в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік нысанына және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квотасы белгіленсін:

1) 1-қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

2) 2-қосымшаға сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1%-дан бастап 3%-ға дейінгі мөлшерде;

3) 3-қосымшаға сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде мүгедектер үшін 3 пайыз мөлшерде.

2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 маусымдағы № 25/01 «Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4831 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 03 шілдеде электрондық түрде, 2018 жылдың 06 шілдеде № 28 (7658) «Тоқырауын тынысы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                С.Абеуова

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района