в актогае 15
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

(04.03.2019) Ақтоғай ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-1 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Е-R-4 санаты үшін: білімі жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресс тұрақтылығы, бастамашылық, жауапкершілік, қызмет тұтынушысына бағдар беру және оны ақпараттандыру, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешімдер қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-3 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынандай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамшылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару және шешім қабылдау,көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын сәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

      Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық жалақысы:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-1

142461

192366

         Е-R-4

73288

99105

E-G-3

       69957

      94109

 

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ (100200,  Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, А.Бөкейхан көшесі, 4 үй;  анықтама телефоны: 8(710-37) 2-12-65; факс: 2-12-33; электрондық пошта: Aktogay_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1.  «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы (E-R-1 санаты, № 3-1, 1 бірлік) 

         Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, басқарады және бөлімнің өз міндеттерін және функцияларын орындауға дербес жауап береді. Мекеменің қаржы, кадр мәселесін шешу, материалдық-техникалық базасын нығайтуды қаматамасыз етеді. Тиісті заңдылықтарға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін тағайындап, босатады.        Ауданның тұрғын үй комиссиясының жұмысын жүргізіп, заңдылықтарға сәйкес тұрғын үй бөлу жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттік тұрғын-үй қорының сақталуын, сумен жабдықтау, су бөлу жүйесінің, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық қызметін қамтамасыз етеді. Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын ұйымдастырады. КМК-дың қаржылық экономикалық сауықтыру жұмыстарына басшылық жасау. Мемлекеттік сатып алуға тендерлер өткізу. Коммуналдық төлемдер тарифтерін жасау және қорғау.   Аудандағы коммуналдық қызмет салаларына байланысты бағдарламалар жасап, оларды жүзеге асырады. Жылу беру, электр энергиясы, байланыс, жол қатынастарын реттеуге байланысты жұмыстарды үйлестіреді.    Түрлі объектілердегі құрылыстардың жүргізілуін бақылау. Тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының жүзеге асырылуын қадағалау. Азаматтардың өтініштерін қарауды және жеке қабылдауды  жүзеге асырады.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, көлік, көліктік техника және технологиялар, машина құру технологиясы), “Қызмет көрсету” мамандықтары бойынша (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).

 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан– 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 

  1. «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-інің бас маманы(E-R-4 санаты, №01-2-2, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Жергілікті деңгейдегі жолдарды ұстау және жөндеу, қайта құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды ұйымдастырып өткізеді. Жергілікті деңгейдегі жолдардың құрылысы, жөндеуі және күтімі бойынша жұмыстар ұйымдастырады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарына байланысты сметалық–қаржылық есептердің дұрыс құрылуына және жасалуына бақылау жасау және құру. Бюджеттік өтінімдердің сметалық – қаржылық есептеулерін әзірлеу, өткізу. Кент ішілік, аудан ішілік және қала аралық жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру, аудан аралық және қала аралық жолаушыларды тасымалдау қызметіне берілетін субсидия құжаттарын рәсімдеу, жолаушылар мен багажды тұрақты аудандық, аудан маңындағы тасымалдауларды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау. Түрлі объектілердегі құрылыстардың, кешенді және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуін бақылау. Бірыңғай диспетчерлік қызметке мониторинг жүргізу, уақытылы есебін беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары «Техникалық ғылымдар және технологиялар» технологиялық машиналар және жабдықтар мамандықтары бойынша салалар (көлік, көліктік техника және технологиялар), “қызмет көрсету” мамандықтары бойынша (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру). Жұмыс өтілі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) көлікті пайдалану” мамандықтары бойынша (жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастыру, көтергіш көлік, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану) бойынша білімі барларға рұқсат етіледі;

Қазақстан Республикасының  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Ақтоғай аулының әкімі аппараты” ММ-нің бас маманы (Е-G-3 санаты, №1-1-6, 1 бірлік)

         Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есебі мен мекемедегі есептілігінің тиімді ұйымдастыруын қамтамасыз етеді, мекеменің қызметі туралы бухгалтерлік ақпараттық толық және сенімді уақытында ұсынады және қалыптастырады, оның мүліктік жағдайы, табыс және шығыс жөнінде жағдайы, сонымен қатар, шаралардың өндеуі мен жүзеге асыруының қаражат тәртібін бекітілуге бағытталған жұмыстарды қамтамасыздандырады. Мүліктердің есебін, міндеттер мен шаруашылық операцияларын тауарлы-материалды құндылықтарын және ақшалай құжаттарын ұйымдастырады, бухгалтерлік есеп операциясының шотының кезінде шағылысуы, олардың қозғалысымен ұштастырып, өндірістік шығындарын және айналысын есептеп, шығыс жоба қаржының орындалуы, өнімдерді жүзеге асыруын жұмыстың орындалуын мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесінің орындалуын, сонымен қатар қаражаттық есептік және несиелік операцияларды ұйымдастырады. Құжаттардың заңды, уақытында және дұрыс ресімдеуін, орындалатын жұмысты жалақы жөнінде есептеуін дұрыс есептеу және салық ақшасын аударуын әлеуметтік және зейнеткерлік шығаруын қамтамасыздандырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша білімге рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде  «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде  конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________               

__________________________________________________________________                    

________                                           ____________________________________

(қолы)                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

     «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района