыр.   

Алдағы жылда мал қорымын салуға, жобалық сметалық құжаттарын және сараптамасын жасауға, Жидебай ауылдық округіне қарасты  Жалаңаш елді мекеніне және Кежек ауылдық округіне - 2 386 000 (екі миллион үш жүз сексен алты мың) теңге бөлініп, құжаттары рәсімделу үстінде.

Мал сою алаңдары. Аудан бойынша  9 ауылдық округте Нүркен, Ақтоғай, Ортадересін, Қараменде би, Қызыларай, Сарытерек, Тасарал Қарабұлақ(2), Шабанбай би(2) 11 мал сою алаңы бар. Аудан көлемінде 6 ауылдық округте Жидебай, Кежек, Айыртас, Абай, Қусақ, Тораңғалық, 2 кентте Шашубай, Сарышаған  барлығы 8 жерде  мал сою алаңдары қажет етеді.

 Биылғы жылы Шабанбай би округінде «Әлихан», Сарытерек округінде «Сарытерек өнімдері», Абай округінде «Алаш-Агро» ауылшаруашылық тұтыну кооперативтері құрылған, олар модульді мал сою пункттерін алып, іске қосуды жоспарлануда.

Актоғай ауылына «Әлихан» ауылшаруашылық тұтыну кооперативтері құрылған, олар модульді мал сою пунктін салып, құжаттары толық дайын болғаннан кейін іске қосылады.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района