в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Жоба Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік нысанына және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квотасы белгіленсін:

1) 1-қосымшаға сәйкес бас бостандығының айыру орындарынан босатылған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

2)  2-қосымшаға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1%-дан бастап 3%-ға  дейінгі мөлшерде;

3) 3-қосымшаға сәйкес ауыр жұмыстарға, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарға орындарын есепке алмағанда, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде мүгедектер үшін 2 пайыз мөлшерде.

2.Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 6 маусымдағы №25/01 «Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4831 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 25 маусымда, 2018 жылғы 6  шілдеде №28 (7658) «Тоқырауын тынысы» газетінде жариланған) күші жойылды деп танылсын.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Аманжоловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                             С.Әбеуова

 

                                                                           1 қосымша

                                                                  Ақтоғай ауданы әкімдігінің

                                                                    «__»_____ 2019  жыл

                                                                  №______қаулысына

 

 

Бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

 

 

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

1

1

2

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

143

1

1

 

2 қосымша

                                                                  Ақтоғай ауданы әкімдігінің

                                                                  «__»_____ 2019  жыл

                                                                  №______қаулысына

 

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

3

2

2

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

143

1

1

3

«Тоқырауын су жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

62

3

 

2

 

 

3 қосымша

                                                                  Ақтоғай ауданы әкімдігінің

                                                                  «__»_____ 2019  жыл

                                                                  №______қаулысына

 

 

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

 

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

143

1

1

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района