в актогае 25
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
Мобильная версия

«Жұмыс тобының» атқарылған жұмыстары жөнінде (03.07.2018)

       Жер қатынастары саласындағы заңсыздықтарды анықтап алдын алу, шара қолдану үшін ұсыныс жасау мақсатында аудан әкімінің өкімімен (20.02.2017 жыл №22 Ө) құрылған «жұмыс тобы» ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында белгіленген алгоритм бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізді.

      Ауылдық округ орталықтарында жер пайдаланушыларымен кездесулер өткізіп жер заңнамасында болған өзгерістермен таныстырды.

    Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына ауылшаруашылық жерлерін тиімсіз пайдаланған 4 пайдаланушының құжаттарын ұсынып нәтижесінде салық мөлшерлемесін он есе көтеріп төлету шарасы қолданылып отыр. Олар:

  1. Айыртас а/о – «Мерей» ш/қ жетекшісі Аманкулов Е. - 6421 га
  2. Ортадересін а/о – «Дархан» ш/қ жетекшісі -  Жантулаков Т. – 1989 га
  3. Ортадерсін а/о – «Азамат-К» ЖШС-гі Абилдин Е. – 51278 га
  4. Нүркен а/о – «Бабатай» ш/қ – Копбаев И. – 28313 га

    «Жұмыс тобынын» ұсынысымен облыстық ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен (№3514-17-00-2/4687. 20 қараша 2017 жыл) Жидебай а/о «Самат» ш/қ жетекшісі Ержанова Г - 315 га а/ш жер телімі ауданның жер қорына қайтарылды.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района