в актогае 13
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
Мобильная версия

Қоғамдық тыңдаулар өткізу ережесі

   1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобаларды, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияларға  рұқсаттар алу үшін I және II санат объектілеріне әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын (бұдан әрі - жоспарлардың жобалары) талқылау мақсатында қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді.
      2. Ереже қоршаған ортаның жай-күйі туралы шынайы және толық ақпаратты уақытылы алуға және жұртшылықтың экологиялық мәні бар шешімдер қабылдау процесіне қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қоғамдық ұйымдарының конституциялық құқығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделген.
      3. Осы Ережелерде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) жұртшылық - бір немесе бірден астам жеке немесе заңды тұлға, олардың ассоциациялары, ұйымдары немесе топтары, қоғамдық бірлестіктер;
      2) мүдделі жұртшылық - олардың мүддесі қоршаған ортаға байланысатын мәселелер жөніндегі шешімдер қабылдау процесімен қозғалатын немесе қозғалу мүмкін, немесе осы процесске мүдделік бар жұртшылық;
      3) қоғамдық тыңдаулар - қоғамдық талқылауды міндетті өткізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Экологиялық кодекстің талаптарына және басқа да заңнамалық акттарын сәйкес экологиялық мәні бар шешімдерді жария талқылау үшін ашық отырыстарды өткізу арқылы мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдау процессінде қатысуға жұртшылықтың құқықтарын іске асыру нысандардың бірі;
      бұл қоршаған ортаның жай-күйіне кері әсер етуі мүмкін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеру мақсатында оны анықтау рәсімі;
      4) тапсырыс беруші - көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің бастамашысы;
      5) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешенін қамтитын құжат;
      6) оны іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жоба - көзделіп отырған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы.
      4. Қоғамдық тыңдауларға үш параметрдің біреуін, атап айтқанда: әсердің мөлшерін, кезеңін және қарқындылығын ескере отырып іске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін көзделіп отырған шаруашылық қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттаманың қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары жіберіледі.
      5. Қоғамдық тыңдаулар талқыланатын мәселеге қатысы бар және құпиялы мәліметтері жоқ құжаттамалық ақпаратты зерделеу негізінде талқыланатын мәселе бойынша барлығы үшін тең өзінің дәлелді пікірін айтудың құқығын көздейді.
      6. Қоғамдық тыңдаулардың қатысушылары:
      1) мүдделі жұртшылық;
      2) қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктер;
      3) талқыланатын шешімдерді қабылдау құзыретіне жататын жергілікті атқарушы және өкілетті органдар, мемлекеттік органдар;
      4) бұқаралық ақпараттар құралдары (бұдан әрі - БАҚ) болып табылады.
      7. Жобаларды және (немесе) жоспарларының жобаларын талқылау жөніндегі қоғамдық тыңдауларды (аумағында жұмыстар жүргізу жоспарланып отырған) жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады.
      8. Тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органдармен (олардың аумағында жұмыстар жүргізу жоспарланып отырған) қоғамдық тыңдауларды өткізу уақыты мен орнын алдын ала келіседі және БАҚ-та қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарламаны жариялайды. Хабарламаларды жариялау мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жүзеге асырылуы тиіс.
      Хабарлама жергілікті атқарушы органдардың интернет-қорында да орналастырылады.
      Тапсырыс беруші жұртшылықты ақпараттандырудың тәсілдерін (ақпараттық парақтар, стендтер, жеке хабарламалар) қосымша пайдалана алады.
      9. Хабарландыруда:
      1) қоғамдық тыңдалымның өткізілу орны, күні, уақыты;
      2) Қоғамдық тыңдалымға шығарылған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы немесе жоспарланған қызмет түрі (жоба);
      3) қоғам өкілдерінің жоба материалдарымен қағаз түріндегі танысуға мүмкін болатын орнының мекенжайы;
      4) материалдардың электрондық нұсқада орналастырылған Интернет-қорының мекенжайы;
      5) Интернет-қоры болмаған жағдайда материалдарды электрондық нұсқада сұрауға болатын электрондық почтаның мекенжайы көрсетіледі;
      6) ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық мекенжай.
      10. Оларды іске асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер ететін жобаларды және (немесе) жоспарлардың жобалары бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру туралы ресми хабарлау күнінен бастап тапсырыс беруші жұртшылық өкілдерінің жоғарыдағы жобаларға қолжетімділігін, қағаз немесе электрондық түрдегі ескертулер мен ұсыныстар қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз етеді.

   2. Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі

      11. Қоғамдық тыңдаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті аумақтық бөлімше органдарының қатысуымен өткізіледі.
      12. Қоғамдық тыңдаулар күні белгіленген уақытта және белгіленген орында тыңдауларға қатысушыларды тіркеу өткізіледі (тыңдаулар басталардан 15-30 минут бұрын).
      13. Қоғамдық тыңдауларды жергілікті атқарушы органның өкілі ашады.
      Қатысушылардың көпшілік дауысымен күн тәртібі, регламент бекітіледі және төраға мен хатшы сайланады.
      14. Жобалар және (немесе) жоспарлардың жобалары туралы тапсырыс беруші өкілдерінің баяндамалары тыңдалады.
      Баяндамада мына ақпараттар болуы қажет:
      қоғамдық тыңдалымға шығарылған жобалар бойынша жоба шешімі немесе мүмкін шешімдер сипаттамасы туралы;
      қоғамдық тыңдалымға шығарылған жоба бойынша шешімдер қабылдауға немесе эмиссияға рұқсат беру шеңберінде қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жобасын қарастырушы мемлекеттік органдар туралы;
      аталған қызмет түрін қоршаған ортаға әсер бағасының ұлттық немесе трансшекаралық рәсіммен қамту.
      15. Тыңдауларда белгіленген регламентке сәйкес тілек білдіргендердің барлығына сөз сөйлеуге және баяндамашыларға сұрақтар қою құқығы ұсынылады. Баяндамашылар жұртшылық өкілдерінің сұрақтарына жауап береді.
      16. Тапсырыс беруші баяндамаларды, сұрақтарды, жауаптарды және сөз сөйлеулерді жазу мен жинақтауды ұйымдастырады. БАҚ ресми өкілдері дыбыс және бейне жазбаларды орындау кезінде тыңдауларға қатысушылардың барлығын хабардар етеді.
      17. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері жоба және (немесе) жоспарлардың жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен (бұдан әрі - қоғамдық тыңдаулар хаттамасы) ресімделеді, оған төраға мен хатшы қол қояды. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасының жобалардың нәтижелері жөніндегі бір данасы жергілікті атқарушы органдарға, жоспарлардың жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 71-бабының 3-тармағына сәйкес рұқсат беретін органға беріледі.
      Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы осы Ережелер Қосымшасына сәйкес форма бойынша құрылады.
      18. Қоғамдық тыңдалым өткізілген күннен кейін бес жұмыс күннің кешіктірілмей жергілікті атқарушы органның Интернет-қорында қоғамдық тыңдалым нәтижелері бойынша Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы жарияланады.
      19. Қоғамдық тыңдалымға қатысқан жұртшылық Қоғамдық тыңдаулар хаттамасын орналастырғаннан кейінгі жеті күнтізбелік күннің ішінде Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы мазмұны бойынша ескертулер мен ұсыныстарын қоғамдық тыңдалымды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға жолдауға құқылы.
      Қоғамның өтініштері Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы" Заңына сәйкес қарастырылады.
      20. Қоғамның өтініші негізінде, жергілікті атқарушы орган қоғамдық тыңдалым Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына сәйкесінше түзетулер енгізеді немесе қабылдамау себептерін көрсете отырып бас тартады.
      Қоғамдық тыңдалымның өзгертілген Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы осы Ереженің 18-тармағында қарастырылған тәртіп және мерзімде жарияланады.
      21. Қоғам жергілікті атқарушы органның берген жауабына келіспеген жағдайда, жауап алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сотқа шағымдануына құқылы.
      22. Тапсырыс беруші қоғамдық тыңдаулардың нәтижелеріне талдау жасайды және қоғамдық пікірді ескере отырып, жобаларды және (немесе) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларын жетілдіру туралы шешім қабылдайды.
      23. Белгіленген уақытта және орнына келген мүдделі жұртшылық өкілдері қатысқанда қоғамдық тыңдаулар өткізілді деп танылады.
      24. Қоғамдық тыңдалым өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Ережеде белгіленген тәртіпке сәйкес, қоғамдық тыңдалымды қайта өткізеді. Осы Ереженің 8-тармағына сәйкес, хабарландыруды жариялау барысында қоғамдық тыңдалымның қайталануы туралы көрсетіледі, ал хабарландыру қоғамдық тыңдалымға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей жарияланады.

Қоғамдық тыңдалымды өткізу
Ережелеріне қосымша  

Форма

___________________________ жоба және (немесе)
жоспар жобасы бойынша қоғамдық тыңдалымдар хаттамасы

      Өткізу күні ________________
      Өткізу орны ______________________

      Қоғамдық тыңдалымдар ____________________________________
      (жергілікті атқарушы орган) ұйымдастырылады.

      Қоғамдық тыңдалымдар өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа
      __________________________________________________________
      (ақпараттандыруға пайдаланылған құралдарды көрсету, мысалы,
БАҚ атауы және жариялау күндері) арқылы жеткізіледі

      Қатысқандар:_______________________________________________
      (негізгі қатысушылар санаты немесе хаттамаға қосымша ретінде
барлық қатысушылардың толық тізбесін ұсыну)

      Тыңдалымның күн тәртібі:_____________________________________
      (күн тәртібіндегі негізгі тармақтар және оларға қарастырылған
уақыт шеңберлері)

      Сөз сөйлеушілер:_____________________________________________
      (сөз сөйлеушілердің тізбесі, олардың шығуының және тақырыбы мен
баяндамаларының негізгі мәні, шығуларының және баяндамаларының мәтіні
болған жағдайда оларды хаттамаға қосымша ретінде қосу).

      Қоғамдық өкілдерінің ұсыныстары мен ескерту мәселелері:
      ______________________________________________________________
      (сұрақтың және жауаптың мазмұндамасы, мақсатты топқа немесе
ұйым атынан шығып отырған тұлғаларға ұсыныстары мен ескертулері;
жазбаша көлемді ұсыныстары мен ескертулері бар хаттарды ұсыну кезінде
оларды хаттамаға қосымша ретінде енгізу)

      Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:
      ______________________________________________________________
      (Есепті талап ететін ескертулер және ұсыныстардың (болуы
(болмауы), болған жағдайда қалай есептелетіндігі; принциптік
келіспеушіліктер болған жағдайда (болмауы) жұртшылықтың пікірі есебі
бойынша болашақтағы жұмыстың қалай ұйымдастырылатындығы).

      Тыңдалым төрағасы:___________________ (аты-жөні, қолы)
      Тыңдалым хатшысы:____________________ (аты-жөні, қолы)

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района