в актогае 5
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
Мобильная версия

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

 

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

v   нысан бойынша өтініш;

v  көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке

басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

v егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

v егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама.

v  жұмыс орнынан берілген мінездеме;

v  2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);

v егер некеде тұрмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының некеде тұрмағандығы нотариалды расталған анықтама;

v бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

v  балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері;

v осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардан баланың (балалардың) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы берілген анықтама;

v баланың (балалардың) оқу орнынан анықтама.

Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың туу туралы куәлігі, баланың оқу орнынан анықтама, балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттарды (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) ұсыну талап етілмейді.

 

         Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 30 (отыз) күнтізбелік күн.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер қабылдау

 және нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жүргізіледі.

2). Ақтоғай селосы, Нарманбет көшесі, 6А мекенжайы бойынша 1 қабатта орналасқан «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ № 3 кабинеті,  дүйсенбі – жұма күндері, сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00 -14.30 дейін.

Жұмыс телефоны: (871037) 30144

3. «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы: www.egov.kz

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района