в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

2017 жыл бойынша «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері жергілікті деңгейде көрсетіледі.

Қызмет көрсетуші болып «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ болып табылады (бұдан әрі – Қызмет көрсетуші).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауданның халықты жұмыспен қамту орталығын қоса есептегенде 2017 жылдың шілде айына дейін 19 мемлекеттік  қызметтер түрі көрсетілді. 2017 жылдың шілде айынан бастап «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілен қызмет түрі алынып тасталып 18 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде 3 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және 15 қызмет түрі қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі. 18 мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

7 мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз түрде, 11 мемлекеттік көрсетілетін қызмет – қағаз және (немесе) электрондық  түрде көрсетіледі. 18 мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға көретіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 18 стандарты мен 18 регламенті бекітілген.

(Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі 1-қосымшада көрсетілген)

2.     Көрсетілетін қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты Ақтоғай ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан – aktogay.gov.kz интернет-ресурсында, «электрондық үкімет» веб-порталында» – www.egov.kz, сондай-ақ қызмет көрсетуші қызметкерінің 2-10-70, 2-14-16, 2-10-43 телефоны арқылы және бірыңғай байланыс орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары жөнінде: 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен  бекітілген.

2017 жылда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  сапасын арттыру, стандарттар мен регламенттердің бұзылуына жол бермеу мақсатында әр ай сайын бөлім қызметкерлерімен құқықтық оқу өткізіледі.  

Аталған кезеңде жалпы 2201 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде:

Мемлекеттік мекеме арқылы қағаз жүзінде баламасыз түрде – 165,

Мемлекеттік мекеме арқылы қағаз жүзінде баламалы түрде – 1886,

Мемлекеттік корпорация арқылы –  150,

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша:

 

1. «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - 68

2. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін  қызметі бойынша - 6

3. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - 260

4. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 8

5. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - 14

6. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - 788

7. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0

8. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - 53

9. "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - 18

10. "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - 38

11. "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 7

12. "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - 10

13. «Жұмыс іздеуші азаматтарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 240

14. «Жұмыс іздеуші азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 174

15. «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 26

16. «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0

17. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 141

18. "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" – 5

19. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы - 343

3.     Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процесстерін жетілдіру қызметі

«Бір терезе» қағидасын орындау мақсатында мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілуі бақылауда. Мемлекеттік қызметтерді алуды оңтайландыру мақсатында бөлімнің күту залында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылды, бұнда қызметалушылар әр-түрлі электрондық қызметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш бере алады.

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района